Біз туралы

Акционерлер

 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – акциялардың 51%.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2008 жылғы 3 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ біріктіру жолымен құрылды.

Тіркелген мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
Қабанбай батыр даңғылы, 23


BAE Systems (Kazakhstan) Limited – акциялардың 49%.

BAE Systems (Kazakhstan) Limited – әуе, жер үсті, теңіз және космостағы озық қорғаныс пен аэрокосмостық жүйелерді әзірлеу, жеткізу және қолдаумен айналыстаын BAE Systems plc британ корпорациясының еншісіндегі компания.

Тіркелген мекен-жайы:
PO Box 87
Warwick House
Farnborough Aerospace Centre
Farnborough
Hampshire
GU14 6YU
United Kingdom


Акционерлердің жалпы жиналысы

Акционерлердің жалпы жиналысы компания қызметіне байланысты барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілетті «Эйр Астана» АҚ жоғарғы органы болып табылады. Оның міндеттері мен қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы, сонымен қатар Жарғы ережелері және компанияның ішкі құжаттарымен анықталады.