Profile

Жаңалықтар

Air Astana Қазақстандағы алғашқы Boeing 757/767 ұшағының бірінші ұшқышы Ербол Оспановқа құрмет көрсетті

08.06.2020

2020 жылғы 5 маусымда әуе кемесінің командирі Ербол Абылайұлы Оспанов «Лондон-Алматы» бағытында жүк таситын рейс орындап, еңбек жолын аяқтады.

9 маусымда 65 жасқа толуына байланысты демалысқа кетіп бара жатқан ұшқыш өз қызмет жолында көк жүзінде жиыны 21000 сағат өткізіпті. Әуекомпаниясы мен Алматы әуежайы басшылығы авиацияны дамытуға қосқан үлесіне алғыс айтып, командирге гүл сыйлап, естелікке Boeing 767 ұшағының шағын үлгісін тарту етті.

Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер құттықтау сөзінде: «Air Astana әуекомпаниясының басшылығы, акционерлері мен қызметкерлері атынан Ербол Оспановқа  компанияның дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, кәсіби деңгейі мен ортақ іске адалдығы үшін алғыс айтамын. Қазақстандағы заманауи Boeing авиалайнерлерінің тізгінін ұстаған алғашқы ұшқыштардың бірі бола отырып, ол Аir Astana-ның Орталық Азиядағы жетекші әуекомпаниясына айналуы жолында аянбай еңбек етті. Ұшу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстандағы авиацияның дамуына қосқан үлесіне баға жетпейді. Ербол Оспановқа мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз».

Ербол Оспанов 1955 жылғы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ұшқыш қызметін 1972 жылы Ресейдегі Краснокут ұшқыштар мектебінің кадет офицері ретінде бастаған. 1985 жылы Ленинград қаласында Азаматтық авиация академиясының командирлер факультетін тәмамдап, инженер-пилот мамандығын меңгерген. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінен құқық бакалавры дәрежесін алған.  

Ербол Оспановтың авиацияда қызмет еткеніне 50 жылдай болды. Осы аралықта ол Шеффилд аэронавтика мектебінде (Флорида, АҚШ) және Канада әуекомпанияларында (Ванкувер, Канада) оқып,  АҚШ (FAA ATPL) және Канада (Transport Canada ATPL) ұшқыш куәліктерін алған.

1992–2009 жылдары Қазақстан Респубикасы Президенті флотының бас ұшқышы болды. Ербол Оспанов Air Astana әуекомпаниясында 2005 жылы Boeing 757/767 нұсқаушы-командирі ретінде қызмет атқара бастаған. Әуекомпаниясының үкіметтік, заңнамалық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі аға вице-президенті қызметін атқарған.

Басып шығару 

Жаңалықтар архивы