Біз туралы

Тарихы

History kaz

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші рейсін 2002 жылдың 15-ші мамырында Алматы – Астана бағыты бойынша орындады. Рейстің ашылу салтанатына әуекомпанияның акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасы үкіметінің және ұлыбританиялық BAE Systems компаниясының өкілдері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Сэр Ричард Эванс қатысты.

Акциялық үлестің 51 пайызын үкімет («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ), ал 49 пайызын BAE Systems (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорындағы акционерлердің әріптестік қарым-қатынастары әуекомпанияның даму тарихында тұрақты болып келеді.

 

Жоғарғы дәрежелі қызмет көрсету

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігімен (ЕАҚА) 145 директиваның талаптарына сәйкес әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуге куәландырған.

2015 жылғы мамыр айында «Эйр Астана» әуекомпаниясы IATA-ның (Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы) эксплуатациондық қауіпсіздік бойынша бесінші аудитін сәтті өтті. 2015 жылғы қазан айында Еуропалық одаққа кірмейтін мемлекеттер әуекомпаниялары үшін Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігінің (ЕАҚА) куәландырылған аудитін ескертусіз өтті. Сонымен қатар, «Эйр Астана» әуекомпаниясының ЕАҚА 147 директиваның талаптарына сәйкес инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқытуға Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігімен берілген куәлігі бар.

Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе паркі батыста жасалған 34 ұшақтан тұрады және олардың орташа пайдаланым мерзімі 8.45 жылды құрайды. Әуекомпанияның бағдар желісі 60-тан астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. 4700-дан аса жұмыс орнымен қамтамасыз ететін әуекомпанияның жоғары білікті жұмыскерлер қатары негізінен жергілікті қызметкерлерден, сондай-ақ тәжірбиелі шетелдік мамандардан құралған. 2005 жылдың күзінен әуекомпанияны авиация саласында 30 жылдан астам басқару тәжірибесі бар Питер Фостер басқарып келеді.

Әуекомпания жеке меншікке сатып алу үшін Boeing 787, Airbus A320NEO және Embraer 190 ұшақтарына тапсырыс берді. Бұл оның әуекемелерді 2017 жылдың аяғына қарай 33 данаға, ал 2020 жылы 43 данаға дейін арттыру мақсатына сай келеді.


Әуепаркі және орындар картасы