Air Astana онлайн тіркеу және отырғызу мерзімдері
Онлайн тіркелу қызметін пайдаланыңыз
Әуежайда уақытты үнемдеу және кезекте тұрып қалмас үшін, онлайн тіркелу қызметін пайдаланыңыз.Тіркелу мен ұшаққа отырғызудың стандартты аяқталу мерзімдері
Амстердам, Анталия, Бейжің, Дели, Дубай, Жидда, Ыстамбұл, Ташкент қалаларының халықаралық әуежайында рейске тіркелу кесте бойынша ұшатын уақытқа 60 минут қалғанда аяқталады.
Осы мерзімдерді сақтамау, резервтелген орындардың өзгертілуіне, брондаулардың жойылуына және/немесе отырғызудан бас тартқаны үшін өтемақы алу құқығынан айыруға әкелуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілген мерзімдерді ұстанбау салдарынан болған шығындар мен залалдарға біз жауапкершілік алмайтынымызға назарыңызды аударамыз.
Егер код-шерингтік рейспен саяхаттасаңыз, өзге әуекомпаниялар (тасымалдауды орындаушылар) саясатындағы тіркелу және басқа рәсімдерден өту мерзімдері жайлы ақпаратты анықтап алыңыз. Рейсті орындайтын тасымалдаушының ережелері мен нормалары қолданылады.
Назар аударыңыз: Алдын ала таңдалған орындар өзгертілуі мүмкін. Егер сіз онлайн тіркеуден өтпеген болсаңыз, әуекомпания өндірістік қажеттіліктерге байланысты сіздің орныңызды өзгертуге құқылы.
Байланысты тақырыптар
Біздің қызметтер және саясаттар жайлы толығырақ.
Болашақ аналарға арналған ақпарат

Жас жолаушылар

Ережелер мен шарттар

Балалармен бірге саяхаттау
Көмек орталығы
Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.