Серіктес әуекомпаниялар
Жолаушыларымызға бағыттардың кең таңдауын және ең тиімді ұшу нұсқаларын ұсынатын біздің серіктес әуекомпанияларымызбен шекарадан тыс аумақтарда ұшыңыз
Air Astana мен басқа әуекомпаниялар арасындағы ынтымақтастықтың неғұрлым тығыз түрлерінің бірі код-шерингтік келісімдер болып табылады, олардың аясында біздің рейс нөмірлері басқа әуекомпанияның қызметтеріне қолданылады. Серіктестіктің бұл түрі Air Astana ұсыныстары шеңберінде жиірек рейстер мен бағыттардың кең таңдауын ұсына отырып, сіздің мүмкіндіктеріңізді кеңейтеді. Билеттерді сатып алудың бірыңғай процесінің ыңғайлылығы жолжүкті межелі жерге дейін еш қиындықсыз тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, тиімді шарттармен ұшудың бірнеше нұсқасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Код-шеринг бойынша серіктестерді анықтау оңай - егер сіздің рейс нөміріңіз KC-ден басталса, сіз осы рейсте ұпайлар жинай аласыз. Ұшу ұпайларын алу үшін брондау кезінде Nomad Club қатысушы нөмірін енгізуді ұмытпаңыз. Біздің серіктес орындайтын код-шерингтік рейспен ұшу кезінде тасымалдаушы әуекомпания белгілеген тасымалдау шарттары (мысалы, жолжүкті алып жүру нормалары) қолданылатынын есте сақтаңыз. Ережелер мен шарттар туралы толығырақ ақпаратты төменде келтірілген серіктестеріміздің веб-сайттарынан табуға болады.
Әуекомпания | Әуекомпания коды |
Asiana Airlines | OZ-988 |
Azerbaijan Airlines | J2-771 |
Bangkok Airways | PG-829 |
Cathay Pacific | CX-160 |
KLM Royal Dutch Airlines | KL-074 |
Lufthansa | LH-220 |
Turkish Airlines | TK-235 |
Etihad Airways*** | EY-607 |
*** Etihad Airways-пен код-шеринг келісімі уақытша белсенді емес.
Әуекомпаниялар арасындағы келісімшарттың негізгі форматы - интерлайн келісімшарты. Мұндай келісімшарт Air Astana-ның, сондай-ақ интерлайн келісімі аясында серіктес әуекомпаниялардың ұшу сегменттерінен тұратын саяхатқа жолаушының бүкіл жолына бірыңғай билетті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Осындай билетті сатып алу арқылы біздің жолаушылар әуекомпаниялардың өзара байланысты рейстерінің кеңейтілген маршруттық желісіне қол жеткізе алады.
Интерлайн келісімшарты бойынша ұшудың бірнеше сегменттерін қамтитын саяхаттар үшін жолжүкті соңғы межелі жеріне дейін тіркеуге болады, бұл жолаушыларды трансфер пункттерінде жолжүкті алу және қайта тіркеу қажеттілігінен босатады. Дегенмен, жолаушылар ұшып келу әуежайында серіктес әуекомпанияның келесі рейсіне қайта тіркелуі тиіс.
Әуекомпания | Әуекомпания коды | Әуекомпания | Әуекомпания коды |
Aegean Airlines | A3-390 | Hahn Air | HR-169 |
Air Baltic | BT-657 | Hainan Airlines | HU-880 |
Air Canada | AC-014 | Hong Kong Airlines | HX-851 |
Air China | CA-999 | ITA Airways | AZ-055 |
Air France | AF-057 | Japan Airlines | JL-131 |
Air India* | AI-098 | KLM Royal Dutch Airlines | KL-074 |
Air Malta | KM-643 | Korean Air | KE-180 |
Air Serbia | JU-115 | LOT - Polish Airlines | LO-080 |
All Nippon Airways | NH-205 | Lufthansa | LH-220 |
APG Airlines | GP-275 | Malaysia Airlines | MH-232 |
Asiana Airlines | OZ-988 | MIAT - Mongolian Airlines | OM-289 |
Austrian Airlines | OS-257 | Middle East Airlines | ME-076 |
Azerbaijan Airlines | J2-771 | Neos | NO-703 |
Bangkok Airways | PG-829 | Philippine Airlines | PR-079 |
British Airways | BA-125 | Qantas Airways | QF-081 |
Cathay Pacific Airways | CX-160 | Qatar Airways | QR-157 |
China Southern Airlines | CZ-784 | Royal Jordanian | RJ-512 |
Croatia Airlines | OU-831 | Saudi Arabian Airlines | SV-065 |
Czech Airlines | OK-064 | Shandong Airlines | SC-324 |
Delta Air Lines | DL-006 | Singapore Airlines | SQ-618 |
DEUTSCHE BAHN | DB-2A | SriLankan Airlines | UL-603 |
Egyptair | MS-077 | TAROM | RO-281 |
El Al Israel Airlines | LY-114 | Thai Airways International*** | TG-217 |
Emirates | EK-176 | Turkish Airlines | TK-235 |
Etihad Airways | EY-607 | United Airlines | UA-016 |
Ethiopian Airlines | ET-071 | Uzbekistan Airways | HY-250 |
FlexFlight** | W2-365 | Vietnam Airlines | VN-738 |
Flydubai | FZ-141 | Virgin Australia | VA-795 |
Garuda Indonesia | GA-126 |
Бөлек билеттерді пайдаланған кезде Air Astana екінші билетте көрсетілген соңғы межелі пункттерде жолаушылар мен жолжүк өтпелі тіркеуін жүзеге асырмайды. Егер жолаушының бірінші билеттің межелі пунктінен тыс басқа әуекомпанияның рейсіне екінші билеті болса, Air Astana бірінші билетте көрсетілген межелі пунктіне дейін ғана жолаушылар мен жолжүкті тіркейтін болады. Мұндай жағдайларда жолаушылар жолжүгін бірінші межелі жерден алып, қажет болған жағдайда иммиграциялық бақылаудан өткеннен кейін оны келесі тасымалдаушы әуекомпанияның рейсіне қайта тіркеуі керек.
Бөлек билеттің осы саясатына сәйкес, Air Astana өзінің билетінде көрсетілген ұшу пунктінен межелі пунктке ұшатын рейстің шегінен шығатын кез келген сәйкес келмейтін қызмет көрсету немесе отырғызу үшін жауапты болмайтынын атап өту маңызды. Бұл саясат барлық кіріс және шығыс саяхаттарға қолданылады.
* Жолаушы сапарындағы халықаралық рейстен кейінгі келесі рейс Air India серіктес әуекомпаниясымен Үндістан аумағында орындалатын болса, жолаушыларды бүкіл сапарға тіркеуге рұқсат етілмейді. Мұндай жағдайда жолаушының жолжүгі Дели халықаралық әуежайына дейін ғана тіркеледі.
** FlexFlight темір жол операторымен ынтымақтастық бір тасымалдау құжатымен біздің әуекомпаниямыздың рейстеріне, әрі қарай Deutsche Bahn маршрут желісіндегі пойызбен сапар жасауға мүмкіндік береді, бұл ретте жолжүк жолаушы сапарындағы көрсетілген әуежайға дейін ғана тіркеледі.
*** Thai Airways International серіктес әуекомпанияның Air Astana рейсімен түйісетін рейсі Тайланд аумағы бойынша орындалатын болса, жолаушылар мен жолжүкті өтпелі тіркеуге рұқсат етілмейді.
**** Үндістандағы ішкі рейстерде жолжүкті өтпелі тіркеуге рұқсат етілмейді.
Әуекомпаниялар арасындағы келісімшарттың тағы бір түрі - жолаушыларды және олардың жолжүгін өтпелі тіркеу жөніндегі келісімшарт. Жолаушының саяхаты Air Astana рейсін де, төменде көрсетілген серіктес әуекомпаниялардың бірінің рейсін де қамтыған кезде, жолаушылар мен олардың жолжүгі соңғы межелі жерге дейін тіркелуі мүмкін.
Өтпелі тіркеуді пайдалану үшін Air Astana және серіктес әуекомпаниялардың рейстерін қоса алғанда, барлық сапардың бір бағыт түбіртегінде рәсімделуі және трансфер пунктінде болу уақыты 24 сағаттан аспауы маңызды. Серіктес әуекомпанияның рейстеріне тіркелу үшін халықаралық рейстің бірінші сегменті Air Astana әуекомпаниясы арқылы орындалуы керек.
Әуекомпания | Әуекомпания коды | Әуекомпания | Әуекомпания коды |
Air France | AF-057 | ITA Airways | AZ-055 |
Air Serbia | JU-115 | KLM Royal Dutch Airlines** | KL-074 |
Asiana Airlines | OZ-988 | Lufthansa | LH-220 |
Austrian | OS-257 | Malaysia Airlines | MH-232 |
Bangkok Airways* | PG-829 | Qatar Airways | QR-157 |
British Airways | BA-125 | TAROM | RO-281 |
Cathay Pacific | CX-160 | Thai Airways International*** | TG-217 |
Delta Air Lines | DL-006 | Turkish Airlines | TK-235 |
Etihad Airways | EY-607 | United Airlines | UA-016 |
Flydubai | FZ-141 | Vistara**** | UK-228 |
* Жолжүкті жолаушы сапарының соңғы межелі пунктіне дейін тіркеу Лампанг (LPT) және Сухотай (THS) әуежайларында қолжетімді емес.
** Жолаушы сапарының бірінші сегменті Air Astana әуекомпаниясының Қазақстан аумағында орындалатын болса, жолаушы және оның жолжүгін KLM Royal Dutch Airlines әуекомпаниясының Алматыдан (Алматыға) ұшатын рейстеріне өтпелі тіркеуге рұқсат етілмейді.
*** Thai Airways International серіктес әуекомпанияның Air Astana рейсімен түйісетін рейсі Тайланд аумағы бойынша орындалатын болса, жолаушылар мен жолжүкті өтпелі тіркеуге рұқсат етілмейді.
**** Үндістандағы ішкі рейстерде жолжүкті өтпелі тіркеуге рұқсат етілмейді.
Көмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.