Жастар және егде жастағы адамдарға арналған тарифтер


Жастар тарифі

Онлайн режимінде жастар тарифі саяхаттың бірінші сегментінің ұшу уақыты кезінде жасы 16 мен 25* (қоса алғанда) аралығындағы жолаушыларға арналған.

* Жастар тарифін 12 мен 15 жас (қоса алғанда) аралығындағы жолаушыларға брондау үшін жетелеушісі жоқ балаларды тасымалдау ережесі бойынша алдын-ала әуекомпанияға өтініш жіберу қажет. Бұл тариф бойынша әуебилетті біздің Билет сату кеңселеріміз немесе Брондау және ақпарат орталығымыз арқылы брондай аласыз.

* Егер сіз Делиге және/немесе Делиден сапар шексеңіз және сіздің жасыңыз 26 мен 28 аралығында болса, онда сіз бұл тариф бойынша әуебилетті біздің Билет сату кеңселеріміз немесе Брондау және ақпарат орталығымыз арқылы брондай аласыз.


Егде жастағы адамдарға арналған тариф

Егде жастағы адамдарға арналған тариф саяхаттың бірінші сегментінің ұшу уақыты кезінде жасы 60-тағы немесе одан үлкен жолаушыларға арналған.

Онлайн тіркелу, мобильдік қосымшасы және дербес тіркеу терминалдары арқылы тіркелу бұл тариф үшін рұқсат етілмейді. Құжат тексеру шаралары әуежайдағы тіркелу кезінде жүзеге асады. Егер сіздің жасыңыз жоғарыда көрсетілген жас категориясына сәйкес келмесе, сіз рейске қабылданбайсыз. Бұл жағдайға байланысты шығындар үшін әуекомпания жауапты емес.

Бұл тiзiмде жастар және егде жастағы адамдарға арналған тарифтер ұсынылатын кейбір бағыттар көрсетілмеген. Сіз іздеген бағыт тізімде табылмаса, біздің Брондау және ақпарат орталығымызға хабарласыңыз.