Біз туралы

Ішкі аудит қызметі


«Эйр Астана» АҚ Ішкі аудит қызметі Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен 2007 жылғы желтоқсан айында құрылды.

Ішкі аудит қызметінің міндеті ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және тиімділігін бағалауды жақсартуға бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру арқылы Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін Директорлар кеңесі мен Президентке өз функцияларын жүзеге асыруда көмек көрсету болып табылады.

Ішкі аудит қызметі Компаниядағы ішкі аудиттің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін басқару органы болып табылады және тікелей Директорлар кеңесіне есеп береді. Қызметтің жұмысына Аудиторлық комитет жетекшілік етеді.


Аудит процедурасы

ІАҚ жұмысы Директорлар кеңесі бекіткен Аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

ІАҚ өз жұмысында ІАҚ туралы ережені, Ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықты, сондай-ақ Ішкі аудит кәсіби практикасының халықаралық стандарттарын басшылыққа алады.

Аудитті жоспарлау және жүзеге асыру, аудиторлық тапсырмалар бойынша деректерді сақтау, сондай-ақ кемшіліктердің жойылуын және ұсыныстардың орындалуын қадағалау үшін TeamMate бағдарламалық құралы қолданылады.

  • Аудиторлық тапсырмалар белгіленген Аудит жоспарына және оны іске асыру мерзімдеріне сәйкес орындалады;
  • Барлық ұсыныстар маңыздылығына қарай бағаланады, оларды орындау үшін қажетті іс-шаралар бекітіліп, жауапты тұлғалар тағайындалады;
  • Ұсынысты орындау барысын белгіленген мерзімдерге сәйкес Ішкі аудит қызметі қадағалайды.

Стандарттарға сәйкестік 1

ІАҚ жұмысы Ішкі аудит кәсіби практикасының халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, бұны 2016 жылғы сәуір айында білікті және тәуелсіз ішкі аудитор «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС растады.

ІАҚ жұмысын сыртқы бағалау Стандарттардың екі саласында (сапа көрсеткіштерінің стандарттары және қызмет стандарттары), сондай-ақ озық халықаралық практикаларға сәйкес жүргізілді.

Шығарылған есепке сәйкес ІАҚ барлық 48 стандарттың ішіндегі 48 стандарттың талаптарына сәйкес келеді.

Бағалау аясында ІАҚ жұмысының кемелдік деңгейі озық халықаралық практикалармен салыстырғанда, KPMG әдіснамасына сәйкес «Озық» ретінде анықталады.


[1] Ішкі аудит кәсіби практикасының халықаралық стандарттары