Nomad Club ережелері мен шарттары

 

1. Кіріспе

Nomad Club «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолаушыларды ынталандыру бағдарламасы болып табылады. Nomad Club бағдарламасының мүшелері «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерімен ұшқандары үшін және бағдарлама серіктес компаниялардың қызметтерін пайдаланғаны үшін ұпай жинайды. Ұпайлар тегін ұшу мүмкіндігі немесе қызмет көрсету класын жоғарлату марапатына алмастырылады. 

Nomad Club бағдарламасына қатысу үшін, төмендегі ережелер мен шарттарымен танысқаныңыз жөн. Қатысушы бағдарламаға тіркелген кезде, Интернет арқылы «Жіберу» пернесін баса отырып, бағдарлама ережелері мен шарттарымен танысып, келісетіндігін растайды.

2. Бағдарламаға қатысу

  1. Бағдарламаға екі жасқа толған кез келген жолаушы қатыса алады. Кәмелетке толмаған (16 жастан төмен) қатысушы беретін өтінішке ата-аналарының бірі немесе ресми қамқоршысы қол қояды. Бағдарламаға отбасылар, топтар, компаниялар, трестілер, өкімет департаменттері, агенттіктердің, тағы басқа мекемелердің қатысуына тыйым салынады.

  2. Жергілікті заңдар мен шектеулерге сәйкес, қатысушы толығымен толтырылған өтінішке қол қойса, кез келген мемлекет резидентіне қатысуға рұқсат беріледі. Форма толықтай толтырылмаған жағдайда, «Эйр Астана» өтінішті жоюға немесе қатысушыдан толық ақпаратты сұрауға құқылы. «Эйр Астана» қатысу туралы кез келген өтінішті қабылдамауға құқылы.

  3. Мүшелікке өтініш «Эйр Астанаға» мүшенің жеке ақпаратын сақтау және өңдеу, сондай-ақ түрлі зерттеулер, маркетинг, тұтынушыға қызмет көрсету және ақпаратпен алмасу үшін қажет етіледі. Заңдар негізінде талап етілген жағдайда ғана, бұл ақпарат, мүшеге хабарлануынсыз немесе хабарлануымен, үкімет органдарына берілуі мүмкін.

  4. Мүшелер өз ақпаратын өзгерту үшін жазбаша түрде өтініш жасап немесе онлайн тәртібінде кез келген уақытта өзі өзгертуі мүмкін. Мүшелер Nomad Club-қа дұрыс телефон нөмірі, мекенжайы, электрондық пошталарымен қамтамасыз етулері қажет және мұндай ақпаратқа өздері жауапты. Егер мүшенің мекенжайы қате болған жағдайда және соның кесірінен, марапат немесе басқа қажетті ақпарат материалдары жеткізілмей қалған жағдайда, «Эйр Астана» жауапкершіліктен босатылады. Мүшенің аты немесе тегінің өзгеруі бағдарламада қабылданады, бірақ оған дәлел ретінде төлнұсқа заң құжаттары талап етіледі.

  5. Әрбір мүше тек бір мүшелік нөмірге ие бола алады. Бірнеше адамдардың бір мүшелік нөмірге немесе бір адамның бірнеше мүшелік нөмірге ие болуы мүмкін емес. Егер бір мүше бірнеше мүшелік нөмірге ие болған жағдайда, «Эйр Астана» екі нөмірдің біреуін жабуға/жоюға құқығы бар.

  6. «Эйр Астана» мүшелікті тоқтатуға және мүше келеңсіз жағдай туғызып, бұзықтық көрсетсе немесе Ережелер мен Шарттарға бағынбайтын болса, мүшелік карточкааны немесе марапаттарды дұрыс пайдаланбайтын болса, барлық жиналған ұпайларды жоюға құқығы бар. Мүше барлық жасаған зақымдарға, дау және соған байланысты орын алған шығындарға жауапты.

  7. Мүшелер өз мүшелігін жазбаша түрде өтініш жазу арқылы кез келген уақытта тоқтатулары мүмкін. Мүшелікті тоқтатқан мезеттен бастап, барлық жиналған ұпайлар жойылады.

  8. Nomad Club мүше қаза болғаны туралы хабарлауын алатын болса, мүшелікті тоқтатады және жиналған ұпайларды жояды. Ерекше жағдайда, Nomad Club жаратылмаған ұпайларды жақын туысының шотына аударуы мүмкін. Ол үшін дәлел ретінде туыстық құжаттардың түпнұсқалары талап етіледі.

3. Мүшелік карточка

  1. Тұрақты мүшелік карта мүшеге, мүше есеп-шотында бірінші ұшу жасалғаны туралы ақпарат тіркелгеннен соң, 2-4 апта ішінде пошта арқылы жіберіледі. Бұл картаны картада жазылған тұлға ғана пайдалана алады. Nomad Club картасы кредиттік, дебет немесе АТМ картасы болып табылмайды. Карта тек «Эйр Астана» меншігі болып табылады және талап етілген жағдайда «Эйр Астанаға» қайтарылуы тиіс. «Эйр Астана» кез келген уақытта мүшені анықтау үшін немесе ұпайларды шоттан алу үшін мүше картасын ұсынуды талап етуге құқылы.
  2. Тұрақты карта жіберілмес бұрын, мүшелер уақытша картаны пайдалана алады. Ол өтініш қағаздан қиып алынады немесе он-лайн тәртібінде тіркелген жағдайда «Эйр Астана» веб-сайтынан компьютер арқылы басып шығарылады. Мүше аты уақытша картаның арнайы ақ бағанында жазылмаған болса, жарамсыз болып саналады.
  3. Nomad Club күміс және алтын дәрежелі мүшелік карталарында пайдалану мерзімі көрсетіледі және осы уақыт аралығында Элит мүшесі ретінде қосымша түрлі артықшылықтарға ие екендігін білдіреді (6-шы тарауды қараңыз, Nomad Club-тың Элит Дәрежелері және Артықшылықтары).
  4. Егер мүшелік карта жоғалған немесе ұрланған жағдайда мүшелер бұл жөнінде міндетті түрде Nomad Club Қолдау Орталығына хабарлауы тиіс. Карта бірінші рет ауыстырылса тегін жасалады. Алайда екінші немесе келесі бірнеше ауыстыруларға «Эйр Астана» төлемақы тағайындауы мүмкін.

4. Ұпай жинау

Nomad Club бағдарламасындағы жинау бірлігі – үпай. Ұшу ұпайлары «Эйр Астана» рейстерімен ұшқан үшін беріледі. Бонус ұпайлары бағдарлама серіктестерінің қызметін пайдаланғаны үшін, сонымен қатар, әуекомпанияның рейстерімен ұшқаны үшін және арнайы ұсыныстары бойынша да беріледі.

a) «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерімен ұшқан үшін берілетін ұпайлар

Қазақстан ішіндегі бағыттар бойынша тұрақты ұшу ұпайлары беріледі. Олар бір бағыттағы сапарға негізделіген және ұшу бағыты мен сатып алынған және әуебилетінде көрсетілген билет класына сай есептеледі:

* V, M брондау кластары бойынша ұпайлар жинау 2018 жылдың 01 наурызынан жарамды.

Ескерту: Бизнес-класс кейбір ішкі бағыттарда болмауы мүмкін.  

Халықаралық бағыт басқа бағыттарды қамтыса, бірақ рейс нөмірі өзгермесе, ұшу ұпайлары ұшып шығу нүктесінен соңғы бару нүктесі арасындағы арақашықтық пен сатып алынған және әуебилетінде көрсетілген класс бойынша есептеледі.    

 Тариф түрлері  Брондау классы  Ұпай саналу коэфициенті
 Бизнес  J C D Z  x 1.5
 Жатын эконом  W  x 1.25
 Толық эконом  Y  x 1.25
 Эконом  B H K L  x 1.0
 Жеңілдетілген эконом  T Q S V E P M  x 0.5
  1. Ұшып шығу нүктесі мен соңғы бару нүктесі арасындағы қашықтық бір қаладан екінші қалаға дейінгі миля өлшеу бірлігмен өлшенгендегі қашықтық болып табылады (Ticketed Point Mileage). Бұл өлшем Халықаралық Әуе Көлік Ассоциациясымен (IATA) жарияланады және кейде жаңартылып отырады. Кейде есеп-шотқа есептелген ұпайлар басып шығарылған Nomad Club материалдарында көрсетілген ұпайлар санына сәйкес келмейді. Бұл Халықаралық Әуе Көлік Ассоциациясының (IATA) сол кезге миля өлшеу бірлігімен өлшенетін қашықтықты жаңадан жариялағандығын білдіреді.

  2. Халықаралық бағыт аялдаманы қамтыса немесе рейс нөмірін өзгертсе, ішкі бағыт үшін берілетін ұшу ұпайлары жоғарыда көрсетілген 4 тарау/а/1- ге сәйкес есептеледі. Халықаралық бағыт халықаралық аялдаманы қамтыса, ұшу ұпайлары халықаралық ережелерге сай, 4 тарау/а/2-де көрсетілгендей есептеледі.

  3. «Эйр Астана» әуекомпаниясының тұрақты кестелерінде енгізілген барлық ұшу бағыттарында рейс нөмірі мен тасымалдаушы коды (КС) әуе билетінде көрсетілген жағдайда, сонымен қатар рейсті атқаратын компания «Эйр Астана» әуекомпаниясы есептелген жағдайда мүшелер ұпайларды жинай алады.

  4. Орындалмай қалған ұшулар үшін ұпайлар берілмейді. Рейс өзегертілген жағдайда немесе ұшуды «Эйр Астана» әуекомпаниясының бастамасы бойынша, өзге серіктес әуекомпания жүзеге асырса, ұпайлар алғаш «Эйр Астана» рейсіне сатып алынған және әуебилетте көрсетілген бағыт пен брондау классы бойынша есептеледі.

  5. Қатысушылар Nomad Club ұпайларын және ұшу сегменттерін тек рұқсат етілген әуебилеттер бойынша ғана жинай алады. Марапат, тегін, жүлде, арзандатылған немесе серіктес компаниялар үшін арнайы тағайындалған жеңілдік, әуекомпания қызметкеріне тағайындалған жеңілдік, туристік агенттік/индустрия жеңілдіктері, нәресте әуебилеті, G класында брондалған топ әуебилеттері және тағы басқа соған ұқсас арнайы әуебилеттер үшін ұпайлар мен ұшу сегменттері тағайындалмайды. Мына кластар бойынша ұпайлар, ұшу сегменттері есептелмейді: I, R, U, X, N, G, W, O.

  6. Қызмет көрсетілу класын жоғарлату марапаты үшін ұпайлар алғашында брондалған әуебилеті бойынша тағайындалады.

  7. Ұпайлар, әуебилетін кім сатып алғанына қарамастан, әуебилетінде көрсетілген тұлғаға ғана тағайындалады. Сатып алынған, бірақ пайдалынылмаған әуебилеті үшін ұпайлар тағайындалмайды.

  8. Бизнес-класында (J,C,D,Z) ұшқаны үшін қосымша 50%, толық эконом-класында (Y) ұшқаны үшін қосымша 25% қызмет көрсетілу класы бонусы ретінде ұпайлар тағайындалады. Бұл қызмет көрсетілу класы бонусы ұпайлары мүшенің элит мүшесі ретінде өсуі үшін беріледі. (6-шы тарауды қараңыз, Nomad Club-тың Элит Дәрежелері және Артықшылықтары).

  9. Егер ұшу бірнеше ынталандыру бағдарламаларын қамтыса, ұпайлар соның ішіндегі тек бір бағдарлама үшін тағайындалады. Тіркеу жасалғаннан кейін, ұпайлар үшін таңдалған бағдарлама өзгертіле алмайды.

  10. Қатысушылар бағдарламаға тіркелгенге дейін соңғы 12 ай ішінде ұшқан ұшулары үшін ұпайларын қайтара алады, бірақ ұшу күнінен бастап 12 айдан аспауы тиіс.

  11. «Эйр Астана» бағдарламаның ұпай жинау ережелері мен шарттарын, онымен қоса ұпай жинау дәрежелерін және рұқсат етілген брондау класын өзгертуге құқылы. «Эйр Астана» есеп-шотқа қате есептелген ұпайларды шегеруге құқылы.

ә) Бағдарлама серіктестерінің қызметтерін пайдаланған үшін берілетін ұпайлар

  1. Nomad Club мүшелері ұпайларды Nomad Club серіктес компаниялардың қызметі мен тауарларын тұтынғандары үшін жинай алады. Мұндай ұпайлар Nomad Club және серіктес компания арасында жасалған келісім-шартқа сай есептеледі. Әр серіктес компания бойынша өзіндік ұпай жинау жүйесі бар ерекше келісім-шарт жасалады және ол өзгеруі мүмкін.

  2. Серіктес компаниялардың тізімі мен келісім-шарт ережелері жөнінде Серіктестер бөлімінен немесе Nomad Club Қолдау Орталығына хабарласу арқылы біле аласыз.

  3. Серіктес компаниялар арқылы жиналған ұпайлар бонус ұпайлары болып табылады және мүшенің Элит квалификациясының өсуіне ықпал етпейді. (6-шы тарауды қараңыз, Nomad Club-тың Элит Дәрежелері және Артықшылықтары).

  4. «Эйр Астана» серіктес компаниясының бүлінген тауары немесе көрсеткен қызметі үшін жауап бермейді.

б) Ұпай жарамдылығы

  1. 2015 жылғы 01 шілдеге дейінгі әрбір жиналған балдың әрекет ету мерзімі ұшақпен ұшқан сәттен бастап немесе бағдарлама серіктестіктерінен алынған бонустық бал болған жағдайда, мәміле жасалған сәттен бастап 24 айды құрайды. 2015 жылғы 01 шілдеден бастап жиналған балдың әрекет ету мерзімі ұшақпен ұшқан сәттен бастап немесе бағдарлама серіктестіктерінен алынған бонустық бал болған жағдайда, мәміле жасалған сәттен бастап 36 айды құрайды.

  2.  Арнайы жарнамалық ұпайлар немесе серіктес компаниялары арқылы жиналған ұпайлар ұшу ұпайлары ретінде қарастырылмайды және олардың ұзартылуына әсер етпейді.

  3. 24 ай өткеннен кейін пайдаланылмаған ұпайлар есеп-шоттан жойылады. Ұпайлар бір рет жойылғаннан кейін орнына келтірілмейді.

Nomad Club ұпайларын жинау

в) Ұпайларды қадағалау

  1. Ұпайлар мүше -шотына автоматты түрде түсіп отырады. Бағдарлама мүшесі өзінің мүшелік нөмірін әуебилетін брондау кезінде үнемі көрсетуі қажет. Туристік агенттікте брондау кезінде, мүшелер Nomad Club мүшелері екендігін айтуы керек.
  2. Мүшелер өз мүшелік нөмірлерін рейске тіркелу кезінде көрсетулері қажет. Бұл әуебилетін брондау кезінде көрсетілсе де, тағы қажет етіледі.
  3. Мүше ұшқандығы үшін берілген ұпайлар есеп-шотта көрсетілмегенше өз әуебилеті көшірмесін, отырғызу талонының түпнұсқасын сақтауы қажет.
  4. Серіктес компаниялардың қызметтері мен тауарларын пайдалану үшін берілетін бонус ұпайларды шотқа жинау үшін, олардың қызметтерін пайдаланған кезде әрдайым мүшелік картаны көрсету қажет. Қызметті пайдаланғандығы немесе тауарды сатып алғандығын куәландыратын құжатты, ұпайлар есеп-шотқа саналмай қалған жағдайда көрсету үшін, сақтап қойған жөн.
  5. Ұпайларды шотқа түсіру, ұшу ұпайлары үшін 4 (төрт) апта, бонус ұпайлары үшін 8 аптаға дейін қажет етеді.
  6. Жеке шоттағы балансты Іс-әрекеттерді шолу бөлімінен тексерген жөн. Бұл қызмет парольмен қорғалған.

г) Шот көшірмесі

  1. Бағдарлама мүшелері соңғы рет алған шот кезеңінен бергі шоттарда өзгерістер болған жағдайда, шот көшірмелерін ай сайын алып тұрады.
  2. Шот көшірмесі мүшеге өзі қалаған тәсілмен жеткізіледі. Мүше шотты жеткізу тәсілін интернет арқылы интернет-профайлына кез келген уақытта кіріп немесе Nomad Club Қолдау Орталығына телефон соғуы арқылы өзгертуіне болады.
  3. Егер ұпайлар шотқа қате саналса, мүше, шот қағазын алғаннан бері 3 (үш) айдың ішінде Nomad Club Қолдау Орталығына міндетті түрде хабарласуы қажет. «Эйр Астана» ұпайларды қате саналғандығы туралы шешімді қабылдауға құқылы және мүшенің жеке шотын, қате саналған ұпайлардың кесірінен, дұрыстау үшін, мүшеден түрлі дәлелдеме құжаттарын талап етуі мүмкін. Есеп-шоттағы барлық жаңа еңгізулер мен өзгерістер келесі шотта көрсетіледі.

д) Есептелмеген ұпайлар

  1. Ұпайлар өз ретімен дұрыс саналып отырылуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалады. Алайда, егер ұпайлар есеп-шотқа саналмай қалған жағдайда қатысушы ұпайларды веб-сайт арқылы орнына келтіре алады. 
  2. Есептелмей қалған ұпайларды ұшудан кейін 12 ай ішінде қайтаруға болады.
  3. Есеп-шотқа түскен ұпайлар келесі есеп-шот көшірмесінде көрсетіледі. «Эйр Астана» қажет еткен барлық құжаттарды сақтайды. 
  4. «Эйр Астана» жауапкершілігі ұпайларды тек расталған транзакциялар бойынша есептеумен шектеледі. «Эйр Астана» есептелмеген ұпайлардың қалай және қаншасы есеп-шотқа есептелу керектігі жөніндегі шешімді өзі қабылдауға құқылы.

5. Марапаттарды жарату

a) Негізгі ережелер

  1. Марапатқа қажет ұпай санын жинаған мүше Nomad Club марапатына ие бола алады. Марапат тегін әуе билеті немесе қызмет көрсету класын эконом-класынан бизнес-класқа алмастыру түрінде беріледі.
  2. Барлық марапаттар тек «Эйр Астана» жүйелі рейстері бойынша беріледі. Код-шер келісім-шарт бойынша орындалатын рейстер бойынша және қаржыландырылған (субсидиялық) бағыттар бойынша марапат алу мүмкін емес.
  3. Марапатқа қажет ұпай саны арнайы марапат кестесінде көрсетілген. Егер марапат балаға (2 жастан асқан) тағайындалса, қажет етілген ұпай саны ересек адамға сай талап етіледі. Егер бала 2 жастан кем болса, онда марапатқа ие болған жолаушымен бірге тегін сапар шегеді. Сәби жасы саяхат бойы 2 жастан аспауы тиіс. Кәмелетке толған марапаты бар бір жолаушымен екі жасқа толмаған бір ғана бала тегін сапар шеге алады.
  4. Марапатқа қажет ұпай саны барып-қайту жолына көрсетілген. Егер марапат бір жақ жолға ғана керек болса, онда осы бағыт бойынша ұпайлардың тең жартысы қажет етіледі.
  5. Қызмет көрсету класы марапаты тек бір бағыт бойынша ұшуға беріледі. Мұндай марапат рұқсат етілген брондау класы бойынша ғана беріледі.
  6. Қызмет көрсету класы марапаты Y, B, H, K, L, T, Q, S, V, E, P, M брондау кластары бойынша рұқсат етіледі. Осыдан басқа кластар бойынша мұндай марапатқа тапсырыс беру мүмкін емес. Мұндай марапатқа тапсырыс беру үшін эконом-класс әуебилеті сатып алынып қойылуы қажет.
  7. Кез келген марапат үшін тапсырыс ұшуға дейін кемінде 3 күн бұрын жасалынуы тиіс.
  8. Егер бағдарлама мүшесі рейске келмей қалса, ол 3000 ұпай немесе 5000 теңге көлеміндегі айыппұлды төлеп, марапат ұшу билетінің күнін өзгерте алады. Егер жартылай пайдаланылған марапат бойынша екінші ұшу сегментінің күні өтіп кеткен болса, ұшу күнін өзгерту мүмкін емес.
  9. Сіздің қалаған марапатыңызға тапсырысыңыз расталғаннан кейін, Nomad Club агенттері марапатыңызды қалай және қайдан алуыңызға болатынын хабарлайды. Марапат ұшу билетін «Эйр Астана» сату кеңселерінен алуға болады. Әдетте марапатқа тапсырыстар ұшу күндеріне байланысты кезекпен қарастырылады, бірақ кем дегенде ұшуға 5 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей жасалады.
  10. Ұшу марапаты әуебилеті жазылып берілген кезде, барлық қосымша алымдар мен төлемдерді мүше өзі төлеуі қажет.
  11. Мүше ұшу марапатына қажет ұпай санының жеткілікті екендігіне көз жеткізуі қажет. Егер ұпай саны жеткіліксіз болса, марапатқа тапсырыс беру мүмкін емес.
  12. Ұшу марапаты тек расталған болуы қажет. Ұшу марапаты «ашық ұшып шығу күні», күту тізімі немесе расталмаған әуебилеті мәртебесі бойынша жазылып берілмейді.
  13. Егер мүше ұшу марапаты бойынша рейске келмей қалса, ол белгілі бір сома төлеп, ұшуын өзгерте алады.
  14. Туристік агенттік ұшу марапатын брондай алмайды және оны жазып бере алмайды.
  15. «Эйр Астана» өз қарауынша ұшу марапатына қажет ұпай санын өзгерте алады, белгілі бар марапатты шақырып алуға немесе белгілі бір ұшу марапатына шектеулер қоюға құқылы.

ә) Марапаттың болу мүмкіндігі

  1. Ұшу марапаттарына мезгілдік шектеулер жоқ. Алайда, әуекомпания ұшу марапаты орындарын кез келген ұшу бағыты және қызмет көрсету кластары бойынша шектеуге құқылы. Сондықтан, сатуға орындар болғанмен, Nomad Club марапат орындары болмауы ықтимал. Сұраныс жоғары бағыттар бойынша ұшу марапатына тапсырысты алдын ала берген жөн.

б) Марапатты өзге тұлғаға тапсыру мүмкіндігі

  1. Nomad Club марапатын, брондау кезінде, мүшемен марапат иегері ретінде танылған кез келген адам ала алады. Егер ұшу марапаты жазылып берілген болса, оны қайта басқа адамға жазып беруге болмайды және марапат иегерінің атын өзгертуге болмайды.
  2. Марапат әуебилетін өзге тұлғаға тапсыру үшін «Эйр Астана» сайтына кіріп, Nomad Club бөлімінде енгізілген «марапатты өзге тұлғаға тапсыру» арнайы формасын толтырып, Nomad Club Қолдау Орталығына жіберу қажет.
  3. Марапатты өзге тұлғаға тапсыру өтінішін өткізбес бұрын сіз өзіңіз қалаған ұшу марапатын таңдап алып, ұпай санының жеткілікті екендігіне көз жеткізуіңіз қажет.
  4. Кез келген марапат үшін тапсырыс ұшуға дейін кемінде 5 күн бұрын жасалынуы тиіс.
  5. Қызмет көрсету класын жоғарылату марапаты өзге тұлғаға тапсырылуы мүмкін.
  6. Марапатты басқа біреуге тапсыру өтінішін өткізу үшін, формадағы барлық бос бағандарды толтыруыңыз қажет.
  7. Марапатты өзге тұлғаға тапсыру өтініші Nomad Club мүшесі мен жолаушының паспорт көшірмелері болған жағдайда ғана жарамды.
  8. Марапатты өзге тұлғаға тапсыру өтініші, формада көрсетілген мекенжай бойынша немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі.
  9. Nomad Club марапатын сатуға, ауыстыруға, сатып алуға немесе ақшаға айырбастауға болмайды. Егер жоғарыда айтылған себептер дәлелденген болса, «Эйр Астана» жолаушыны тасымалдаудан бас тартады, әуебилетін тәркілейді, және осы марапат үшін алынған мүшенің ұпай шотын жабады. Жабылған шоттағы барлық жарамды ұпайлар жарамсызданады.

в) Марапаттың өзге шарттары

  1. Аялдама
    Егер таңдаған ұшу бағыты бойынша әуекомпания тікелей рейсін ұсынбайтын болса және осыған байланыста басқа жерде тоқтауды қажет етсе, марапат ұшуы бойынша бір аялдама («стоповер») рұқсат етіледі. Аялдама 24 сағаттан аспауы қажет. Қызмет көрсету класын жоғарлату марапаты бойынша ұшу аялдамалары бірінші жазылып берілген әуебилетке сәйкес болады.
  2. Жер учаскесін қамтитын әуебилеті
    Егер екі қала бір ұшу зоналарында орналасқан болса, жер учаскесін қамтитын әуебилетін алуға рұқсат етіледі (жолаушы бір қаладан ұшып шығып, қайтар жолын басқа қаладан жасауы мүмкін).
  3. Ұшу марапатының мерзімі
    Ұшу марапаты әуебилеті, жазылып берген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
    Ұшу марапаты әуебилетінің мерзімі ұзартылмайды және мерзімі өткен күннен кейін ол үшін ұпайлар орнына келтірілмейді.
  4. Сапар уақытын өзгерту
    Жүлделі билеттің ұшу уақытын ақысыз түрде бір рет қана өзгертуге болады және белгіленген кластарда бос орындар болған жағдайда ғана. Барлық келесі өзгертулер жүлделі билеттің қайтарылуын және қатысушының жеке шотынан 3 000 ұпайдың алынуын немесе 5000 теңге айыппұл төлеуін талап етеді. Осы талаптар орындалғаннан кейін ғана жаңа жүлделі билет жазылып беріледі. Өзгерту билетте жазылған уақыттан 24 сағат бұрын жасалуы тиіс. Өзгертулер жасау үшін «Эйр Астана» байланыс орталығына немесе билет сату кеңсесіне хабарласу қажет.
  5. Пайдаланбаған ұшу үшін ұпайларды қайтару
    Бағдарлама мүшесінен марапат ұшуға келісімін алғаннан соң, Nomad Club агенттері мүше шотынан қажетті ұпай санын алып, марапатқа жаратады. Ұпайлар шоттан алынған сәттен бастап, марапат ұшуы жасалған болып есепетеледі. 
    Егер бағдарлама мүшесі ұшу марапатын, әуежай және тағы басқа алымдарды төлеу арқылы, сатып алмаса, немсе жазып берілген ұшу марапатын толық немесе жартылай пайдаланбаған болса, оны қайтаруына болады. Алайда, мұндай жағдайда марапатқа жұмсалған толық ұпайлар санынан 5000 ұпай саны айып ретінде шоттан шегеріледі. Бағдарлама мүшесі пайдаланбаған әуебилетін бағдарлама қолдау орталығына жіберіп, жұмсалған ұпайлар санын орнына келтіруге өтініш жасауы қажет. Ұпайлар жеті (7) күн ішінде орнына келтіріледі. Қайтарылған жағдайда ұпайлардың жарамдылық мерзімі ұзартылмайды. Жартылай пайдаланған әуебилеті үшін ұпайлар қайтарылмайды. Қызмет көрсету класын жоғарлату бойынша берілген марапат пайдаланбаған болса, ұпайлар шотқа қайтарылмайды.
  6. Ұшу марапатындағы басқа да өзгерістер
    Бағыттың, брондау класының, жолаушының аты-жөнін өзгерту және т.б. ұшу марапатын қайтаруды және жаңа әуебилетін жазып беруде талап етеді. Егер мүше есеп-шотында жаңа ұшу марапатына қажет ұпай саны жеткіліксіз болса, онда тапсырылған жарамсыз ұшу үшін орнына келтірілетін ұпай санының есеп-шотқа түсуіне дейін 6 апта уақыт күту қажет.
  7. Жоғалған/Ұрланған марапаттар
    Жоғалған/ұрланған марапаттар үшін әуекомпанияның жоғалған/ұрланған әуебилеттері бойынша жазылған стандарт процедуралары іске қосылады. Қосымша ақпаратты кез келген «Эйр Астана» брондау және сату офисінен немесе Nomad Club Қолдау Орталығынан алуға болады.

6. Элит дәрежелері және оларға тағайындалған артықшылықтар

Егер бағдарлама мүшесі «Эйр Астана» рейстері бойынша өте көп ұшулар орындаса, әуекомпания мұндай мүшеге күміс және алтын дәреже тағайындап, оған қосымша артықшылықтар ұсынады. 

  1. Күміс және алтын квалификациясына жету үшін, мүше бір жылдың ішінде келесідей ұшу талаптарын орындауы қажет:

    Күміс
    Nomad Club 25 000 Ұшу ұпайы немес 30 ұшу сегменті

    Алтын
    Nomad Club 50 000 Ұшу ұпайы немес 60 ұшу сегменті
  2. Келесі элит біліктілігіне өту үшін тек ұшу ұпайлары ғана әсер етеді. Қалған түрлі бонустар, серіктес компаниялардың көмегімен жиналатын ұпайлар және т.б. келесі дәрежеге өту үшін әсер ете алмайды.
  3. Элит дәрежесіне жеткеннен кейін бағдарлама мүшесі түрлі артықшылықтарға ие бола алады. Олар квалификациялық жылдың соңына дейін және оған қосымша 14 (он төрт) ай жарамды. Мысалы, егер мүше 2008 жылғы 01 тамыз айына 25 000 ұпай жинаса, оған Nomad Club күміс дәрежесі беріледі. Бұл дәреже 2010 жылдың 28 ақпанына дейін жарамды.
  4. Егер элит дәрежесінің мүшесі ұшу ұпайы мен ұшу сегмент санын күнтізбелік жыл бойы үздіксіз жинай берсе, оның элит дәрежесі және соған қатысты артықшылықтары сақталады. Кезінде алтын дәрежеге жеткен, бірақ кейін ол бойынша біліктілік ұпайлары аз мүше, автоматты түрде күміс дәрежесіне төмендетіледі және осы дәреже артықшылықтарына ие болады. Соған ұқсас, күміс дәрежесіне жеткен, бірақ кейін ол бойынша біліктілік ұпайлары аз мүше, көк, яғни бастапқы дәрежеге дейін төмендетіледі, және осы дәрежеге тағайындалған артықшылықтармен пайдаланады. Бұл жағдайда, ұпайларды жинау үшін мүше өзінің көк картасымен пайдалануы қажет.
  5. Элиттік дәрежелерінің артықшылықтары:

Элиттік дәрежесі Артықшылықтар

Nomad Club Күміс



  • Ұшу ұпайының үстіне 25% бонусы
  • Тіркеу кезіндегі артықшылық
  • Эконом-класс бойынша сапар шекксе де, бизнес-класс тіркеу орнына тұру мүмкіндігі
  • Рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша 10 кг тегін жолжүгін өткізу
  • Жолжүк белгі заттары
  • Ай сайынғы есеп-шот көшірмелері

Nomad Club Алтын



  • Ұшу ұпайының үстіне 50% бонусы
  • Тіркеу кезіндегі артықшылық эконом-класс бойынша сапар шекксеңіз де, бизнес-класс тіркеу орнына тұру мүмкіндігі
  • Халықаралық бағыттарда, эконом-класс бойынша сапар шексеңіз де, бизнес-класс күту залына кіру мүмкіндігі
  • Рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша 20 кг тегін жолжүгін өткізу
  • Kүту тізімінде басындық беріледі
  • Жолжүк белгі заттары
  • Ай сайынғы есеп-шот көшірмелері 

  1. Күміс және алтын дәрежелерінің мүшелеріне ұшу ұпайларының үстіне 25% немесе 50% элит бонус ұпайлары тағайындалады. Бонус ұпайларының саны 4 Тарауда көрсетілген ұпайларды есептеу стандартына сай есептеледі.
  2. Ұпайлардың саналуы. Элит бонус ұпайлары элит дәрежесінің өсуіне ықпал етпейді.
  3. Күміс және алтын мүшелер эконом-класс бойынша сапар шексе де, бизнес-класс тіркелу тұрақтарында қызмет көрсетіле алады. Бұл артықшылық бизнес-класс тұрақтары бар әуежайларға ғана қатысты. Бұл артықшылыққа ие болу үшін, рейске тіркелу кезінде мерзімі жарамды күміс немесе алтын картаны «Эйр Астана» қызметкеріне көрсету қажет.
  4. Күміс дәреже мүшесіне рұқсат етілген және билетте көрсетілген жолжүк салмағына қосымша тегін 10 кг жолжүгін тасымалдауға рұқсат етіледі. Алтын дәреже мүшесіне рұқсат етілген және билетте көрсетілген жолжүк салмағына қосымша тегін 20 кг жолжүгін тасымалдауға рұқсат етіледі. Бұл артықшылық тек жолжүкке ғана қатысты. Қол жүкке қатысты талаптар өзгеріссіз.
  5. Алтын дәреже мүшесі бизнес-класс күту залдарын пайдалана алады. Бұл артықшылық мүше эконом-класс бойынша ұшса да мүмкін. Бұл артықшылық Алматы, Астана және «Эйр Астана» ұшатын барлық халықаралық әуежайларда бар. Мұндай артықшылықты пайдалану үшін рейске тіркелу кезінде мерзімі жарамды алтын дәрежелі мүше картасын ұсыну қажет.
  6. Nomad Club Алтын дәрежелі қатысушыларына күту тізімінде орын беру мезетінде басымдық беріледі.
  7. «Эйр Астана» элит дәрежелері бойынша квалификациялық талаптар мен оларға тағайындалатын артықшылықтарды кез келген уақытта өзгертуге құқылы.

7. Пароль

  1. Пароль шот балансын және мүшенің жеке ақпаратын Интернет арқылы тексеру үшін қажет. Мұндай пароль, мүшенің бағдарламаға веб-сайт арқылы тіркелген уақытта немесе өз мүшелік нөмірін пайдаланып, бірінші рет жеке профайлына кірген кезде беріледі.
  2. Бағдарлама мүшесі өзінің жеке паролінің сақталуына және оны басқа адамдардың пайдалануын болдырмауға жауапты.
  3. Бағдарлама мүшесі, жасалған немесе жасалмағандығы туралы мәлім болса да, болмаса да, жеке есеп-шот бойынша транзакциялар әрекетіне жауапты. «Эйр Астана» дұрыс парольді пайдалану арқылы жүзеге асқан барлық әрекеттерді жасаған шынайы адамды анықтауды міндеттенбейді.
  4. «Эйр Астана» парольді дұрыс пайдаланбау нәтижесінен туған кез келген зиян немесе жоғалтулар үшін жауап бермейді.

8. Жеке ақпаратты өзгерту

  1. Бағдарлама мүшесі өзінің есеп-шотындағы жеке ақпаратына және оның өзгеруіне толығымен өзі жауапты.
  2. Бағдарлама мүшесі, паспорт немесе аты-жөні сияқты жеке ақпаратты Nomad Club қолдау орталығына жеке ақпаратты өзгерту өтінішін тапсыру арқылы жасай алады. Өтінішпен қоса паспорт, неке қию туралы куәлік сияқты дәлел болатын құжаттар көшірмелері тапсырылуы тиіс. 
  3. Егер бағдарлама мүшесі мекен-жай мен байланыс ақпаратын (телефон) өзгерткісі келсе, ол Эйр Астана веб-сайтына, бағдарлама мүшесі ретінде тіркеліп, Есептік Жазбаны Басқару – Жеке мәліметті жаңарту бетінде өзгертулерді жасай алады. Егер бағдарлама мүшесі ақпаратты жеке ақпаратты өзгерту өтінішін толтыру арқылы жасағысы келсе, өтінішпен бірге мүшенің қолы қойылған паспорт немесе жеке куәлігінің анық көшірмесін қоса тапсырылуы қажет.
  4. Егер бағдарлама тапсырылған құжаттарды жеткіліксіз деп таныса немесе олардың дәлел екендігіне күмәнданса, өзгертуден бас тартуға немесе қосымша құжаттар талап етуге құқылы.
  5. Электрондық поштаны өзгерту үшін, «Эйр Астана» веб-сайтында, бағдарлама мүшесі ретінде тіркеліп, Есептік Жазбаны Басқару – Жеке мәліметті жаңарту бетіне кіру қажет. Бағдарлама мүшесі өз есеп-шотының нөмірі мен паролінің түгелдігіне және өзгертулер еңгізу үшін қолданылған бағдарлама мүшесінің нөмірі мен пароліне толығымен өзі жауапты.

9. Басқа ережелер

  1. «Эйр Астана» Nomad Club бағдарламасын өзгертуге немесе оның әрекетін алдын ала ескертусіз тоқтатуға құқылы.
  2. Nomad Club бағдарламасының ережелеріндегі кез-келген өзгерістер «Эйр Астана» веб-сайтында пайда болған сәттен бастап барлық мүшелері үшін міндетті. Мүшелердің бағдарламаға ары қарай қатысуы, бағдарлама ережесіндегі өзгерістерге келісуі деп есептелінеді.
  3. «Эйр Астана» Nomad Club бағдарламасының тоқтауы немесе оның ережелерінің өзгеруі жағдайында бағдарлама мүшелеріне хабарлауға тырысады. Алайда, «Эйр Астана» бағдарламада болған өзгерістерге байланысты орын алған зиян мен жоғалтулар үшін жауапкершіліктен босатылады.
  4. Бағдарламаның шарттары мен ережелерін қасақана немесе кездейсоқ орындамау, «Эйр Астана» шешімімен мүшенің бағдарламадан шығуына және оның барлық ұпайларының, ұшу марапаттарының жарамсыздануына әкеледі.
  5. Nomad Club материалдары ағылшын тілінен басқа тілдерде де беріледі. Сәйкессіздік жағдайында басымдылық ағылшын тіліндегі нұсқасына беріледі.
  6. Бағдарламаның шарттары мен ережелері Қазақстан Республикасы заңдарына сай анықталады және іске асады.