Біз туралы

Әлеуметтік жауапкершілік

 

Corporate Responsibility

Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы және BAE Systems пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірлескен кәсіпорны ретінде, «Эйр Астана» әуекомпаниясы мемлекет, инвесторлар, жолаушылар, қызметкерлер, іскер серіктестер және қоғам алдындағы өзінің міндеттемелерін түсінеді. Біз тұрақты даму тұжырымдасын ұстанамыз, көлік саласын дамытудың мемлекеттік стратегиясына бүтіндей қатысамыз және қызметімізді іскерлік этиканың халықаралық қағидаттарына сәйкес атқарамыз.

Біз Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға өз үлесімізді қосуға, әлеуметтік жауапкершілік дәстүрлерін ұстана отырып, қайырымдылық және демеушілік жобаларды жүзеге асыра отырып, қоғам өмірін жақсартуға ұмтыламыз.

Біз қоғамдық өмірдің төмендегідей салаларына белсенді қатыса отырып, өз үлесімізді қосуға ұмтыламыз:

  • Қоршаған орта
  • Білім
  • Спорт және салауатты өмір салты
  • Ұлттық деңгейдегі оқиғалар
  • Мәдениет және өнер
  • Денсаулық сақтау

Ұлттық әуе тасымалдаушы ҚР азаматтарының белгілі санаттарына әуе тасымалдарда жеңілдіктер ұсынудан басқа, компания қызметкерлерінің әлеуметтік жобаларға қатысуын қолдайды, қайырымдылық ұйымдарымен және басқа компанияларымен бірлескен шараларды жүзеге асырады.

Әуекомпанияның мекен-жайына жеке және заңды тұлғалардан жыл сайын көптеген хаттар келіп түсетінін айта кету керек, өкінішке орай, әуекомпания өтініштердің барлығы қанағаттандырылатынына кепіл бере алмайды.

Сауалдар төмендегі мекен-жайға қабылданады:

Тел. +7 727 258 41 35 (ішкі 1791)
Эл. пошта: charity@airastana.com

 

Демеушілік жобаларға қатысу критерийлері:

Әуекомпания тек басым болып есептелетін жобаларға қатысуын қарастырады және бұл жобалар төмендегі критерийлерге сай болу тиіс:

  • бағыттық желі елдерінде компания қызметі туралы хабардар болуының артуы;
  • «Эйр Астана» қызметкерлерінің қатысуы.

Құжаттар пакеті:

  • өтініш-хат;
  • жобаның қысқаша сипаттамасы;
  • болжалды нысаналы аудитория;
  • демеушілік пакет.

Қайырымдылық көмек көрсетудің критерийлері:

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жеке сұраныс немесе қоғамдық ұйымдар өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының төмендегідей санаттарына тегін авиабилеттерді немесе жеңілдіктерді беруді  қарастырады:

ҚР-да емделмейтін онкологиялық немесе жүрек-қантамырлары ауруларымен ауыратын әл-ауқаты нашар отбасылардың балалары

Құжаттар пакеті:

  • хат-өтініш қолтаңбасымен;
  • ҚР дәрігерлердің медициналық қорытынды көшірмесі;
  • ҚР дәрігерлердің басқа елдерге емделуге жіберу құжатының көшірмесі;
  • қабылдаушы емхана шақыруының көшірмесі;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • еріп жүруші адамның төлқұжаты немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
  • алғыс хат қолтаңбасымен;
  • отбасының материалдық жағдайы туралы акт.

ҚР азаматтық авиациясының ардагерлері (шет елде емделу қажет болған жағдайда ғана)

Құжаттар пакеті:

  • еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • медициналық қорытынды көшірмесі;
  • басқа елдерге емделуге жіберу құжатының көшірмесі;
  • қабылдаушы емхана шақыруының көшірмесі;
  • төлқұжат немесе жеке куәлік көшірмесі;
  • СТН көшірмесі.

Ішкі бағыттар бойынша және ТМД елдеріне сапар шекпек Ұлы Отан Соғысы ардагерлер

Құжаттар пакеті:

  • ҰОС қатысушылары/мүгедектері үшін – тиісті органдар берген ҰОС қатысушыларының/мүгедектерінің куәлігі;
  • «ҰОС ардагері» санатының басқа жолаушылары үшін – зейнетақыны тағайындаған органдары куәландырған зейнеткерлік куәлік.
  • Тыл ардагерлері және тыл еңбеккерлері үшін – арнайы мемлекеттік органдары берген пенсиондық куәлігінде «тыл ардагері» немесе «тыл еңбеккері» деген жазу болуы тиіс.

Ескерту2002 жылдан бері «Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстан Республикасы тұрғындарының Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерліктерінің құрметіне, соғысқа қатысушыларға Қазақстанның түрлі қалаларындағы, ТМД елдеріндегі достары мен майдандас жолдастарымен көрісуге қол ұшын тигізеді. 2009 жылға дейін тегін билеттер жыл сайын мамырдың 1-нен маусымның 15-не дейін берілетін. 2009 жылдан бастап, әуекомпания 100% жеңілдікті тұрақты қылды. ҰОС ардагерлері әуе жайдың, басқа да жолаушы алымдарын өздері төлейтіндігін ескеру қажет.

Біздің сайтымыз арқылы, және де Брондау және ақпарат кеңсесінің +7 (727) 2 44 44 77 телефонына хабарласып, билетті алдын-ала брондай аласыз, оны қалаңыздағы компанияның билеттерді сату кеңсесінен немесе кез келген агенттіктен ала аласыз.