Біз туралы

«Эйр Астананың» серіктес әуекомпаниялары

Код-шеринг серіктестер

Код-шеринг (ағылшын тілінде code-share) – екі немесе бірнеше әуекомпания бір бағытта бірлесіп атқаратын әуерейс. Код-шеринг келісімшарты бойынша бір әуекомпания рейсті орындайды, яғни тасымалдаушы әуекомпания болып табылады, ал басқа әуекомпаниялар серіктестер ретінде бұл рейске әуебилет сатады.

Код-шеринг келісімшартына сәйкес әуекомпаниялар ортақ рейс нөмірін көрсете алады.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының код-шеринг серіктестері:

 Әуекомпания  Әуекомпания коды
 Air India**  AI-098
 Air France  AF-057
 Asiana Airlines  OZ-988
 Bangkok Airways  PG-829
 Cathay Pacific  CX-160
 Etihad Airways  EY-607
 KLM Royal Dutch Airlines  KL-074 
 LOT-Polish  LO-080
 Lufthansa  LH-220
 Turkish Airlines  TK-235

«Эйр Астана» әуекомпаниясының код-шеринг серіктестері орындайтын рейске әуебилет сатып ала отырып, мұндай рейсте тасымалдаушы әуекомпанияның жолаушылар, жүк және қолжүк тасымалдау ережелерінің талаптары орындалатынын ескерген жөн.

 

«Эйр Астана» әуекомпаниясының интерлайн серіктестері 

Әуекомпаниялар арасындағы келісімшарттың басқа форматы – интерлайн келісімшарты. Мұндай келісімшарт серіктес әуекомпаниялардың рейстеріне әуебилеттерді рәсімдеуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, «Эйр Астана» интерлайн серіктестерінің маршруттар желісінде «Эйр Астана» рәсімдеген әуебилеттермен саяхаттауға болады және, керісінше, біздің интерлайн серіктес әуекомпаниялар рәсімдеген әуебилеттермен «Эйр Астана» рейстерімен саяхаттауға болады.

Егер жолаушының сапары интерлайн келісімі аясында төменде көрсетілген әуекомпаниялардың біреуі жүзеге асыратын бірнеше ұшу сегменттерінен тұрса, жолаушының жолжүгін сапардың аяғына дейін тіркеуге болады. Яғни, трансфер пункітінде жолаушыға өзінің жолжүгін алып, қайта тіркеудің қажеті жоқ.  Дегенмен, Бұл жолаушы ұшып келу әуежайында серіктес әуекомпанияның келесі рейсіне қайта тіркелуі тиіс.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының интерлайн серіктестері:

Әуекомпания Әуекомпания коды Әуекомпания Әуекомпания коды
AccessRail* 9B-450 Hainan Airlines HU-880
Aeroflot SU-555 Hong Kong Airlines HX-851
Air Baltic BT-657 Japan Airlines JL-131
Air France AF-057 Jet Airways (India)** 9W-589
Air Malta KM-643 Korean Air KE-180
Alitalia
AZ-055
LOT - Polish Airlines LO-080
Air India AI-098 Lufthansa LH-220
All Nippon Airways
NH-205
Malaysia Airlines MH-232
AtlasGlobal
KK-610
MIAT - Mongolian Airlines OM-289
Azerbaijan Airlines
J2-771
Bangkok Airways PG-829
Belavia
B2-628
Philippine Airlines PR-079
British Airways
BA-125
Qantas Airways QF-081
Cathay Pacific Airways
CX-160
Qatar Airways QR-157
China Southern Airlines
CZ-784
Royal Jordanian RJ-512
Czech Airlines
OK-064
Saudi Arabian Airlines SV-065
Asiana Airlines OZ-988 S7 Airlines S7-421
Delta Air Lines
DL-006
Singapore Airlines SQ-618
Egyptair
MS-077
SriLankan Airlines UL-603
El Al Israel Airlines
LY-114
TAROM RO-281
Emirates
EK-176
Thai Airways International*** TG-217
Etihad Airways  EY-607  Ukraine International Airlines  PS-566 
Austrian Airlines OS-257 United Airlines UA-016
Garuda Indonesia
GA-126
Uzbekistan Airways HY-250
Georgian Airways
A9-606
Vietnam Airlines VN-738
Hahn Air
HR-169
Cathay Dragon KA-043
Cayman Airways KX-378 Shandong Airlines SC-324
KLM Royal Dutch Airlines KL-074 Turkish Airlines TK-235

*AccesRail темір жол операторымен ынтымақтастық жолаушыларға бір тасымалдау құжатымен біздің әуекомпаниямыздың рейстеріне, әрі қарай AccesRail маршрут желісіндегі пойызбен сапар жасауға мүмкіндік береді, жолжүк жолаушы сапарындағы көрсетілген әуежайға дейін ғана тіркеледі.

**Жолаушы сапарындағы халықаралық рейстен кейінгі келесі рейс Air India және Jet Airways (India) серіктес әуекомпанияларымен Үндістан аумағында орындалатын болса, жолаушыларды бүкіл сапарға тіркеуге рұқсат етілмейді. Мұндай жағдайда жолаушының жолжүгі Дели халықаралық әуежайына дейін ғана тіркеледі.
*** Thai Airways International серіктес әуекомпанияның «Эйр Астана» рейсімен түйісетін рейсі Тайланд Корольдігінің аумағы бойынша орындалатын болса, жолаушылар мен жолжүкті өтпелі тіркеуге рұқсат етілмейді.


«Эйр Астана» әуекомпаниясының өтпелі тіркеу бойынша серіктестері

Әуекомпаниялар арасындағы келісімшарттың басқа форматы – жолаушыларды және олардың жолжүгін өтпелі тіркеу жөніндегі келісімшарт. Егер жолаушының сапары «Эйр Астана» әуекомпаниясының төменде көрсетілген бір немесе бірнеше серіктес тасымалдаушымен орындалатын бір немесе бірнеше ұшу сегментінен тұратын болса, жолаушыны және оның жолжүгін тіркеу сапардың соңғы пунктіне дейін орындалады.

Өтпелі тіркеу «Эйр Астана» рейсі мен серіктес әуекомпания рейсі бір бағыт түбіртегінде жазылып шығарылған жағдайда ғана мүмкін. 

«Эйр Астана» әуекомпаниясының өтпелі тіркеу бойынша серіктестері:

Әуекомпания Әуекомпания коды Әуекомпания Әуекомпания коды
 Air Europa  UX-996  flydubai  FZ-141
 Air France  AF-057  KLM Royal Dutch Airlines**  KL-074
 Alitalia  AZ-055  Lufthansa  LH-220
 Asiana Airlines  OZ-988  Malaysia Airlines  MH-232
 Austrian  OS-257  TAROM  RO-281
 Bangkok Airways* PG-829   Thai Airways International***  TG-217
 British Airways  BA-125  Turkish Airlines  TK-235
 Delta Air Lines  DL-006  United Airlines  UA-016
 Etihad Airways  EY-607    

*Егер жолаушының сапары «Эйр Астана» рейсі мен Bangkok Airways әуекомпаниясының Тайланд Корольдігіндегі ішкі/халықаралық рейсінен тұратын болса, оның сапары бір тасымал құжатында рәсімделген болуы тиіс, осындай шарт орындалған жағдайда жолаушыны сапарының соңғы пунктіне дейін тіркеуге болады. Мұндай тіркеу Lampang (LPT) және Sukhothai (THS) әуежайларында қолжеткілікті емес.
**Жолаушы сапарының бірінші сегменті «Эйр Астана» әуекомпаниясының Қазақстан аумағында орындалатын болса, жолаушы және оның жолжүгін KLM Royal Dutch Airlines әуекомпаниясының Алматыдан (Алматыға) ұшатын рейстеріне өтпелі тіркеуге рұқсат етілмейді.
*** Thai Airways International серіктес әуекомпанияның «Эйр Астана» рейсімен түйісетін рейсі Тайланд Корольдігінің аумағы бойынша орындалатын болса, жолаушылар мен жолжүкті өтпелі тіркеуге рұқсат етілмейді.