Бағдарламаға қатысу дәрежелері мен марапаттар


Бізді үздіксіз қолдайтын жолаушылар аса жоғары көңіл мен ризашылыққа лайық, сондықтан біз жиі ұшатын жолаушыларымызға ерекше артықшылықтар жүйесін ұсынамыз.

«Эйр Астана» бағдарламаға қатысудың төрт түрлі дәрежелерін ұсынады: көк, күміс, алтын және гауһар. Бағдарламаға тіркелген кезде сізге бастапқы көк дәреже тағайындалады. «Эйр Астана» әуекомпаниясының ұшақтарымен неғұрлым көп ұшсаңыз, соғұрлым көп ұпай жинайсыз, яғни келесі деңгейге соғұрлым тезірек жетесіз.

Nomad Club бағдарламасының күміс, алтын немесе гауһар дәрежелеріне жету үшін бір күнтізбелік жыл ішінде (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) төменде көрсетілген дәреже талаптарын орындауыңыз қажет. Қажетті дәрежеге жеткеннен кейін, сізге элит дәрежесінің картасы жіберіледі. Сол мезеттен бастап сіз мынадай түрлі артықшылықтарға ие бола аласыз.

Сапарыңыздың жайлылығы үшін, біз әрқашан қосымша артықшылықтар санын көбейтуге ұмтыламыз.

 
Дәреже Дәреже талаптары Артықшылықтар


Көк

Тіркелу кезінде автоматты түрде беріледі

  • Онлайн тәртібінде жеке профайлға кіру мүмкіндігі
  • Электронды мекенжайға жүріп жатқан акциялар мен жаңалықтар туралы Nomad Club бағдарламасынан мерзімді хабарлама жіберілімдері
  • Жылына 15 000 бонустық ұпайлар сатып алу
  • Карточканың қызмет ету мерзімі шексіз
  • Жылына 4000 ұшу ұпайын немесе 5 ұшу сегментін сатып алу
 

Күміс

25000 ұшу ұпайы немесе 30 ұшу сегменті

  • 25% бонус ұпай
  • Рейске тіркеу кезіндегі артықшылық
  • 10 кг қосымша жолжүгіне рұқсат
  • Жылына 30 000 бонустық ұпайлар сатып алу
  • Аты-жөні жазылған жүк биркалары
  • Жылына 5 600 ұшу ұпайын немесе 7 ұшу сегментін сатып алу
 

Алтын

50000 ұшу ұпайы немесе 60 ұшу сегменті

  • 50% бонус ұпай
  • Рейске тіркеу кезіндегі артықшылық
  • Бизнес-класс күту залы + 1 қонақ, «Эйр Астана» әуекомпаниясының бір рейсінде коммерциялық авиабилетімен сапар шеккен
  • 20 кг қосымша жолжүгіне рұқсат
  • Kүту тізімінде басындық беріледі
  • Жылына 30 000 бонустық ұпайлар сатып алу
  • Аты-жөні жазылған жүк биркалары
  • «Эйр Астана» бортында ең ыңғайлы орындарды тегін таңдау
 



Гауһар

100 000 ұшу ұпайын немесе 125 ұшу сегменті


  • Бизнес-класқа жыл сайын екі тегін жоғарылату
  • Nomad Club элит дәрежесін сыйға беру мүмкіндігі
  • Әр рейс үшін екі есе көбірек бонустық ұпайлар
  • Бизнес-класс күту залдары + 1 қонақ, «Эйр Астана» әуекомпаниясының бір рейсінде коммерциялық авиабилетімен сапар шеккен
  • 25 кг тегін жүк алып жүру нормасының ұлғайтылуы
  • Жылына 100 000 бонустық ұпайлар сатып алу
  • Күту тізіміндегі басымдық
  • Бонустық ұпайларды аудару мүмкіндігі
  • Бизнес-класс орнында тіркелу
  • «Гауһар» дәрежелі қатысушыларымызға арналған тегін Wi-Fi
  • «Эйр Астана» бортында ең ыңғайлы орындарды тегін таңдау