Біз туралы

«Эйр Астана» АҚ сыртқы аудиторлары жөніндегі мәлімет

 

2017 - 2019 жылдары «Эйр Астана» АҚ  сыртқы аудиторы «КПМГ Аудит» ЖШС тәуелсіз аудиторлық мекемесі болып табылады.

«Эйр Астана» АҚ Акционерлердің Жалпы жиналысының 2017 жылғы 16 қаңтардағы шешіміне (№ 131 Хаттамасы) сәйкес, Қоғамның Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің 2016 жылғы 18 қарашадағы (№ 56 Хаттамасы) және 2016 жылғы 07 желтоқсандағы (№ 57 Хаттамасы) ұсынымдарын және Қоғамның Директорлар кеңесімен 2016 жылғы 08 желтоқсанда қабылданған шешімін (№ 163 Хаттамасы) ескере отырып, 2017 - 2019 жылдары «Эйр Астана» АҚ сыртқы аудиторы «КПМГ Аудит» ЖШС тәуелсіз аудиторлық мекемесі болып табылады.

«Эйр Астана» АҚ  қаржылық есептілік аудитін келесі аудиторлық мекемелер жүзеге асырды:

2014 - 2016 жылдары – «КПМГ Аудит» ЖШС
2007 - 2013 жылдары – «Делойт» ЖШС
2004 - 2006 жылдары – «KPMG Janat» ЖШС
2002 - 2003 жылдары – «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС

Сыртқы аудиторлардың көрсеткен қызметтер бағасы www.procurement.airastana.com сайтында жарияланады.