Profile

Жаңалықтар


Air Astana TripAdvisor Travellers’ Choice Award жүлдесінің Азиядағы жетекші әуе компаниясы болып танылды

27.07.2020

Штаб-пәтері Нидем қ. (АҚШ) орналасқан TripAdvisor әлемдегі саяхаттар туралы ең ірі сайты Air Astana әуе компаниясын үш жыл қатарынан Азиядағы жетекші әуе компаниясы деп мойындады.  TripAdvisor Travellers’ Choice Award cыйлығының басты өлшемшарты – ай сайын 463 млн. адам кіретін сайт пайдаланушылардың шоғырланған пікірі.

Әуе компаниясы «Азия аймағындағы тасымалдаушы» санатында жеңімпаз атанды. Туристер компания туралы 2019 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында 1300 астам пікір қалдырды және бес балдық шкаласы бойынша орташа бағасы 4 балға тең. Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, орнының жайлылығы мен ара қашықтықты, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және борттағы ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады.

"Біз жолаушыларға еңбегімізге тәуелсіз және жоғары баға бергендеріне алғыс айтамыз , - деді компания президенті Питер Фостер. –Экипаждарға және борттағы жоғары деңгейдегі сервисті қамтамасыз етуге қатысы бар әріптестерімізге дән ризамыз».

Air Astana туралы пікірлерге сілтеме: https://www.tripadvisor.com/Airline_Review-d8728936-Reviews-Air-Astana

Жеңімпаз әуекомпаниялардың толық тізіміне сілтеме: https://www.tripadvisor.com/TravelersChoice-Airlines-cAsia

Басып шығару 

Жаңалықтар архивы