Біз туралы

Корпоративтік хатшы

 

«Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2007 жылғы 6 желтоқсанда корпоративтік хатшы қызметі енгізілді. Корпоративтік хатшы қызметіне Елена Кондачкова тағайындалды.

Директорлар кеңесі мен атқарушы орган арасындағы диалог барысында Корпоративтік хатшы түйінді рөлді атқарады, ол «Эйр Астана» АҚ органдары арасындағы нақты өзара әрекеттестікті, компания органдарының заңнамалық және корпоративтік талаптарды орындауын қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшы компанияның тиісті органдарының Акционерлердің арыздарын тиісінше қарастыруын жəне Акционерлердің құқықтарын бұзушылықпен байланысты жанжалдарды шешуін қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшының міндеттеріне Директорлар кеңесі, оның Комитеттері шектерінде, Атқарушы орган мен Директорлар кеңесі арасында қалыпты ақпарат ағымын, сондай-ақ Директорлар қызметіне кірістіру үрдісінде жəрдемдесуді қамтамасыз ету жатады.

Корпоративтік хатшысының мəртебесін, қызметтері мен міндеттерін «Эйр Астана» АҚ ішкі құжаттары анықтайды.

Корпоративтік хатшыны тағайындау жəне қызметінен босату Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.