Profile

Билетті қайта брондау және қайтару

Бұл парақша тек COVID-19 сынағы оң нәтиже бергендер үшін қайта брондау және ақшаны қайтару туралы екенін ескеріңіз. Егер сіз осы санатқа жатпасаңыз, біздің стандартты қайта брондау және қайтару ережелерімен танысуыңызды сұраймыз.

Билетті қайта брондау

Егер сіз Air Astana әуе компаниясының халықаралық бағыттарымен саяхаттап жүріп, ұшар күніңіз, не болмаса, бағытыңызды өзгерткіңіз келсе:

  1. Айыппұлсыз болашақ ұшу күніне жаңа әуебилет құнының айырмашылығын төлеу арқылы қайта брондай аласыз.
  2. Айыппұлсыз Air Astana әуе қомпаниясының өзге бағыттағы рейстеріне жаңа әуебилет құнының айырмашылығын төлеу арқылы қайта брондай аласыз.

COVID-19 сынамасы оң нәтиже берген (жарамдылық мерзімі 72 сағат) жолаушы жүгінген кезде , оған 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін нәтиже алған сәттен бастап 10 күн ішінде ақысыз қайта брондау рұқсат етіледі (саяхат 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы керек).

Бронға өзгерістер енгізу үшін Брондау және ақпарат орталығына, қалаңыздағы сату кеңсесіне немесе WhatsApp / Live Chat кеңесшісіне хабарласыңыз. Мекенжайды сілтемеден таба аласыз.

Толық қайтару

COVID-19 сынамасы оң нәтиже берген (жарамдылық мерзімі 72 сағат) жолаушы жүгінген кезде , оған 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұшу ақысын толық қайтаруға рұқсат етіледі.

Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билетіңіздің құнын толық қайтару үшін сатып алынған мекемеге жүгініңіз. Өзге жағдайда осында берілген форманы толтыру арқылы қайтарым жасай аласыз.