Жатын эконом-класс

«Эйр Астана» сіздерге жатын эконом-класын қуана ұсынады. Енді сіз Астанадан Франкфурт, Лондон және Париж бағыттарында жатын орындардың жоғарылатылған жайлылығын толық эконом-класс тарифі бағасынан сәл жоғары бағаға сезіне аласыз.

Жатын эконом-класс жолаушылары эконом-класс салонының алдыңғы жағында орналасқан және ұшу кезінде арнайы перделермен оқшауланған үш орыннан тұратын жеке кең орындарда тыныға алады. Жолаушыларға ұсынылатын арнайы матрац, мамық көрпе және жұмсақ жастық ұйқыңызды тәтті де жайлы етеді. Сондай-ақ, жолаушыларымыз iPad-да ұсынылатын KCTV жеке ойын-сауық жүйесі немесе орындықтың арқалығына орналастырылған жеке ойын-сауық жүйесі арқылы ең жаңа фильмдер мен музыка және ойындардың қалағанын көре алады.

  Жатын эконом-класс мынадай қосымша жайлылықтарды қамтиды:

  • Астана, Лондон, Франкфурт және Париж әуежайларында бизнес-класс жолаушыларына арналған күту залдарына кіру мүмкіндігі
  • Рейске тіркелу кезіндегі басымдылық
  • Жолжүктің тегін тасымалдау мөлшері: 30 кг
  • Жолаушыға 1қатардан 3 эконом-класс орыны беріледі
  • Билетті айыппұлсыз өзгертуге немесе қайтаруға болады
  • Бизнес-класс жол жиынтығы
  • Nomad Club ұпайлары билетте көрсетілген қалалар арасындағы қашықтыққа байланысты берілетін милдердің 125% көлемінде жиналады

Брондау үшін мына жерді басыңыз.