Profile

MyUPGRADE – Ережелер мен шарттар


1. Төмендегі ережелер мен шарттар (бұдан әрі «Ережелер мен шарттар») сіздің («жолаушы», «сіз») заңды мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатская көшесі 4A болып табылатын «Эйр Астана» әуекомпаниясына (бұдан әрі «әуекомпания», «Эйр Астана», «біз») бастапқы сатып алынған эконом-класс билетін бизнес-класқа жоғарылату мүмкіндігін алу (бұдан әрі «класты жоғарылату» немесе «MyUPGRADE») үшін жасаған ұсынысыңызға (бұдан әрі «Ұсыныс») қатысты қолданылады.

2. Жасыңыз кем дегенде 18-ге толып, жасалған шарттар аясында өзіңізге міндет алу құқығына ие болуыңыз керек. Сіз ұсыныста көрсетілген немесе онда қамтылған тұлғалар атынан әрекет ету және оларды аталған Ережелер мен шарттарды орындауға міндеттеу құқығына иесіз деп саналатын болады.

3. Жолаушылар «Эйр Астана» әуе компаниясының 465 нөмірлі құжатында берілген, сатып алынған билетке сай бір сапарға тек бір Ұсыныс жасай алады. Ұсыныс әрқашан кредиттік карта арқылы жасалып, төленуі тиіс. Класты жоғарылату ұсынысына қатысты ең аз/ең көп сомалар қолданылады.

4. Бір Ұсыныс ондағы барлық жолаушыларды қоса алғанда, бір брондау үшін жасалуы мүмкін. Егер қызмет көрсету класын жоғарылату тек белгілі бір жолаушыларға қажет болса, онда жолаушыларды билетті сатып алу орнына хабарласып, брондау кезінде бөлу қажет.

5. Егер «Эйр Астана» әуекомпаниясына брондалған, «Эйр Астана» немесе делдал арқылы рәсімделіп, «Эйр Астана» компаниясына жіберілген Ұсынысыңыз, Ұсыныста көрсетілген тұлғаға немесе тұлғаларға осы Ережелер мен шарттарды есепке ала отырып, класты жоғарылату үшін қарастырылу құқығын береді.

6. «Эйр Астана» әуекомпаниясы сіздің Ұсынысыңызды қабылдау немесе қабылдамау жайлы ұйғарымды өзі жасайды, ол Ұсыныс жасалған сәйкес класта орынның болуына тәуелсіз қандай да бір жолаушыға қызмет көрсету класын жоғарылатады деп кепілдік бермейді.

7. Сізге жіберілген электрондық хабарламада көрсетілген гиперсілтемені пайдалана отырып, Ұсынысты қайта қарауға немесе одан бас тартуға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ сұрауыңыз ұшуға кем дегенде 7 сағат қалғанға дейін және сіздің ұсыныңыз әлі қабыл болмаса жіберілуі тиіс. Осыдан соң Ұсынысыңыз қабылданса, заңдық тұрғыда Ұсынысыңызда көрсетілген соманы төлеуге міндеттісіз.

8. Осы Ережелер мен шарттарды сақтау арқылы жасалған Ұсыныс «Эйр Астана» әуекомпаниясына ұсынылған сәттен бастап жарамды деп танылады («Жарамды ұсыныс»), әрі бұндай Ұсыныстың жарамдылық мерзімі жоспарланған ұшу күні және уақытында аяқталады немесе сапар шегерілген жағдайда, әуе кемесінің есігі ұшу үшін жабылған сәттен бастап аяқталады. Ұсынысыңыздан бас тартсаңыз, ол бұдан әрі Жарамды ұсыныс болып саналмайды.

9. Егер «Эйр Астана» әуе компаниясы қандай да бір себеппен (сіздің өз міндеттеріңізді орындамағаныңыздан бөлек) сізді басқа рейске ауыстырса, сіздің бастапқы брондаған рейске қатысты жасаған кез келген Ұсынысыңыз жаңа рейске немесе жоғарылатылған класта орын болған жағдайда, жаңа рейстерге ауыстырылуы тиіс.

10. «Эйр Астана» әуекомпаниясы сіздің Ұсынысыңызды Жарамдыдық мерзімінің кез келген уақыты ішінде қабылдауы мүмкін. Егер «Эйр Астана» әуе компаниясы Ұсынысыңызды қабылдаса, кредиттік картаңыздан Ұсыныс қабылданған бетте толық сома алынады және «Эйр Астана» бастапқы бронда қамтылған әр жолаушы үшін кластың жоғарылатылғаны көрсетілген жаңа билет шығарады. Төленуге тиісті жалпы сома класс жоғарылатылған жағдайда қолданылатын барлық тиісті салықтар мен алымдарды (егер ондайлар бар болса) қамтиды. Төленуге тиісті жалпы сома сізге Ұсынысыңызды жіберуіңізге дейін хабарланады. «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұсынған класты жоғарылату қызметі тек Тарифтерді қолдану ережесіне және біздің Тасымалдау шартымызға сай өзгертіле немесе кейінге қалдырыла алады.

11. Сіздің кредиттік картаңыздан ақша алынған жағдайда, «Эйр Астана» атымен көрсетілуі мүмкін. Сіз кредиттік картаның үзінді көшірмесінде «Эйр Астана» атауының көрсетілуіне байланысты кредиттік картадан қаражаттың шешілуіне қатысты шағым жасамайтыныңызды және қарсы шықпайтыныңызды растап, келісесіз.

12. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Ұсынысыңызды қабылдаған соң, кредиттік карта арқылы төленген сома қайтарылмайды, кері аударылмайды немесе айырбасталмайды. Тек келесі жағдайларда ерекше ережелер қолданылады:

- Сіздің Ұсынысыңыз қабылданған және класы жоғарылатылған рейс орындалмайтын болып, «Эйр Астана» әуекомпаниясы сізді басқа рейске, бірақ бастапқы бронь класына ауыстырған жағдайда, класты жоғарылату үшін төленген сома осы мақсатта қолданылған төлем картасына қайтарылады. Бұдан соң «Эйр Астана» әуекомпаниясы сіздің алдыңыздағы міндеттерінен құтылған болып есептеледі.
- Ұсынысыңыз қабылданып, сізге класты жоғарылату қызметі ұсынылды, бірақ сізге «Эйр Астана» әуекомпаниясы тарапынан туындаған себептерге байланысты (соның ішінде жабдықтардың өзгеруіне байланысты, түйісетін рейстің кешігуі себепті сіз класы жоғарылатылған түйісу сапарына үлгермей қалдыңызға байланысты) жоғарылатылған класта орын ұсынылмаған жағдайда (бірақ, сіздің әрекетіңізге қатысты себептер, мысалы, рейсті ауыстыру немесе оған кешігіп келуіңіз есепке алынбайды).

Сіз Тарифтерді қолдану ережесі және/немесе Тасымалдау шартымызға сай қаражатты қайтаруға немесе айырбастауға құқылысыз.

13. Қаражаттың қайтарылуы мақұлданған жағдайда олар класты жоғарылату үшін төлем жасалған валютада аударылады. Бұндай қайтару сомасы класты жоғарылату үшін төленген сомамен шектеледі, бірақ ешбір банк комиссиясы өтелмейді. Қаржы сіздің шотыңызға әдетте 10 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

14. Бастапқы сатып алынған билеттерге қатысты тарифтерді қолдану шарттары күшінде қалады және олар сіздің Ұсынысыңыз қабылданып, қызмет класы жоғарылатылған күнде де қолданылады. Бұндай шарттарға, басқа да шарттармен қатар, билетті қайтару, ауыстыру үшін алынатын айыппұлдар және жиі ұшатын жолаушылар үшін берілетін ұпайларды есептеу ережелері кіреді.

15. Жолаушы билетін ауыстырған жағдайда, әуекомпанияның қызмет класын жоғарылату бойынша стандартты саясатына сай және бастапқы сатып алған билет класына қолданылатын тарифке қатысты саясаттар мен шарттарға сай қызмет көрсету класын жоғарылатылату үшін төлем жасамаған болса, «Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушыға жоғары кластан орын ұсынуға міндетті емес.

16. «Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушыларға Ұсынысы қабылданып, билет класы жоғарылатылған жағдайда, белгілі бір орынды ұсынуға кепілдік бермейді.

17. MyUPGRADE қызмет класын жоғарылату бағдарламасы тек «Эйр Астана» әуекомпаниясының екі әріпті кодымен (КС) брондалған рейстеріне қолданылады. Ешбір код-шерингілік рейс («Эйр Астана» әуе компаниясы сатып, басқа әуекомпания орындайтын немесе керісінше) аталған бағдарламаға қатыспайды.

18. Nomad Club ұпайлары жолаушыға бастапқы брондалған эконом-класс билеті мен бронь класы бойынша есептеледі.

19. Егер сіздің Ұсынысыңыз қабылданып, кредиттік картаңыздан аталған Ұсыныс үшін сома алынып, бірақ класты жоғарылату қызметі ұсынылмаса, соманы қайтару туралы өтініш бере аласыз. Сұрауыңызда қарастырылатын рейстің бастапқы отырғызу талоны болуы тиіс. Егер сіз қарастырылған рейске отырғызу талонының тұпнұсқасын ұсына алмасаңыз, «Эйр Астана» әуе компаниясы қызмет класын жоғарылату үшін төленген соманы қайтаруға міндетті емес.

20. «Эйр Астана» әуекомпаниясы осы Ережелер мен шарттарға өзгерістер енгізу және оны басқаша етіп өзгерту құқығына ие. Алдыңғы сөйлемде қарастырылғаннан бөлек, осы Ережелер мен шарттарға ешбір түзету енгізу, өзгерту немесе одан бас тарту «Эйр Астана» әуе компаниясы үшін міндетті болып табылмайды; олай болу үшін жазбаша түрде рәсімделіп, «Эйр Астана» компаниясының өкілетті тұлғасы қол қоюы тиіс.

21. Аталған Ережелер мен шарттар «Эйр Астана» компаниясының Тасымал шартымен, Веб-сайтты қолдану шартымен, Құпиялылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатымен бірге қаралуы тиіс, олармен airastana.com сайтында таныса аласыз.

«Эйр Астана» әуе компаниясының қандай да бір құқығын жүзеге асырмауы болашақта ондай құқықтарды қолданудан бас тартуы немесе одан босатылуы ретінде қарастырылмауы тиіс және сіздің де сондай әрекеттерге қатысты міндеттеріңіз болашақта толық күшінде қалады.