Көп бағытты ұшуды брондау


Енді сіз көп бағытты саяхат брондау үшін мына іздеу құралын пайдалансаңыз болады. Бұл брондау формасы арқылы сіз 4* ұшу сегментіне дейін брондай аласыз. Сондай-ақ, сіз қаласаңыз жолда қалаған жеріңізде аялдауыңызға немесе саяхатыңызға жер үсті бөлігін қосуыңызға болады.

* Жер үсті бөлігін қосқанда (жер үсті бөлігі – әуе көлігінен басқа көлікпен орындалатын сегмент).



Егер сіз Қазақстан арқылы саяхаттаушы халықаралық жолаушы болсаңыз, «Эйр Астананың» Алматы және Астана стоповер бағдарламасын неге пайдаланбасқа? Кейбір елдер азаматтарына арналған Қазақстанға 15 күнге дейін визасыз кіру тәртібі бағдарламаны одан да оңайырақ етеді.

Саяхатында үш немесе төрт ұшу сегменті бар ішкі рейс жолаушылары енді әр бағыт бойынша бөлек-бөлек билет брондаудың орнына бүкіл сапарға бір-ақ билет сатып алып, уақытын үнемдейді.

Бұл сондай оңай, әрі тез. Тек брондау формасында 4 ұшу сегментіне дейін және қажетті ұшу күндерін көрсетсеңіз болғаны, біз сізге ең жақсы ұсынысты тауып береміз. Жаңа ұшу сегментін қосу үшін «Бағыт қосу» батырмасын басыңыз.