Эконом-класс


Біз әрбір жолаушының қамын ойлаймыз

ВС B767 и B757 әуе кемелеріндегі эконом класстың жаңа дизайны сізге бостандық пен еркіндік сезімін сыйлайды, мұнда Сіздің аяғыңыздың жайлылығы үшін арнайы орын бар. Алдыңғы орындықтың арқасында дербес ойын-сауық жүйесі орнатылған, бұл арқылы сіз фильмдер, аудиолар, ТД сериалдар, ТД бағдарламалар, ойындар, подкасттар және тағы да басқаларын таңдай аласыз. Сонымен қатар біздің арнайы жарығымыз ұшу барысында жайлылық сезімін беріп, уақыт айырмашылығыннан кейін болатын шаршаудың алдын алады.

Біздің бортымыздағы эконом класста көрсетілетін жоғарғы сапалы қызмет көңілдеріңізден шығуына тілектеспіз.

Ұшақта
тамақтану  

Біздің қонақтарымызға  кез-келген бағытта Орталық Азия, Араб елдері, Азия және Еуропа елдерінің дәстүрлі аспаздығына тән керемет безендірілген әрі дәмді тағамдары ұсынылады.  Көптеген бағыттарда ұшар алдында арнайы жеңіл тағамға тапсырыс беруге болады. Жергілікті және халықаралық, алкоголді және алкоголсіз сусындар түрлері барлық ішкі және халықаралық рейстерде ұсынылады.

Әрі қарай оқу

Ұшақтағы дербес ойын-сауық жүйесі

Фильмдерді тамашалап, Қазақстандық және халықаралық аудиоарналаларды тыңдап және ұшақ бортымызда ұсынылған газеттер топтамасын оқып, рахаттаныңыз. Біздің жаңа алыс магистральді әуе кемелеріміздегі дербес ойын-сауық жүйесі сіздің саяхатыңызды ұнамды етеді. Бұл ойын-сауық жүйесі арқылы сіз өзіңіз қалаған соңғы және классикалық фильмдерді, музыканы, электрондық кітаптарды және деректі фильмдерді таңдай аласыз.

Әрі қарай оқу

Ұшақтағы соңғы дизайнды жайлылық

Ұшақ бортында әр орындықта орналасқан жастыққа жайғасып демалуыңызға болады (жамылғы сұраныс бойынша беріледі). Сонымен қатар, сізге қосымша жайлылық қамтамасыз ету үшін жол жиынтығы ұсынылады. Соңғы технологиялық дизайнды, ыңғайлы эрганомикалық орындықтар сіздің саяхатыңызды жанға жайлы етеді.

 

Әрі қарай оқу