Жас жолаушылар


Отбасына қамқорлық жасау – қазақстандықтар үшін өмірінің маңызды бөлігі, біздің қызметіміз де соған негізделген. Кішкентай жолаушыларымызға мұқият көңіл бөлеміз, олардың тілегін орындау бізді қуантады. Балалар біздің рейстерімізде өздерін қауіпсіз, жайлы сезіну үшін бар күшімізді саламыз, ұшу кезінде олардың көңілін табуға тырысамыз.

Сәбиі бар жолаушыларға балалар топтамасын ұсынамыз, оның ішінде гигиена мен жайлылыққа арналған заттардың бәрі бар. Кейбір рейстерде 1 жасқа дейінгі сәбилер үшін балалар төсегіне (бесікке) алдын ала тапсырыс беруге болады.

Ересектер әлемдік стандарттар деңгейінде әзірленген асты рахаттана жеп отырғанда, кішкентай саяхатшылар балалар мәзірінен алынған пайдалы, дәмді және құнарлы аспен қоректене алады (алдын ала тапсырыс беру керек).

Балалар жиынтығын дайындау кезінде «Эйр Астана» компаниясының басты мақсаты - оның тек қызықты әрі көңілді ғана емес, сондай-ақ білім беретін, ұшу барысынан кейін де пайдалануға болатын есте қалатындай сыйлық ұсыну. Балаларға арналған жиындарын жас жолаушыларға 3 сағаттан астам халықаралық Қазақстаннан ұшатын рейстерде ұсынылады.

Әр тұжырымдама белгілі бір маман иесіне сәйкес шығарылған. Жиынтықтар екі түрлі жас санатына ұсынылады:

  • 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған жиынтық: Супер Бас-Аспазшы, Суперқаһарман және мал дәрігері;
  • 7-11 жастағы ересектеу балаларға Таңқаларлық Сәулетші, Қауіпті Детектив және Экстремалды Зерттеуші.

Кішілеріне «Cупер Шеф» және үлкендеріне арналған «Сәулетші» балардың кунделікті өмірінде де пайдалы болатын жиынтықтар. Сөмкенің бірегей дизайны және ішіндегі сыйлықтар өзін нағыз маман сезінуге септігін тигізеді.

Ғажайып «Супер Бас-Аспазшы» жиынтығында өзін нағыз Бас-Аспазшы сезіндіретін керектілерінің барлығы бар. Балалар ұшу барысында жаңа рецептерді құрап, ойлап табуды үйренумен уақыт өткізеді. Балалар өздеріне ұнайтын тағамдар енген өз мәзірлерін дайындай алады.

Таңқаларлық «Сәулетші» жиынтығы балалардың қиялын дамытып, идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді. Мүмкін дәл сіздің балаңыз әлемдегі ең ғажайып ғимараттың жобасын жасайды.

3-11 жас аралығындығы балаларға «Эйр Астана»-ның Қазақстанға ұшып келетін халықаралық рейстерінде таратылатын, қызықты тапсырмалары және әңгімелері бар, ағылшын және қазақ тілі білімін толықтыруға мүмкіндік беретін «Шуша» журналының арнайы шығарылымы сыйға тартылады.

Сіздердің балаларыңыз зерікпес үшін және ұшу барысында қызықты іспен айналысуы үшін біз оларға ұшақта ойнауға арналған қосымша жиынтықтар және балалар кітапханасын ұсынамыз.

Бізге сенім артып, бүкіл ұшу сапары кезінде балаңызға қамқорлық жасалатынына алаңдамауыңызға болады.

Edit Album Re-Order the Album Images

kids kaz/en

kids kaz/en

  • architect.jpg
  • chef.jpg
  • infants.jpg
  • Kids_ headphones.jpg
  • journals.jpg