Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуекомпания


Air Astana Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпания ретінде танылды.

Air Astana «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпания» ретінде Skytrax премиясын осымен 11-рет, ал «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» марапатын 2-рет иеленіп отыр. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 20 маусым күні Париждегі авиация шоуында өтті.

"Air Astana 2023 жылы жолаушылар тарапынан қос марапатқа ие болғанын мақтан тұта алады. Әуекомпания өскелең бәсекелестігі бар аймақтағы әуе тасымалдаушысының көшбасшылығын көрсететін екі номинацияда жеңіске жетті", - деп атап өтті Skytrax-тың бас директоры Эдвард Плейстед.

Жолаушыларымызға қолдауы үшін алғыс айтамыз!


Көп бағытты ұшуды брондау 

Арнайы қызметтер және көмек