Ұшақта тамақтану

«Эйр Астана» ұшағына келген қонақтарымыз бағытталған жерге жетуін күтпей-ақ, тамақ әлеміне саяхатын дәл ұшақ бортында бастаулары мүмкін.

Біздің тағам Орталық Азия, Араб елдері, Азия және Еуропа елдері асханасының дәстүрлі тағамдары мен дәмдерінен тұрады. Ал біздің борттағы тағамды ұйымдастыру жөніндегі бөлім қызметкерлері борттағы жолаушыларымыз үшін үнемі бүкіл әлем бойынша жаңа талапқа сай мәзір құрастырып отырады.

Ұшатын аймақты, маусымдық жемістерді есепке ала отырып, үнемі балғын тағамадардан әзірленген алуан түрлі тағам түрлерін ұсынамыз. Егер cіз жеңіл диеталық арнайы тағам қаласаңыз, арнайы тағамды қең ауқымды ұсынылған тағамдар тізімінен таңдап ала аласыз.

Біз әлемдік деңгейдегі аспаздық қырларын игергенімізді мақтаныш етеміз. Сізге тамаша қызмет көрсететін бизнес-кластың және мейірімге толы эконом-класында әдемі безендірілген әрі дәмді тағамдар және солардың дәмін арттыра түсіретін мұқият сараптамадан өткен шарап пен шымырлайтын аққайнар түрлері ұсынылады.

Біз борттағы тағам деңгейін үнемі арттырып, жолаушыларымыздың үмітін ақтап, нарықтағы бәсекелестерімізден бір қадам алда жүру үшін табанды еңбек етеміз.

Кейбір ұзақ уақытты бағыттарда біз cіздерге эспрессо, латте және капучино кофелерін ұсынамыз немесе өз қалауыңыз бойынша кең ауқымды сусындарды қамтитын бардан кез-келген сусынды таңдап ала аласыз.

Қалауыңыз қандай болса да, біз cізді келесі тағам саяхатына «Эйр Астанамен» бірге аттануға шақырамыз.