Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Air Astana туралы

Air Astana – Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі бағыттар бойынша заманауи ұшақтарда марапатқа ие болған қызмет көрсететін Орталық Азиядағы ірі әуекомпаниялардың бірі.

Міндет, мақсаттар және құндылықтар

Біздің міндетіміз – Еуразияның жүрегінен әлемдегі ең үздік әуекомпаниялардың бірін құру. Біздің мақсаттарымыз осы ұмтылысты анықтайды: 

  • Біз ең жоғары халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз етеміз. 
  • Біз клиенттерге ең жоғары деңгейдегі қызмет көрсететін аймақтағы ең сенімді әуекомпания болып табыламыз және болуға міндеттіміз. 
  • Біз әуе кемелері паркінің, ұшу географиясының және ұсынылатын өнімнің тиімді өсуін қамтамасыз етеміз. 
  • Біз шыншылдық пен іскерлік этиканың ең жоғары стандарттарын ұстанамыз. 
  • Біз қызметкерлерді олардың сіңірген еңбегіне сәйкес жұмысқа тартып, бағалап, марапаттап, оларға өз әлеуетін барынша іске асыруға мүмкіндік береміз. 
  • Біз - әлеуметтік тұрғыдан жауапкершілігі мол ұйымбыз. 
  • Біз Қазақстанның жаһандық елшісі болып табыламыз. 
Сенімділік
Біздің жұмысымыздың сапасы сенімді және тұрақты. Біз әрқашан берген уәдемізде тұрамыз.
Сенімге тұрарлық
Біз шыншылмыз және ешқашан өз ар-ұятымызға қарсы әрекет жасамаймыз. Клиенттер мен әріптестеріміз бізге сене алады.
Қонақжайлылық
Біз әрбір адамды, ол клиент болсын немесе әріптес болсын, қонақ ретінде қарсы аламыз. Біз жылы шырайлылықты, мейірімділікті, әдептілікті көрсете отырып, әрқашан көмекке келуге дайынбыз.
Тиімділік
Біз - біліміміз бен жеке қасиеттеріміздің негізінде сапалы нәтижелерге қол жеткізетін кәсіпқойлармыз. Біз өзіміздің біліктілігімізді дамыта отырып өз уақытымызды тиімді қолданамыз.
Белсенділік
Біз клиенттеріміз бен әріптестеріміздің үмітін ақтаймыз, талаптарға сай боламыз. Біз өз қабілетімізді барынша пайдалана отырып жұмыс жасаймыз және әркашан жақсаруға ұмтыламыз.

Тарихы

Air Astana әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, алғашқы рейсін 2002 жылдың 15 мамырында Алматы - Астана бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен авиакомпанияның екі құрылтайшы акционерінің өкілі ретінде BAE Systems PLC (Ұлыбритания) компаниясынан сэр Ричард Эванс қатысты. 


Air Astana-ның ірі акционерлері сенімді серіктестер болып қала береді: «Самұрық-Қазына» АҚ – 41%, BAE Systems (Kazakhstan) Limited – 16,95% үлеске ие. Басқа акционерлер қатарында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ – 6,5% және әртүрлі инвесторлар тобы – 35,55% үлеспен бар.


Air Astana Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) 145 директивасының талаптары бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге куәландырған. 2019 жылдың наурыз айында Air Astana Еуропалық одаққа кірмейтін мемлекеттердің (TCO) әуекомпаниялары үшін Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) куәландырылған аудитін ескертусіз өтті. Сонымен қатар Air Astana EASA Part 147 талаптарына сәйкес инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқытуға Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігімен (EASA) сертификатталған. Ұшу қауіпсіздігіне деген адалдығын көрсете отырып, әуекомпания 2021 жылдың мамыр айында 8-ші рет халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IOSA) пайдалану қауіпсіздігі бойынша аудитін сәтті өтті. 

Ұқыптылық көрсеткіші

Уақытылы ұшу және қону біздің қызметіміздің негізі болып табылады және біз рейстер кестесін үнемі сақтауға тырысамыз.

БАҚ біз туралы

Біздің жолымыз бен жетістіктеріміз туралы әртүрлі ақпарат көздеріндегі мақалалар мен БАҚ материалдарынан біліңіз.

Серіктес әуекомпаниялар

Жолаушыларымызға одан да көп ыңғайлылық ұсына отырып, біз кең бағыттар желісін құру үшін әлемнің үздік әуекомпаниялармен ынтымақтастық.

Біздің марапаттар

Air Astana әуекомпаниясы үздік қызмет ұсынуға және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысты көрсететін марапаттар мен құрметке ие. ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік жауапкершілік

Әлеуметтік жауапкершілікті басшылыққа ала отырып, біз өз қызметіміздің барлық салаларында тұрақты даму, әлеуметтік ықпал мен этикалық мінез-құлық тәжірибесін ұстанамыз. ТОЛЫҒЫРАҚ
Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.