Біз туралы

«Эйр Астана» әуекомпаниясының басшылығы

 

Питер Фостер – «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті

Питер Фостер – «Эйр Астана» әуекомпаниясының президентіПитер Фостер мырза авиация саласындағы мансабын Кэмбридж Университетін 1982 жылы бітіргеннен кейін Cathay Pacific Airways Ltd әукомпаниясының құрылтайшысы болып табылатын John Swire and Sons (HK) Ltd әуекомпаниясында машықтанушы-менеджер қызметінен бастады. 1982-1999 жылдары Cathay Pacific Airways әуекомпаниясында Гонгконг, Азия, Австралия және Еуропада менеджер, содан кейін бас менеджер қызметінде жұмыс істеп, Францияда (INSEAD) іскерлікті басқару тәлімін алды. Питер Фостер мырза Cathay Pacific Airways әуекомпаниясында жұмысын 1999 жылы аяқтап, Philippine Airlines әуекомпаниясының реанимациялық тобын басқарды. Бері келе 2002-2005 жылдар аралығында Royal Brunei Airlines әуекомпаниясында бас атқарушы директор лауазымында жұмыс атқарып, 2005 жылы "Эйр Астана" әуекомпаниясының Президенті лауазымына тағайындалды. 2015 жылғы Ұлыбритания жетістіктерінің жаңажылдық тізіміне сәйкес, Питер Фостер Қазақстандағы Британдық авиацияның дамуына қосқан өз үлесі үшін Британ империясы (OBE) орденінің иегері атағына ие болды.

 

Алма Алигужинова – Жоспарлау жөніндегі атқарушы директор

Алма Алигужинова – Жоспарлау жөніндегі атқарушы директорАлма – «Эйр Астана» әуекомпаниясында 2001 жылдан бастап, құрылу кезінен бері, ұшулар орындалмастан бұрын жұмыс істеп келе жатқан, алғашқы қызметкерлердің бірі. Алма еңбек жолын компанияда корпоративті қатынастарды дамыту мәселесімен айналысатын менеджер қызметінен бастады. Кейінірек корпоративті қатынастарды дамыту мәселесімен айналысатын директор қызметіне тағайындалды, кейін корпоративтік жоспарлау аға вице-президентінің қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Алма жоспарлау жөніндегі атқарушы директорінің қызметін атқаруда. Алма «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Шығыс Каролина Университетін бітіріп, МВА – Іскерлік ұйымдастыру магистірі дәрежесін алған.


Ибрагим Жанлыел – Қаржы жөніндегі атқарушы директор

Ибрагим Жанлыел – Қаржы жөніндегі атқарушы директор

Ибрагим «Эйр Астана» әуекомпаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі, және 2003 жылдан бастап компанияның бірқатар салаларда жұмыс атқаруда. Ол туристік индустриясында еңбек жолын 25 жыл бұрын бастады, авиация саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. «Эйр Астана» әуекомпаниясына келмес бұрын, ол KLM әуекомпаниясының Таяу Шығыстағы және одан кейін Алматы қаласында орналасқан компанияның Қазақстан мен көрші мемлекеттер өкілдігінде жұмыс атқарды. Сонымен қатар ол, үшінші мерзім Қазақстандағы Еуропалық Іскерлік Қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Ибрагим Ыстамбұлдағы Boğaziçi University университетінің МВА дәрежесіне ие және Marmara University оқу орнынан экономикалық жоғары білім алды.

 

Энтони Реган – Өндірістік мәселелер жөніндегі атқарушы директор

Энтони Реган – Өндірістік мәселелер жөніндегі атқарушы директорЭнтони авиаиндустрия саласында 35 жыл еңбек істеп келеді. Ол 2001-2012 жылдары Air France-KLM еуропалық холдингтік әуекомпанияның Cityjet еншілес кәсіпорында ұшу өндірісінің жетекшісі болды. Онда ол CAE Parc Aviation (әуекомпанияларға жердегі жұмыскерлерді және ұшу құрамын дайындау бойынша ұйымы) директоры болған. Еңбек жолының басында Энтони ұшқыш ретінде Ирландияның әуе корпусында (Ирландия қорғаныс күштері) істеген, оның құзырына ұшу өндірісінің міндеттері кірген. Ол операциялық қызмет бойынша бірқатар лауазымда істеген, соның ішінде ұшу бойынша бас нұсқаушы. Зейнетке комендант атағында шыққан. Ол көлік авиация ұшқышының EASA және FAA ATPL әрекеттегі лицензиясының иегері. Энтони Дублин университеттік колледжінің математика және математикалық физика саласындағы түлегі.

 

Герхардус Коетци – Корпоративтік қауіпсіздігінің стандарттар жарасымына қамтамасыз ету жөніндегі аға вице-президент

Герхардус Коетци – орпоративтік қауіпсіздігінің стандарттар жарасымына қамтамасыз ету жөніндегі аға вице-президент

Герхардус өз еңбек жолын әуе күштері штурманы ретінде бастады; қауіпсіздікті басқару, экипаж ресурстарын басқару және Ұшу тәртібін жобалау бойынша біліктілігі бар, ерекше оқиғаларды зерттеуші маманы. Ол коммерция саласындағы бакалавр дәрежесіне ие, Оңтүстік Африка Университетінің көлік экономикасы факультетін үздік аяқтаған. Соңғы 25 жыл ішінде, ұшулардың қауіпсіздігін сақтау саласында, соның ішінде BAE Systems компаниясының басқарушы кеңесшісі ретінде ұшу қауіпсіздігін арттыруда белсенді жұмыс атқарған.

 

Азамат Оспанов – Қаржылық есептілік жөніндегі вице-президент, Бас есепші

Азамат Оспанов – Қаржылық есептілік жөніндегі вице-президент, Бас есепші

Азамат Оспанов Сулейман Демирел атындағы университетін есеп, аудит және экономика салаларында оқып бітірген. Ол өз мансабын 2003 жылы Ernst and Young компаниясында аудитор ретінде бастап, кейін жұмысын KPMG компаниясында жалғастырды. Азаматтың аудиторлық тәжірибесі, соның ішінде авиация саласындағы қаржылық аудит тәжәрибесі мол. 2007 жылы Азамат аудит менеджері болып тағайындалды, ал 2009 жылдың сәуір айында  «Эйр Астана» әуекомпаниясына ауысып, жұмысын қаржы мәселелері жөніндегі аға менеджері болып бастады. 2013 жылдың қаңтар айында Азамат инженерлік-техникалық департаментінің қаржы мәселелері мен материалдық қамтамасыз ету жөніндегі директоры болып тағайындалды. Авиация саласының қаржылық мәселелері жөнінде үлкен тәжірибе жинап 2017 жылдың сәуір айында Азамат Қаржылық есептілік жөніндегі вице-президент, Бас есепшіболып тағайындалды.

 

Евгения Ни – Қызметкерлерді басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президент

Yevgeniya Nee – Vice President HR and Administration

Евгения Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі және ағылшын/француз тілдері мен заң саласы бойынша диплом иегері. Ол «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы жұмысын 2002 жылдың қараша айында, Президенттің атқарушы көмекшісі ретінде бастады. Евгения «Эйр Астана» әуекомпаниясында жұмыс істеместен бұрын, «Интерконтиненталь» қонақ үйінде 4 жыл бойы әкімшілік бөлімінің атқарушы хатшысы болып істеген.

 

Валентина Хегай – Ішкі аудитті жүргізу жөніндегі вице-президенті

Валентина Хегай – Ішкі аудитті жүргізу жөніндегі вице-президенті

Валентина «Эйр Астана» компаниясында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді, бұған дейін аудит, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында едәуір тәжірибесі болған. Аудиторлық қызметпен 1996 жылы айналыса бастаған. Бұған дейін жергілікті және халықаралық компанияларда бас бухгалтер, қаржы директоры және сыртқы аудитор лауазымдарында жұмыс істеген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Сертификатталған ішкі аудитор (CIA and DipPIA of ICFM), Қазақстан Республикасының лицензиялы аудиторы және Кәсіби бухгалтер болып табылады. Валентина Хегай «Эйр Астана» компаниясы Акционерлерінің Жалпы жиналысының 2007 жылғы 07 желтоқсандағы шешімімен Ішкі аудит қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Галина Умарова – Отын және жанармай қорларын басқару жөніндегі вице-президент

Галина Умарова – Отын және жанармай қорларын басқару жөніндегі вице-президент

Галинаның авиация саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. «Эйр Астана» әуекомпаниясына келмес бұрын, «Астана Халықаралық Әуежайы» АҚ-ның Қаржы Директоры болып қызмет атқарды. Галина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінде жоғары білім алған, сондай-ақ Қазақстан Менеджемент Экономика және Бизнес Институтының (ҚМЭБИ) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие. Галина Дипломды қаржы аналитиктері институты (CFA Institute) берген CFA біліктілігіне ие, сонымен қатар ол Халықаралық тәуекелдерді басқару кәсіпқойлары қауымдастығының (GARP) сертификатталған Қаржы тәуекелдері менеджері (FRM) болып табылады. 

 

Айдар Қашқарбаев – Заң мәселелері жөніндегі вице-президент

Айдар Қашқарбаев – Заң мәселелері жөніндегі вице-президент

Заң саласындағы еңбек тәжірибесі 15 жылдан асады. Осы тәжірибесін ол 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінде бастаған. «Эйр Астана» АҚ компаниясына келгенге дейін Denton Wilde Sapte заң компаниясында және KPMG консалтинг компаниясында, сонымен қатар Батыс Қазақстанда орналасқан Қарашығанақтағы Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясы заң департаментінің менеджері ретінде қызмет атқарған. Айдар Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетін бітірген. Visiting scholar бағдарламасы бойынша Оңтүстік Иллинойс Университетінде (АҚШ) тәлім алған.

Чаминдра Ленава – Ақпараттық технологиялар және электрондық бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент

Чаминдра Ленава – Ақпараттық технологиялар және электрондық бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент

Чаминдра үш ұлттық әуекомпанияларында басқару тәжірибесін жинақтаған авиациялық бизнес саласындағы кәсіпқой. Ол өзінің авиациядағы мансабын 1999 жылдың шілдесінде Emirates авиакомпаниясының басқаруында болған SriLankan Airlines әуекомпаниясымен бастады. «Эйр Астана» әуекомпаниясына келер алдында ол Etihad Airways әуекомпаниясында жұмыс істеген. Авиация индустриясына келгенге дейін, ол университетте электроника және телекоммуникацияларды зерттеу саласында жұмыс істеді. Чаминдра Іскер әкімшілдік магистрі дәрежесін (Коломбо университетінде), Заң ғылымынын бакалавры дәрежесін (Лондон университетінде), және электроника мен телекоммуникация технологиялары саласында бакалавр ғылыми дәрежелерін (Моратува университетінде) меңгерген. Оған қоса, Чаминдра жобаларды басқару саласында PMP (Project Management Professional, PMI USA) дәрежесі бойынша сертификатталған маман және Британ компьютерлік қауымдастығының ақпараттық технологиялары бойынша сертификатталған кәсіпқой (CITP). Ақпараттық технологиялардың әртүрлі салаларында сертификаттардың иегері және әуебилеттердi брондау мен рәсiмдеу, жөнелтімдерді басқару жүйелерінің, және бизнес-процестерді басқару жүйелерінің кәсіпқой маманы болып табылады.

Белла Тормышева – Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі Вице-президент

Белла Тормышева – Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі Вице-президент

Бұқарамен байланыс және мәдени-ақпараттық қызмет салаларында 15 жылдан астам жұмыс атқарған. «Эйр Астана» әуекомпаниясына келместен бұрын Еуропалық Комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Өкілдігінде жұмыс істеді. Халықаралық қатынастар магистрі. Сонымен бірге Белла шет елдерде түрлі тренингтерден өткен.

 

 

Диляра Кунхожаева – Сатып алу жөніндегі вице-президент

Диляра Кунхожаева – Сатып алу жөніндегі вице-президент

Диляра әуекомпанияда еңбек қызметін 2006 жылы қаржы талдаушы ретінде бастады. ҚМЭБИ іскерлік басқару және бухгалтерлік есеп факультетін тәмамдап, іскерлік басқару бакалавры және магистры дәрежесін алды. Университеттен кейін Ernst & Young компаниясында және ҚМЭБИ қызмет атқарған. 2008 жылдан басқарушы есеп бөлімінің бастығы болған. 2012 жылдан сатып алу департаментінің директоры жұмысын атқарған.

 

Денис Иванов – Үкіметтік, заңнамалық мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі аға вице-президент

Денис Иванов - Үкіметтік, заңнамалық мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі аға вице-президент

Денистің мемлекеттік басқаруда 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Авиациядағы мансап жолын 2010 жылы бастады, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Бүркіт" мемлекеттік әуекомпаниясының" РМК директоры болып жұмыс істеді. Ол авиациялық индустриясы мансабына дейін орталық және жергілікті басқару органдарында бірқатар басқарушы қызметтерін атқарған. Денистің инженер-механик және юриспруденция мамандығы бойынша білімі және іскери әкімшілік саласындағы магистр дәрежесі бар (Еуропалық университет, Швейцария).

 

Aйман Тілеубаева – Коммерциялық жоспарлау жөніндегі вице-президент

Aйман Тілеубаева – Коммерциялық жоспарлау жөніндегі вице-президент

Айман «Эйр Астана» әуекомпаниясында өзінің еңбек жолын 2003 жылдың қараша айынан бастап коммерциялық жоспарлау менеджері қызметінен бастады. Ол ұшу кестесі мен желіні жоспарлауға жауапты ретінде жұмыс атқарды. «Эйр Астана» әуекомпаниясына дейін Айман «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында бес жылға жуық еңбек етті. Айман Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды. 2009 жылдың ақпан айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясында коммерциялық жоспарлау және кіріс басқару директоры қызметіне тағайындалған. 2013 жылдың басынан кірісті басқару және желілік жоспарлау жөніндегі вице-президент. 2018 жылдан бастап коммерциялық жоспарлау жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

 

Айжан Омар – Басқарушылық есеп және тәуекелді басқару департаментінің вице-президенті

Айжан Омар – Басқарушылық есеп және тәуекелді басқару департаментінің вице-президенті

Айжан М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің түлегі және халықаралық экономикалық қатынастар саласы бойынша диплом иегері. ҚМЭБИ іскерлік басқару және бухгалтерлік есеп факультетін бітіріп, іскерлік басқару магистры дәрежесін алды. Ол "Эйр Астана" әуекомпасияндағы жұмысын 2006 жылдың тамыз айында қаржы талдампазы ретінде бастады. 2012 жылдың маусым айынан бастап есеп бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2014 жылдың қаңтар айында Басқарушылық есеп және тәуекелді басқару департаментінің вице-президенті болып тағайындалды.

Рассел Эллис – Оперативті басқару жөніндегі вице-президент

Рассел Эллис – Оперативті басқару жөніндегі вице-президент

Расселдың 26 жылдан астам авиацияда жұмыс істеу тәжірибесі бар және ол 2007 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясына келмес бұрын, Оңтүстік Африка Республикасы мен Таяу Шығыстағы түрлі әуекомпанияларда бірқатар басқарушы қызметтерін атқарған. Расселдың еңбек жолы әскери салада басталып, ол навигация маманы және нұсқаушы ретінде тәжірибе жинаған. Рассел «Эйр Астанада» күнделікті ұшулардың орындалуын бақылау және төтенше жағдайларда әрекет ету дайындығы үшін жауапты.

 

Ричард Леджер – Сату және маркетинг жөніндегі вице-президент

Ричард Леджер – Сату және маркетинг жөніндегі вице-президент

Ол Ланкастер университетін саяхат және туризм саласы бойынша магистрі және Лондон Университетінің география саласын бакалавр дәрежесімен бітіргеннен кейін өзінің авиация саласындағы мансабын 1993 жылы бастады. Оның туризм индустриясында бірінші қызметі Тайланд және Үндістанда туристік қызметтерді ұсынатын компанияда туристік операциялар бойынша менеджер лауазымы болған, содан кейін Ричард Wexas International компаниясында Round the World маманы болған. Содан кейін Ричард 5 жылдай Лондондағы Сингапур әуежолдарында корпоративті саудада жұмыс істеді. «Эйр Астана» әуекомпаниясына дейін 2005 жылдың қаңтар айында Royal Brunei Airlines компаниясында сатулар және маркетинг жөнінде менеджер қызметінде істеген. Ричард «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы қызметін 2006 жылдың маусым айынан бастап Лондонда орналасқан Еуроодақ және АҚШ және Канададағы аймақтық бас менеджер лауазымынан бастады. Ол негізінен сол аймақтағы сауда желісіне жауапты ретінде жұмыс атқарды. Ричард үйленген, 3 баласы бар. 2009 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясының Қазақстан және шетелдегi сатылым жөніндегі директоры, кейін 2017 жылдың қаңтар айында Сату және маркетинг жөніндегі вице-президентi болып тағайындалды.

 

Маргарет Фелан – Бортта қызмет көрсету жөніндегі вице-президент

Маргарет Фелан – Бортта қызмет көрсету жөніндегі вице-президент

Маргареттің авиация саласындағы еңбек тәжірибесі 24 жылдан асады. Ол Ирландияның сауда колледжінде білім алған. Маргарет 1995-2012 жылдар аралығында CityJet (Air France/KLM) компаниясында бортсеріктерді дайындау мен стандарттау және бортта қызмет көрсету жөніндегі басшы қызметтерін атқарған. Маргарет "Эйр Астана" әуекомпаниясына 2013 жылы Бортта қызмет көрсету жөніндегі директор қызметіне келіп, 2016 жылы Бортта қызмет көрсету жөніндегі вице-президент болып тағайындалды. Қазақстан Халықаралық Мектебінің басқарма мүшесі.

 

Александр Небога – Жерде қызмет көрсету департаментінің вице-президенті

Александр Небога – Жерде қызмет көрсету департаментінің вице-президенті

Александр Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетін аяқтап, әуекомпаниядағы қызметін 2005 жылы жерде қызмет көрсету бөлімінің жерде қызмет көрсету агенті ретінде бастады. 2010 жылға дейін компаниядағы мансабы кезінде Александр жауапкершілігі биік дәрежедегі түрлі лауазымдарға ие болып, және де 2010 жылдан бастап жетекші қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бастап Александр әуекомпанияның Алматы қаласы әуежайында орналасқан өкілдігін басқарды. 2013 жылы Ұлыбританияның Крэнфилд университетінде Менеджерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады. 2016 жылдың қаңтар айында ол әуекомпанияның Жерде қызмет көрсету департаментінің директоры болып тағайындалды. 2017 жылдың қаңтар айында Жерде қызмет көрсету департаментінің вице-президенті болып тағайындалды. Үйленген, екі баласы бар.


Кит Уордл – Инженерлік-техникалық қызмет ету жөніндегі вице-президент

Кит Уордл – Инженерлік-техникалық қызмет ету жөніндегі вице-президент

Ең алдымен, Кит - лицензияланған авиация инженері, ол Лондондағы Кингстон университетінде оқыған және авиациялық техника саласын үздік дипломға бітіріп, кәсіби инжиниринг саласының магистр дәрежесін алған. Оның мансабы 1985 жылы Ұлыбританияның Корольдік әуе күштерінде авиациялық техника шеберінің оқушысы ретінде басталды. Сәтті әскери мансабынан кейін авиациялық инженер лицензиясын алып, Кит BAE Systems және DHL Express компанияларында жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап жолаушылар мен жүк тасымалдау әуекомпанияларының басқару лауазымдарында жұмыс атқаруда, бұл ісіне әуе кемелерге техникалық қызмет көрсету операцияларын басқару және әуе кемелер мен қозғалтқыштарға келісім-шартты түрде қызмет көрсету операцияларын басқаруда кіреді. Кейінірек Кит инженерлік-техникалық қамтамасыз ету саласына ауысты. Ол Еуропалық авиациялық техника қауіпсіздігі агенттігінің стандарттарымен толықтай таныс. Оның Ұлыбритания, Германия және Дубай әуекомпанияларының аға лауазымдарында жұмыс тәжірибесі бар, және де Аляска, Чили, Сауд Арабиясы, Қытай және Жаңа Зеландия тәрізді әлемнің түрлі бөліктерінде жұмыс атқарған.


Мерғали Әлжанов – Заңнамалық сауалдар жөніндегі вице-президенті

Мерғали Әлжанов – Заңнамалық сауалдар жөніндегі вице-президенті

Мерғалидің авиацияда саласындағы 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Мерғали өзінің мансабын Рига азаматтық авиация инженерлері инстутында бастаған, кейін Ақтөбе жоғарғы ұшу азаматтық авиация училищесін бітіріп, ол Көкшетау қаласында Як-40 ұшқышы ретінде қызмет атқарды, ал 1991 жылы Алматы біріккен отрядына ауысады. Ол Ту-154 және А-310 әуе кемелерінің командирі және жеке пилоттық нұсқаушы болып жұмыс істеді. Мерғали 2004 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясына «Боинг 757» ұшағының командирі қызметіне келеді. Мерғали үйленген, екі қызы мен бір ұлы бар.


Ердәулет Шәмшиев – Стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті

Ердәулет Шәмшиев – Стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті

Ердәулеттің авиация саласында 20 жылдан астам жұмыс атқару тәжірибесі бар. “Эйр Астана” әуекомпаниясындағы қызметін 2002 жылдың желтоқсан айынан бастап әуекомпанияның Бейжің қаласындағы өкілдігінің директоры ретінде қызмет етіп бастады. Ал 2009 жылдан бастап Қытай және Моңғолия аймақтық бас меңгерушісі болып тағайындалды. 1994 жылы Бейжіңдік тіл институтын “Заманауи қытай тілі”, ал 2001 жылы Азаматтық авиация академиясын ‘’Әуетранспортындағы экономика және меңгеру” мамандықтары бойынша оқуларын тәмамдады. 2019 жылдың қаңтарынан бастап “Эйр Астана” әуекомпаниясының Стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. Ердәулет - үш балалы жанұя отағасы.

Ерболат Байсалыков –  Кірістерді басқару жөніндегі директор

Ерболат Байсалыков – Кірістерді басқару жөніндегі директор

Ерболат әуе компаниясындағы еңбек қызметін 2004 жылдың маусымында бортсерік ретінде бастады. Ол 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдағаннан кейін, қызметін кірістерді басқару жөніндегі талдаушы ретінде жалғастырды. 2006–2008 жылдары Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алды. 2005–2011 жылдар аралығында Ерболат Кірістерді басқару бөлімінде әр түрлі қызметтер атқарды. 2011–2014 жылдар аралығында әуе компанияның Әзірбайжан Республикасындағы өкілдігін басқарды. 2014 жылдың қыркүйегінде Кірістерді басқару бөлімінің менеджері болып тағайындалды. 2016 жылдың қаңтарынан бастап Кірістерді басқару жөніндегі директор қызметін атқарып келеді. Ерболат Тулуза бизнес мектебінің авиация саласындағы іскерлік басқару магистр дәрежесіне ие.

 

Филиппос Сиаккас – Ұшуды қамтамасыз етуді оқыту жөніндегі директор

Филиппос Сиаккас – Ұшуды қамтамасыз етуді оқыту жөніндегі директор

«Эйр Астана» әуекомпаниясына келер алдында Филиппос Olympic Air әуекомпаниясында оқыту жөніндегі қызметті атқарды: бұл жерде Филиппос ұшқыштарды алғаш және кезекті оқытуға қатысты барлық жұмыстарға және компанияға кадеттерді алуға байланысты әрекеттерге толықтай жауапты болды. Мұның алдында Филиппос ұшуды қамтамасыз етуді қолдауға байланысты бірнеше басқарушылық лауазымдарды, соның арасында Ұшу стандарттары жөніндегі директор қызметін атқарды.
Филиппос өз мансабын 1989 жылы Olympic Airways әуекомпаниясында Екінші ұшқыш ретінде бастайды.
Содан соң ол Нұсқаушы және Емтихан қабылдаушы қызметін тағайындалғанға дейін Филиппос Ұшқыш ретінде қызмет етті – ол «Боинг 737», «Эрбас A320» ұшақтарында Екінші Ұшқыш және де «Боинг 737», «Эрбас A300 B4», «Эрбас A300-600» әуекемелерінде Ұшақ командирі болып жұмыс атқарды.  
Филиппос үйленген және екі баласы бар.

 

Айгүл Омурзакова – Бизнес-жоспарлау және ұшақ портфелі жөніндегі директор

Айгүл Омурзакова – Бизнес-жоспарлау және ұшақ портфелі жөніндегі директор

Айгүл «Эйр Астана» әуекомпаниясына 2004 жылы кірісті есептеу жөніндегі кіші бухгалтер. 2005 жылы Айгүл Кірісті есептеу жөніндегі бөлімнің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарады. Айгүл Алматы қаласындағы КИМЭП Университетiнің іскерлік басқарма және кірісті есептеу саласындағы «Бухгалтерлік есеп және меңгеру» мамандығының бакалавры деңгейімен тәмамдады, cонымен қатар Тулуза университетінің авиация саласындағы іскерлік басқару магистр дәрежесіне ие. Айгүл 2014 жылдың қаңтар айында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Бизнес-жоспарлау және ұшақ портфелі жөніндегі директор қызметіне тағайындалды.

Жанар Бимендина – Сыйақыны басқару бойынша қызметкерлер жөніндегі директоры

Жанар Бимендина – Сыйақыны басқару бойынша қызметкерлер жөніндегі директорыАлдыңғы Интерконтиненталь қонақ үйінің кадрлар бөліміндегі тәжірибесінен кейін Жанар «Эйр Астана» компаниясына 2003 жылы жабдықтау бөлімінің маманы ретінде қызметке келген болатын. 2005 ж. ол кадрларды басқару бөліміндегі Бас кадрларды басқару кеңесшісі қызметіне ауысты. Оның ағылшын тілі, қаржы және заң мамандықтары бойынша дипломдары бар. 2012 жылы ол IATA Қызметкерлерді басқару дипломын алды.

 

Игорь Сегедин – Ұшу өндірісін басқару жөніндегі директор

Игорь Сегедин – Ұшу өндірісін басқару жөніндегі директор

Игорьдің авиация саласында жұмыс тәжірибесі зор. Ол Ақтөбе Жоғары Әскери Авиация Училищесін 1991 жылы үздік дипломмен аяқтады. Пилоттық мансап жолын Игорь Алматы біріккен авиаотрядында Ту – 134 ұшағында екінші пилот ретінде бастады. Ол «Эйр Астана» әуекомпаниясына 2002 жылы «Боинг 737 NG» ұшағының екінші пилоты ретінде келіп, кейінірек әуекеме командирі және нұсқаушы-пилот ретінде ұшқан. 2006 жылы Airbus 320 ұшағына қайта дайындалу курсын сәтті аяқтап, Игорь Airbus флотының бас нұсқаушысы қызметіне тағайындалды. Airbus флотының бас нұсқаушысы ретінде Игорь компанияның жаңа флотын меңгеру мен оның орнығуына тікелей қатысты. «Эйр Астана» әуекомпаниясында жұмыс істеген 11 жыл ішінде Игорьдің лауазымы екінші пилоттан Ұшу құрамын дайындау бойынша бас менеджер қызметіне дейін көтерілді. 2013 жылдың қыркүйегінде Игорь Бас ұшқыш қызметіне тағайындалды, 2017 жылынан бастап Ұшу өндірісін басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істейді.


Роман Богдашкин – Қосымшаларды жетілдіру және электронды бизнесті дамыту жөніндегі директор

Роман Богдашкин – Қосымшаларды жетілдіру және электронды бизнесті дамыту жөніндегі директор

Роман Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдады және ақпараттық технологиялар саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман. Ол компанияда 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Роман компанияда қолданылатын ірі арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жүзеге асыру мен дамыту жобаларына және электрондық бизнесті дамытуға байланысты жобаларға қатысты. Роман жобаларды басқару саласының сертификатталған маманы, және ERP-жүйесі, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеу, деректер базаларын басқару жүйелерінің кәсіби сертификаттарын иемденген. 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қосымшаларды жетілдіру және электронды бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып тағайындалды.


Елена Обухова – Борттағы өнімдер жөніндегі директор

Елена Обухова – Борттағы өнімдер жөніндегі директор

Елена «Эйр Астана» әуекомпаниясының бастапқы құрылым кезіндегі, ұшулар орындалмастан бұрын 2001 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан, ең алғашқы қызметкерлерінің бірі. Елена өзінің еңбек жолын Жерде қызмет көрсету департаментінде жерде қызмет көрсету агенті ретінде бастады, кейін Алматы қаласының әуежайында жерде қызмет көрсету жөніндегі менеджері болып, одан кейін әуекомпания ұшатын барлық әуежайларда орындалатын қызметер үшін жауапты менеджері болып тағайындалды. 2010 жылы ол Бортта қызмет көрсету департаментіне директордың орынбасары болып ауысты. Қазіргі уақытта Елена Борттағы өнімдер жөніндегі директоры болып жұмыс істейді. Елена Қарағанды Мемлекеттік Университетінің шет тілдер факультетін тамамдаған, бірқатар IATA курстарынан өткен. Тұрмыс құрған, 1 баласы бар.

 

Ризван Сиддики – Азия аймағының сатулар жөніндегі директор

Ризван Сиддики – Азия аймағының сатулар жөніндегі директор

Ризван «Эйр Астана» әуекомпаниясында қызметін 2017 жылдың ақпан айында Азиядағы сатулар жөніндегі директоры болып бастады. Ол авиация саласында еңбек жолын 1990 жылы клиенттерге қызмет көрсету, брондау және билет сату жаттықтырушы ретінде бастап, кейін осы саладағы мансабын жалғастыру үшін əуекомпанияда жұмыс істей бастады. Ол алты ірі әуекомпанияларда және екі Халықаралық Туризм Басқару компанияларында жұмыс істеген, корпоративтік және өнеркәсіптік сатуларда маманданған. Түрлі нарықтарда, соның iшiнде Пәкістан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстан нарықтарында тәжірибесі мол Ризван соңғы жылдары сату желісін дамытуға үлкен үлес қосты.


Ислам Секербеков – Қазақстан мен Орталық Азия аймағының сатулар жөніндегі директор

Ислам Секербеков – Қазақстан мен Орталық Азия аймағының сатулар жөніндегі директор

Ислам мемлекеттік Болашақ бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін аяқтады. Ол компаниядығы еңбек жолын 2009 жылы Кірісті басқару департаментінде бастап, 3 жылдан астам әуе билет тарифтерінің бәсекеге қабілеттілігін талдауында маманданды. 2012 жылы Маркетинг және сату департаментіне ауысып, Брондау және ақпарат орталығының жетекшісі қызметін атқарды. Брондау және ақпарат орталығында негізгі көрсеткіштерге қол жеткізгеннен кейін, Ресей мен Қазақстан арасындағы жолаушылар трафигін одан әрі дамыту және жаңа транзиттік мүмкіндіктерді іздеу үшін Ресей Федерациясындағы сатулар жөніндегі басшысы болып тағайындалды. 2017 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан мен Орталық Азия аймағының сатулар жөніндегі директор жұмысын атқаруда. Қазіргі уақытта Ислам AMBA халықаралық бизнес қауымдастығының мүшесі - Ресейдің МИРБИС университетінде біліктілігін арттырып жатыр.