Ұшақтағы ойын-сауық


In-Flight Entertainment

KCTV

Жеке KCTV ұшу уақыты 3 сағаттан асатын рейстерде бизнес-класс жолаушыларына ұсынылады. Жақсы кино немесе сүйікті бағдарламаңызды тамашалағыңыз келсе, әдемі әуен тыңдап, видео-ойындар немесе электорондық журнал қаласаңыз, KCTV сіздің көңіліңізден шығады. Сондай-ақ, бізде ең кішентай жолаушыларымызға арналған мультфильмдер тізімі бар. Ал шу бәсеңдеткіш тыңдауыштармен сазды әуен мен кино әлеміне толықтай кенелесіз. Бойыңызды еркін ұстап, ұшу рахатын сезініңіз.

АУДИО

Радио арналарынан алуан түрлі әуендерді тыңдап көңіліңізді шаттандырыңыз. Ең талғампаз тыңдармандарымызға 50-ден астам трек және кез-келген талғамға сай қазақ әндерінен бастап, ретро, соңғы хиттерге дейін, лаундж, классика, шетел және тағы басқа музыка тізімін ұсына аламыз.

«БОИНГ-767»

«Боинг 767» ұшағымызда өзіңізге ұнаған бағдарламаны немесе фильмді тек экранды қолыңыздың ұшымен бір түрткеннен таңдай аласыз. Бизнес-класстың креслолары мен эконом-класс креслоларының артында ойын-сауық жүйесін басқару пульті бар. Бизнес-класс жолаушылары шу бәсеңдеткіш тыңдауыштардың арқасында сүйікті әуен немесе фильм әлеміне толықтай кенеле алады.

MyWIFI  «Эйр Астана» бортында

«Эйр Астана» Immarsat Global Xpress (GX) атты жылдам кең жолақты жаhандық серіктік желісін орнатты. Жақын арада әуекомпания бұл қызметті барлық «Боинг-767» ұшақтарында ұсынуды  жоспарлайды .

Сіздер 2 Мбит/с жылдамдықпен  веб-парақшаларды, электрондық поштаны, әлеуметтік желілерін ашып, аудио файлдар тыңдап, суреттеріңізді жария ете аласыздар.

Біз үш түрлі пакет ұсынамыз: 

  • «Жеңіл»  25 МБ
  • «Бизнес» 50 МБ
  • «Супер» 100 МБ

Қызметке қол жеткізу  үшін MyWIFI  желісіне қосылып, қалаған пакетті таңдап, ақысын банк картасымен  төлеу қажет. Қолдану нұсқауымен осы жерде таныса аласыздар.

 

Ойын-сауықтың барлығы сіздердің қолдарыңызда

Қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында жолаушыларға KCTV Stream тегін қызметін ұсынатынымызды қуанышпен хабарлаймыз. 2016 жылдың қараша айынан бастап біз әуе компанияның жеке экранмен жабдықталмаған барлық ұшақтарына жолаушылардың байланыс құралдарына жоғары жылдамдықпен мультимедиалық контент тарататын жүйесін орналастырамыз.

KCTV Stream қосылуы сымсыз байланыс арқылы жүзеге асырылады және оны кез келген байланыс құралына, яғни ұялы телефон (IOS,Android ), планшет пен ноутбукқа қосуға болады.

In-Flight Entertainment

In-Flight Entertainment

Қолдану тәсілімен осы жерде таныса аласыз.


Ұшақтағы ойын-сауық бағдарламасы*

*  Ұшақтағы ойын-сауық бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат үшін KCTV нұсқаулығын көріңіз.