Ұпайлар жинау
Nomad Club ұпайларын оңай жинаңызҚарапайым қадамдарды орындасаңыз, Nomad Club ұпайларын жинау өте жеңіл
Билетті онлайн брондағанда, Air Astana кеңсесіне барғанда не турагенттен кеңес алғанда міндетті түрде қатысушы нөміріңізді көрсетіңіз. Ұпайларды кедергісіз жинау үшін, тіркелу барысында қатысушы пластикалық не виртуалды картасын көрсетіңіз. Брондау кезінде қатысушы нөміріңізді көрсету, ұпайлардың автоматты түрде есептелетініне кепілдік береді. Ұпайларды Nomad Club-пен бірге қиналмай-ақ бүгіннен жинаңыз!
Жиналатын ұпай түрлері
Nomad Club марапаттарының қарқынды жүйесін ұсынамыз: Nomad Мильдер мен Ұпайлар. Бұған дейін ұшу ұпайлары деп аталған мильдер Air Astana рейстерінде сіздерге Nomad Club элиталық деңгейіне — Silver, Gold пен Diamond-қа жол ашады. Сонымен қатар Nomad ұпайлары Air Astana рейстері мен серіктестер шараларынан қол жеткізетін әмбебап валютаға айналып, қызықты марапаттар алу үшін жалпы ұпайлар балансын байыта түседі. Элиталық дәреженің сырын біліңіз де Nomad Club-пен бірге еліктіріп әкетер саяхатқа аттаныңыз. Эксклюзивті артықшылықтарға қол жеткзізу үшін, қатысу деңгейлері жайлы біліңіз де Nomad милдері мен ұпайларын бүгіннен бастап жинаңыз.
Серіктестер көмегімен

Сіз сондай-ақ біздің серіктестерден сатып алу арқылы ұпайлар жинай аласыз 

Air Astana-мен ұшыңыз

Nomad Club ұпайларын жинау үшін ұшуыңызды қазірден брондаңыз. 

Сіз аударым арқылы ұпайлар жинай аласыз. Егер сіздің достарыңызда көп болса, олар өзінің ұпайларын аудара алады.

Назар аударыңыз
Промо, топтық, чартерлік, қызметтік және марапат тарифімен (I, R, U, X, N, G, O брондау кластары) жол жүретін жолаушылар мильдер мен ұшу сегменттерін иелене алмайды.
Билетте көрсетілген пункттер (Ticketed Point Mileage) арасындағы мильдегі қашықтық Халықаралық Әуе Көлігі Қауымдастығымен (IATA) жарияланады.

Ұшқаныңызға сай тиісті ұпайлар есептелгеніне көз жеткізгенше, билетіңіз бен отырғызу талонын сақтаңыз. Ескерілмей қалған ұпайларды есептеуді талап етсеңіз, сізге билет көшірмесін және отырғызу талонын көрсету керек.

Nomad Club-қа мүше болуNomad Club-қа бүгін мүше болыңыз да саяхаттың бірегей мүмкіндіктерін көріңіз. Қазір тіркеліңіз де, эксклюзивті туристік артықшылықтар, басымдықтар пен теңдесі жоқ оқиғалар әлеміне қол жеткізетін мүмкіншілікті жіберіп алмаңыз!
Ұпайларды қалай жинайды

Nomad ұпайларын жинау үшін осы қарапайым қадамдарды орындаңыз.

Ұпайларды қалай қолданады

Саяхатыңызды бүгіннен жағымдырақ ету үшін, Nomad ұпайларыңызды эксклюзивті премиум ұшуларға, қызмет көрсету класын жоғарылатуға және басқаға ауыстырыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Nomad Club бағдарламасына тіркелу үшін, келесі қарапайым қадамдарды орындауыңызды өтінеміз:


1. Сілтеме бойынша өтіңіз.


2. Тіркелу үлгісін толтырыңыз: есіміңізді толығымен латынша, жынысты, жеке электрондық пошта адресін, ұялы телефон нөмірін, туған күнді жазыңыз және аккаунт құпия сөзін таңдаңыз. Сондай-ақ Nomad Club бағдарламасының Ережелерімен және шарттарымен танысыңыз.


3. Тіркелуді аяқтау үшін электрондық адресіңізге аккаунтты іске қосуға сілтеме жіберіледі.


4. Тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта адресіндегі сілтемемен өткен соң, қатысушы нөмірі жіберіледі. Бұл дерек бірегей болуы тиіс. Бірнеше бағдарламаға тіркелуге бірдей электрондық пошта адресі мен телефон нөмірін пайдалануға болмайды. Тіркелу 2 жас және одан жоғары жастағы тұлғаға қолжетімді. Nomad Club виртуалды қатысушы картасын бағдарламаға тіркелгеннен кейін біздің веб-сайтымызда жеке кабинетіңіз немесе мобильді қосымша арқылы қол жеткізе аласыз.

1. Тіркелуді әуекомпанияның сайтында өз бетіңізше келесі сілтемемен жасай аласыз.


2. Бала 2 жасқа толса, бағдарламаға қатыса алады. Бағдарламаның әр қатысушысының өз электрондық пошта адресі мен телефон нөмірі бар. Қолданып қойған электрондық пошта адресін/телефон нөмірін байланыстыруға болмайды. Сондықтан балаға жаңа электрондық пошта адресін ашу немесе өзге қатысушы қолданбайтын басқасын (телефон нөмірі де солай) көрсету қажет.

Nomad Club ұпайларын пайдаланып қызмет көрсету класын келесі үш тәсілмен жоғарылата аласыз:


1. Сату кеңсесіне барып, қызмет көрсету класын жоғарылатуға өтініш беріңіз.


2. Брондау және ақпарат орталығына хабарласып, қызмет көрсету класын жоғарылатуға өтініш қалдырыңыз.


3. Қызмет көрсету класын көрсетілген сілтемеге өту арқылы сайттағы есептік жазбаңызбен онлайн жоғарылатыңыз. 

Сұраныс жіберуБасқа сұрақтарыңыз бар ма?
КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНА ӨТУ
Байланысты тақырыптарNomad Club бағдарламасы туралы толығырақ біліңіз
Арнайы ұсыныстарАрнайы ұсыныстар
Қатысу дәрежелері мен марапаттарҚатысу дәрежелері мен марапаттар
Серіктес күту залдарыСеріктес күту залдары
Ережелер және шарттарЕрежелер және шарттар