Онлайн тіркелу


Кезекте күткіңіз келмейді ме?

Онлайн тіркелу, кесте бойынша ұшып шығу уақытынан, ең көп дегенде, 24 сағат, кем дегенде, 60 минут бұрын мүмкін болып табылады.

Сіздің саяхатыңыз «Эйр Астана» әуекомпаниясымен тіпті әуежайдан бастап кедергісіз және барынша жайлы болу үшін, біз www.airastana.com сайтымызда онлайн тіркелу қызметін енгіздік. Бұл қызмет біздің орындайтын бағыттарымыздағы барлық ұшып шығу әуежайларында бар.

Рейске тіркелу үшін билетте көрсетілгендей тегіңізді енгізіңіз және сәйкестендіру құжат түрін таңдаңыз. Бұл сіздің брондау нөміріңіз, Nomad Club мүшелік нөміріңіз, электрондық билет нөміріңіз немесе төлқұжат нөміріңіз болуы мүмкін. Содан соң «Келесі» пернесін басып, экранда пайда болған нұсқауларды орындаңыз. Брондау нөмірі – сіздің электрондық билетіңізде немесе электрондық растауыңызда көрсетілген 6 таңбалы әріптік-сандық код. Мәліметтеріңізді енгізгеннен кейін, сіз отырғызу талоныңызды кез келген принтерден А4 көлеміндегі қағазда шығара аласыз.

Егер тіркеуден өткен кезде мобильді құрылғыны пайдалансаңыз, мобильді отырғызу талонын  сақтап, басып шығармай қолдана аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.

Басып шығарған отырғызу талоныңызды өзіңізбен бірге әуежайға алып барып, төлқұжаттық тексеруге немесе отырғызуға бірден өтіңіз. Егер тіркеуді қажет ететін жолжүгіңіз болса, оны әуежайдағы кез келген «Эйр Астана» жолжүк тапсыру орнына немесе «Эйр Астана» әуекомпаниясының тіркелу бағандарында өткізе аласыз.

«Эйр Астана» рейске дейін ұшақ салонында орынды таңдау қызметін ақысыз ұсынады. Дегенмен, оперативтік талаптарға байланысты немесе ұшақ типі ауысқан жағдайда сіздің таңдаған орыныңыз сақталмауы мүмкін.

Төмендегі жолаушылар онлайн тіркелу өткен кезде отырғызу талонын басып шағара алмайды:

  • қасында сәбиі, баласы бар жолаушылар
  • жастар тарифімен саяхаттаушы жолаушылар (25 жасқа дейін қоса алғанда)
  • егде жастағы жолаушылар (60 жас және жоғары)
  • әуекомпанияның алаяқтықтың алдын алу процедураларымен келіскен жолаушылар
  • және брондауында арнайы тапсырысы бар жолаушылар

Онлайн тіркелуді келесі жолаушылар пайдалана алмайды:

  • жетелеушісі жоқ балалар
  • қосымша орны бар жолаушылар
  • зембілдегі жолаушылар

Брондауға қандай да өзгеріс енгізілген жағдайда, онлайн тіркелу арқылы таңдалған орын онлайн тіркелу қызметі арқылы жойылады. Егер сіз Қазақстан Республикасы территориясынан ұшатын болсаңыз және ұшу уақытын ертерек уақытқа ауыстырғыңыз келсе, «Эйр Астана» билет сату кеңсесіне хабарласыңыз.