Әлеуметтік жауапкершілік
Әлеуметтік жауапкершілік

Air Astana тобы - Орталық Азия мен Кавказдағы әуекомпаниялардың ірі тобы. Біз ESG қағидаттарын біздің қызметімізге енгізе отырып, тұрақты даму тұжырымдамасын ұстанамыз және БҰҰ-ның біздің ықпалымыз аясындағы тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосамыз.


Біз ресурстарды тұтынуды және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге, сондай-ақ біздің әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілікті ұстанатынымызды көрсететін тұрақты бастамаларды қолдану аясын кеңейтуге бағытталған Стратегияны іске асыру жоспарымен сүйемелденетін 2023-2032 жылдарға арналған кешенді ESG Стратегиясын әзірледік.


Air Astana тобы Компанияның оларға қол жеткізуге барынша үлесін қамтамасыз ету үшін БҰҰ-ның орнықты дамуының алты басым мақсатын анықтады:


  • ОДМ 4. Сапалы білім
  • ОДМ 5. Гендерлік теңдік
  • ОДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсім
  • ОДМ 10. Теңсіздікті азайту
  • ОДМ 13. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
  • ОДМ 17. Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік


Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан біз күш-жігерімізді жергілікті халықты қолдау және ESG корпоративтік мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларды іске асыруға бағыттаймыз.

1.1. Қазақстанның дарынды балалары үшін «Жас Қыран» жол жүру гранттарын беру бағдарламасы


1.2. Табысы аз отбасыларындағы балаларға емделмейтiн аурулармен тегiн немесе жеңiлдiкпен ұшуды ұсыну бағдарламасы.


1.3. Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ардагерлерiне тегiн немесе жеңiлдiкпен ұшуды ұсыну бағдарламасы.


1.4. Халықтың неғұрлым осал топтарын қолдау жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар.


1.5. Корпоративтік еріктілік - қызметкерлерді қайырымдылық іс-шараларына тарту және волонтерлік қызмет шеңберінде қаражат жинау.

  • Дарынды қазақстандық балаларға арналған «Жас Қыран» жол жүру гранттарының бағдарламасы
  • Қазақстанда емделмейтін аурулары бар табысы аз отбасылардың балаларына тегін немесе жеңілдікпен ұшуды ұсыну бағдарламасы
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ардагерлеріне тегін немесе жеңілдікпен ұшуды ұсыну бағдарламасы
  • Халықтың неғұрлым осал топтарын қолдау жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар
  • Корпоративтік еріктілік

Еліміздің адами капиталын дамыту және қазақстандық дарынды балаларды қолдау мақсатында Air Astana әуекомпаниясы «Жас Қыран» әлеуметтік бағдарламасын іске қосты.


Бағдарлама 7 жастан 17 жасқа дейінгі жас қазақстандықтарға халықаралық шығармашылық, спорттық және зияткерлік жарыстар мен конкурстарға қатысу үшін жол жүру гранттарын ұсынады. Гранттар Air Astana әуекомпаниясының барлық халықаралық бағыттары бойынша бала мен бір еріп жүретін адам үшін екі жаққа да әуе рейсіне билеттерді қамтиды. Қатысуға өтінімдер әр айдың 1-нен 20-на дейін жеке-жеке беріледі. Өтініш берушілер толтырылған өтінімдер мен ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өздері жауапты болады.


Грант үшін конкурсқа қатысуға zhaskyran@airastana.com электрондық мекенжайына конкурс/жарыс басталғанға дейін 2 ай бұрын мынадай құжаттар пакетін ұсыну қажет:


1. Өтінім қазақ немесе орыс тілінде.

2. Іс-шараның күнін, орнын және мәртебесін көрсете отырып, конкурсқа/жарысқа/олимпиадаға ресми шақыру.

3. Конкурсқа қатысушының қазақ немесе орыс тiлiндегi бейнеөтiнiшi ұзақтығы 1 минутқа дейiн болуы және өзi туралы ақпаратты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң грант оған берiлуi тиiс деп неге ойлайтыны туралы түсiнiктеменi қамтуы тиiс. Видео YouTube, Google Drive – қа және т.б. сілтемелер түрінде жіберіледі.

4. Конкурсқа қатысушының және оны алып жүретін адамның жеке басын растайтын құжаттар.


Барлық ұсынылған өтінімдерді құрамына білім беру, қайырымдылық және журналистика салаларының мамандары кіретін тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. Қатысудың егжей-тегжейлі ережелерін бағдарламаны өткізу туралы Ережеден табуға болады.

Компанияның басты басымдықтарының бірі елімізде емдеуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде қажетті медициналық күтімге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ауыр науқас балаларға арналған әуетасымалдарды қамтамасыз ету болып табылады. Компания сондай-ақ шетелдік дәрігерлердің жергілікті медицина қызметкерлерін оқытуы және өзінің тәжірибесімен бөлісуі үшін бірнеше рет рейстерді ұйымдастырды.


Air Astana әуекомпаниясы төмендегі тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынған және ағымдағы жылы жазылған жағдайда Қазақстанда емделуге немесе операцияға ұшып бара жатқан табысы аз отбасылардың онкологиялық немесе жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын балалары үшін тегін авиабилеттер немесе жеңілдіктер ұсыну мүмкіндігін қарастырады:

  • қол қойылған өтініш хат
  • ҚР-да аурудың емделмейтіндігін растайтын ҚР дәрігерлерінің медициналық қорытындысының көшірмесі
  • ҚР дәрігерлерінің басқа елдерге емделуге жолдамасының көшірмесі
  • қабылдаушы клиника шақыруының көшірмесі
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
  • алып жүретін адамның төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі
  • қол қойылған алғыс хат
  • отбасының материалдық жағдайы туралы акт
  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы немесе арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алу туралы анықтама немесе тұрмысы төмен адам (отбасы) мәртебесін алу туралы анықтама.


МАҢЫЗДЫ: Емдеуге қайырымдылық көмек көрсетуге көптеген өтінімдер келіп түсетінін ескеру қажет және олардың әрқайсысының оң қаралуына кепілдік бере алмаймыз. Біз ең алдымен қолдауға мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысамыз.

Air Astana әуекомпаниясы құрылған күннен бастап ҰОС қатысушыларына, ҚР азаматтарына Қазақстан, Орталық Азия және Закавказға саяхат жасауға көмектеседі. Әуекомпания ардагерлерге әуежайлық және басқа да алымдарды есептемегенде ұшуға 100% жеңілдік береді. Авиабилетті әуекомпанияның корпоративтік сайтынан сатып алуға, сондай-ақ        +7 (727) 244 4477 телефоны бойынша Брондау және ақпарат орталығына қоңырау шалып, сіздің қалаңыздағы компанияның авиабилеттер сату кеңсесінен немесе кез келген жақын арадағы агенттікке хабарласып брондауға болады.


Талап етілетін құжаттар:

  • ҰОС қатысушылары/мүгедектері үшін: ҰОС қатысушыларының/мүгедектерінің тиісті органдар берген куәлігі
  • «ҰОС ардагері» жолаушыларының басқа санаттары үшін: зейнетақы тағайындаған органдар куәландырған зейнетақы куәліктері.
  • еңбек майданына (ЕМҚ) қатысушылар, тыл еңбеккерлері үшін: «ЕМҚ ретінде АМЖ» немесе «тыл еңбеккері ретінде АМЖ» деген жазуы бар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаған органдар куәландырған зейнетақы куәліктері.


Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ардагерлері

Шетелде емделу қажет болған жағдайда мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • еңбек кітапшасының көшірмесі,
  • медициналық қорытындының көшірмесі,
  • басқа елдерге емделуге жолдаманың көшірмесі,
  • қабылдаушы клиника шақыруының көшірмесі,
  • төлқұжаттың немесе куәліктің көшірмесі.

«Мектепке жол» акциясын қолдау

Жыл сайын Air Astana әуекомпаниясы табысы төмен отбасыларға қажетті мектеп керек-жарақтарын жинауға көмектеседі. 2023 жылдың қыркүйегінде біз Алматы қаласындағы Түрксіб ауданындағы 100 табысы аз отбасыға (9500 кеңсе бірлігі) кеңсе жиынтығын ұсындық.


Жаңа жылға арналған атаулы қайырымдылық

Соңғы жылдары Air Astana әуекомпаниясы Жаңа жыл қарсаңында мыңдаған сыйлық беріп, халықтың ең мұқтаж топтарына атаулы көмек көрсетті.

Air Astana-дағы еріктіліктің көп жылдық тарихы бар - компанияда белсенді және түрлі жобаларға тартылған қызметкерлер жұмыс істейді: әлеуметтік саладан экологиялық салаға дейін.


Қызметкерлердің қайырымдылық және еріктілер бастамаларын ынталандыруға және қолдау көрсетуге бағытталған үш негізгі бағыт бойынша компания ішіндегі қоғамдастықтарды дамытуға бағытталған KC Challenge корпоративтік жобасы шеңберінде мынадай жобаларға бастама жасалды:

  • әріптестеріміздің балалары мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін мектеп рюкзактары мен кеңсе тауарларын жинау;
  • тұрмысы төмен отбасылар үшін заттар жинау;
  • панадағы үйсіз жануарларға азық жинау;
  • әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына бару;
  • мерзімінен бұрын туған балаларға арналған перинаталдық орталықтарда жүн жиынтықтарын тоқу;
  • тауға эко-жорық.


Жаз бойы, ең қызу маусымда, әуекомпания қызметкерлерінің ішінен арнайы дайындалған еріктілер Алматы қаласының халықаралық әуежайындағы жолаушыларға көмектеседі. Еріктілер рейсті кешіктіру немесе тоқтату кезінде көмектеседі, тамақтануға су мен ваучерлер береді, қайта брондау және өзін-өзі тіркеу дүңгіршегі арқылы тіркеу бойынша, жолжүк мәселелері бойынша кеңес береді, арнайы қызмет көрсетуге мұқтаж жолаушыларға көмектеседі, жетелеушісі жоқ балалар мен транзиттік жолаушыларды қарсы алады және шығарып салады және басқа да мәселелер бойынша.

Қоғамды әлеуметтік дамытуға және қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларға демеушілік қолдау көрсету
Демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша өтініштер электрондық пошта арқылы қабылданады: charity@airastana.com. Барлық сұрақтар бойынша: +7 727 258 4135 (ішкі 4971). Ескерту: Air Astana әуекомпаниясы жеке және заңды тұлғалардан күн сайын көптеген хаттар алады және өкінішке орай, барлық өтініштердің қанағаттандырылатынына кепілдік бере алмайды.
Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.