«Эйр Астана» сыйлық карталары

Жақындарыңызға пайдалы сыйлық іздеудесіз бе? Онда сіз біздің билет сату кеңселерімізден құны 10 000, 20 000 және 50 000 теңге тұратын арнайы сыйлық карталарын ала аласыз. Бұл карталарды кез келген бағыттағы рейс әуебилетіне айырбастауға болады.

Таралым саны шектеулі, сондықтан асығыңыз!

Карталар сатылымда бар екенін алдын ала тексергеніңіз абзал.

 

Ережелер мен шарттар

  1. Сыйлық карталары Қазақстан Республикасының аймағынды орналасқан әуе компанияның жеке меншік кеңселерінде ғана сатылады. Сыйлық карталары арқылы әуе билеттер әуе компанияның жеке меншік кеңселерінде ғана жазылады.
  2. Сыйлық карталары тек «Эйр Астана» әуе компаниясы орындайтын рейстерге әуе билеттерді және алымдарды төлеуге жарамды.
  3. Сыйлық картасымен бір немесе бірнеше әуе билет сатып алуға болады. Сонымен қатар бір әуе билетті сатып алуға бірнеше сыйлық карталарын пайдалануға болады.
  4. Сыйлық карталарын қайтаруға немесе айырбастауға болмайды. Сыйлық картасы ақшаға айырбасталмайды. Егер сыйлық картасымен төленген билет тариф ақысы сертификат құнынан төмен болса, ақша айырмасы қайтарылмайды.
  5. Сыйлық картасы арқылы сатып алынған әуе билет лайықты тарифтің қолданысының жөн-жосықтары бойынша пайдаланылады.
  6. Сыйлық карталарының қолжетімді номиналдары – 10 000, 20 000 и 50 000 теңге.
  7. Сыйлық картасының атаулы иесі жоқ, кез келген жолаушы оны пайдалана алады.
  8. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен сыйлық картасы қайтарылмайды және айырбасталмайды. Сыйлық картасын пайдалану арқылы сатып алынған билет қайтарылған жағдайда, тарифтің және алымдар мен салықтардың карта құнына қосымша ақшалай төленген бөлігі ғана қайтарылады, ал картаның құны қайтарылмайды.
  9. Картаның жарамдылық мерзімі – сатып алынған күннен бастап 1 жыл. Осы уақыт ішінде билет сатып алыну керек. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен картаға билет сатылмайды.
  10. Сыйлық картасы тек қана бір валютада – теңгеде шығарылады. Билет басқа валютада сатып алынған жағдайда, картаның құны басқа валютаға ағымдағы бағамен айырбасталады.
  11. Жоғалтылған, ұрланған немесе бүлінген сыйлық карталарын «Эйр Астана» компаниясы қайта қалпына келтірмейді немесе қайта шығармайды.
  12. Сыйлық карталары арқылы «Эй Астана» компаниясының келесі қосымша қызметтері мен өнімдерін төлеуге болмайды: қызмет көрсету класын жоғарылату, мөлшерден артық жолжүк, жиі ұшатын жолаушыларға арналған Nomad Club бағдарламасының ұпайлары, брендтелген промо-бұйымдар.
  13. «Эйр Астана» АҚ жоғарыда көрсетілген ережелердің бұзылуы немесе алаяқтық жайлы күдік туған жағдайда сыйлық картасына билет сатпауға немесе билетті жоюға құқылы. 
  14. «Эйр Астана» АҚ осы ережелерді алдын ала хабарлаусыз өзгертуге құқылы.
  15. Сыйлық карталарын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.