Әуепаркі және орындар картасы

 

«Эйр Астана» әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста жасалған қазіргі заманғы «Боинг 767-300ER», «Боинг 757-200», «Эрбас А319», «Эрбас А320», «Эрбас А320neo», «Эрбас А321» және «Эмбраер 190» әуекемелері кіреді. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» әуекомпаниясы рейстерді 31 әуекемесінде орындайды, ал 2017 жылдың аяғына дейін әуепаркті 33 әуекемеге дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

Ұшақтардың техникалық сипаттамалары  НЕМЕСЕ  Орындар картасы

 


«Боинг 767-300ER»

«Боинг 767-300ER» – кең фюзеляжды, ұзақ қашықтыққа ұшатын ұшақ. Бұл әуекеменің әрқайсысының қуаты 27 тоннаға жететін екі Pratt & Whitney қозғалтқышы бар. Әуекеме 10 550 км астам қашықтыққа сағатына орташа есеппен алғанда 900 км жылдамдықпен ұша алады. Әуекеме салоны 30 жатын бизнес-класс және 193 эконом-класс орындықтарымен жабдықталған. Әр орында алдыңғы орындықтың арқасына орналастырылған дербес ойын-сауық жүйесі бар.

«Боинг 767-300ER» алыс қашықтықтағы халықаралық бағыттарға ұшады.


«Боинг 757-200»

«Боинг 757-200» жанармайды үнемді пайдалану, төменгі дыбыс деңгейі, жайлы салон, жоғары қолдану сипаттамалары сияқты дамыған технологияларды біріктіреді. Бұл ұшақ алыс қашықтықтарға да, жақын қашықтықтарға да ұша алады. Ол өте қуатты және сенімді екі Rolls-Royce RB211 реактивті қозғалтқыштарымен жабдықталған.

«Эйр Астананың» «Боинг 757» паркінің бір бөлігі орындықтар арқасына орналастырылған дербес ойын-сауық жүйесімен жабдықталған.

Бұл әуекемелер ұзақ және орташа қашықтықтағы халықаралық және ішкі бағыттарда ұшады.


«Эрбас A319/A320/А321»

«Эйр Астана» –  Қазақстандағы алғаш рет «Эрбас A319/А320/А321» ұшақтарын қолданған әуекомпания және республикадағы басқа әуекомпаниялардың әуе паркінде мұндай ұшақ түрі жоқ. А320 ұшағының жанармай жағу төмендігі, зиянды шығарынды бөлу деңгейі және шу жолағы қоршаған орта үшін тиімді. А320 соңғы шығарылған ұшқыш кабинасы мен аваициялық электрондық құралдар технологиясымен жабдықталған.  А320 бүгін дүние жүзіндегі ең тез сатылатын ұшақ болып саналады.

А319, А320 және үлкенірек түрі А321 әуепаркіне қосылған ұшақтарымен «Эйр Астана» әуекомпаниясының халықаралық рейстерінің жиілігін арттыруға және реактивті әуекемелерді кейбір ішкі бағыттарда қолдануға мүмкіндік берді.


«Эмбраер 190»

«Эмбраер 190» қос қозғалтқышты, 9 бизнес-класс және 88 эконом-класс орны бар реактивті ұшақ болып табылады. Заманауи дизайнымен қатар, бұл ұшақ жолаушылар үшін ыңғайлы, ал ұшуларды орындау әуекеменің қызмет көрсету және отын шығындарының төмендігі арқасында тиімді болып табылады.

Бұл ұшақ ұшу ұзақтығы орташа және сапар қашықтығы 4200 км-ден аспайтын рейстерді орындайды.


Ұшақтардың техникалық сипаттамалары


«Боинг 767-300ER»
«Боинг 757-200»
«Эрбас A320neo»
«Эрбас A320»
«Эрбас А321»
«Эрбас А319»
Эмбраер 190»
Тұрақты жылдамдығы (км/сағ) 850 850 828  850 825 825 800
Қашықтық (км) 11000 7250 6850  6100 5950 6850 4500
Тиімді жүгі (кг) 37500 23000 18400  16400 23000 14500 11500
Максималды көтеру салмағы (кг) 176447 113398 79000  77000 89000 75500 49990
Шекті биіктігі (метр) 12300 12500 11800  12100 12100 12100 12500
Ұшу экипажы (ұшқыштар) 2 2 2 2 2 2
Бортсеріктер 8 6  6 6 7 5 4
Жолаушылар салоны (бизнес-класс) 30 16 16 16 28 12 9
Орындықтар арасындағы қашықтық (бизнес-класс), дюйм 45-59 57 37  37 37-38 38 36
Орындық ені (бизнес-класс), дюйм 19,6-21,4 21  21 21 21-22,1 21 20
Жолаушылар салоны (эконом-класс) 193 150 132  132 147-151 114 88
Орындықтар арасындағы қашықтық (эконом-класс), дюйм 30-32 31-32 30-35  30-35 30-32 32 31
Орындық ені (эконом-класс), дюйм 18,1 18,1 16,3-18,0  16,3-18 16,3-18 16,3-17,8 18,2
2017 жылдың қазан айына дейінгі орташа пайдалану мерзімі (жылдар) 3,86 20,33  1,02 4,90 11,45 9,25 5,37

.

Edit Album Re-Order the Album Images

Әуепаркі

Орындар картасын көру үшін төменде берілген суреттерді басыңыз

  • Airbus-321-231_Seat_Map.jpg
  • Boeing 767-300ER - Seat Map
  • Boeing 757-200 with winglets - Seat Map
  • Airbus 320-232 - Seat Map
  • Airbus 319-132 - Seat Map
  • Embraer 190 - Seat Map
Edit Album Re-Order the Album Images

Әуекемелер сырты

Әуекемелер сыртын көру үшін төменде берілген суреттерді басыңыз

  • Airbus-319-132.jpg
  • Airbus-320-232.jpg
  • Airbus-321-231.jpg
  • Boeing-757-200_with_winglets.jpg
  • Boeing-767-300-ER.jpg
  • Embraer 190.jpg