Біз туралы

Міндет, мақсаттар және құндылықтар

Міндет

Біз Еуразия жүрегінен әлемдегі ең үздік әуекомпаниялардың бірін құрып жатырмыз.


Мақсаттар

  1. Біз ең жоғары халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз етеміз.
  2. Біз аймақтағы клиенттерге ең жоғары деңгейдегі қызмет көрсететін ең сенімді әуекомпания болып табыламыз және болуға міндеттіміз.
  3. Біз әуе кемелері паркінің, ұшу географиясының және ұсынылатын өнімнің тиімді өсуін қамтамасыз етеміз.
  4. Біз шыншылдық пен іскерлік этиканың ең жоғары стандарттарын ұстанамыз.
  5. Біз қызметкерлерді олардың сіңірген еңбегіне сәйкес жұмысқа тартып, бағалап,марапаттап, оларға өз әлеуетін барынша іске асыруға мүмкіндік береміз.
  6. Біз - әлеуметтік тұрғыдан жауапкершілігі мол ұйымбыз.
  7. Біз Қазақстанның жаһандық елшісі болып табыламыз. 

 

Құндылықтар

Hospitable (Қонақжайлылық)

Біз әрбір адамды, ол клиент болсын, әріптес болсын қонақ ретінде қарсы аламыз. Біз жылы шырайлылықты, мейірімділікті, өнегелілікті білдіре отырып әрқашан көмекке келуге дайынбыз.

Efficient (Тиімділік)

Біз - біліміміз бен жеке қасиеттеріміздің негізінде сапалы нәтижелерге қол жеткізетін кәсіпқойлармыз. Біз өзіміздің біліктілігімізді дамыта отырып өз уақытымызды тиімді қолданамыз.

Active (Белсенділік)

Біз күтімдерді болжай отырып әріптестеріміз бен клиенттеріміздің талаптарына уақытылы жауап береміз. Біз өз қабілетімізді барынша пайдалана отырып жұмыс жасаймыз және әркашан жақсаруға ұмтыламыз.

Reliable (Сенімділік)

Біздің жұмысымыздың сапасы сенімді және тұрақты. Біз әрқашан берген уәдемізде тұрамыз.

Trustworthy (Сенімге тұрарлық)

Біз шыншылмыз және ешқашан өз ар-ұятымызға қарсы әрекет жасамаймыз. Клиенттер мен әріптестеріміз бізге сене алады.