«Эйр Астана» бизнес-класында cіз демалып саяхаттайсыз



Саяхаттау сізді шаршатпау да, қалыптасқан кертартпа тәртіп әсерін қалдырмау да керек. «Эйр Астана» бизнес-класында саяхаттау сізді бұл әсерлерден сақтайды. Ыңғайлы және кең орындар, босаңсыту атмосферасы және әуе бортындағы ойын-сауық  бағдарламасы – бұл «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпаниясы» ұсынар артықшылықтардың бірі.

СІЗ ЖОЛ БОЙЫ ҰЙЫҚТАҒЫҢЫЗ КЕЛУІ МҮМКІН

Креслоңыздың артын ыңғайлап абсолютті көлденең деңгейде ұйықтау арқылы үлкен мақсаттарға және қызықты оқиғаларға толы саяхатқа күш жинаңыз*. Үлкен аралықтағы рейстарға сізге жылы көрпеше ұсынылады, ал сәндік жарықтандыру сіздің барынша демалуығызға әсерін тигізеді.

*көлденең деңгейге ыңғайланатын креслолар B767 әуебортында жабдықталған.

СІЗДІҢ КӨҢІЛ КҮЙІҢІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖАБДЫҚТАР

Элиталық белгілі брендтер Christian Lacroix, Oscar de la Renta және Furla ұсынған жол жиынтықтары орта және ұзақ магистральді рейстерде сізге барлық қажеттіні ұсынады. Саяхат барысында өзіңізді тек биіктікте сезініңіз.

Толығырақ

БӘРІ – БАЛАЛАРҒА

Біздің мақсатымыз – ең жас жолаушыларымыздың жүзіне күлкі сыйлау. Қиялдау – балаларға тән ерекшілік. “Cупер бас-аспазшы” және “Сәулетші” жаңа балаларға арналған жиынтықтарымен «Эйр Астана» армандаған мамандықтарында өздерін сынап көруге мүмкіндік береді.

Толығырақ

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАҒАМДАРДАН БИІКТІКТЕ ЛӘЗЗАТ АЛЫҢЫЗ

Біз жолаушыларымыздың тағам саяхатын «Эйр Астана» әуебортында бастауына тырысамыз. Біздің әуеборттағы тағам командасы ұсынған инновациялық ас мәзірін татып, өзіңіздің тағам сезіміңізді жандандырыңыз.

БИЗНЕС-КЛАСҚА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА – ЖЕРДЕ

Бизнес-класс билеттері сізге дүние жүзі бойынша бизнес лаундж аймақтарын пайдалануға мүмкіндік береді – бұл саяхат алдында демалуға мүмкіндік. Сіздерді атына заты сай Шаңырақ, керемет атмосфералы, казақи қонакжайлылықтан туындаған бизнес лаундж аймағына шақырамыз.

Толығырақ

 

ЖЕКЕ ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ – СІЗДІҢ ТАНДАУ ЕРКІНДІГІҢІЗ

Біздің KCTV* жеке ойын сауық бағдарламасы ұсынған соңғы кино, телебағдарлама және әр жанрдағы музыка топтамаларынан таңдау жасаңыз. Газет, журнал көпшілігі және электрондық пресса сізге әркез әлемдегі соңғы жаңалықтар толқынында болуға мүмкіндік береді.

Толығырақ

 

*B767 әуебортында және орта және үлкен аралықтағы рейстерде қол жетімді.