Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Сапарды ұйымдастыру жайлы маңызды ақпарат

Ұшуға дайындалдыңыз ба? Саяхатыңыз жайлы өту үшін қажетті ақпаратты, соның ішінде әуе тасымалы үшін жарамды құжаттар, ережелер және маңызды ескертпелерді осы жерден таба аласыз.  

Тіркелудің және ұшаққа отырғызудың аяқталу мерзімі

Отырғызу уақыты және тіркелудің аяқталу мерзімі сияқты рейстің маңызды мәліметері туралы көбірек біліңіз.  

Әуе тасымалы үшін жарамды құжаттар

Сапарыңызға қажетті құжаттың барлығы, соның ішінде жарамды жеке куәлік немесе басқа құжат түрі барына көз жеткізіңіз.  

Жолаушылардың өзін ұстау ережесі

Жолаушылардың орынсыз мінез-құлықтарына қатысты әуекомпания ережелерімен танысыңыз. 

Билеттегі аты-жөнді өзгерту

Брондауда енгізілген есімді немесе тегін өзгерту ережелері туралы біліңіз.

Ұлыбританиядан саяхаттауға қатысты жолаушылар салығының ережелері


2016 жылғы 1 наурыздан бастап, 15 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар эконом-класпен (оның ішінде Жатын эконом-класты қоса алғанда) ұшу кезінде Air Passenger Duty салығынан босатылады. 12-15 жас аралығындағы балаларға, соның ішінде ата-анасыз балаларға билет брондағанда бұл салық алынбайды, бірақ жол ақысы толық төленеді.


Ұшқан кезде жасы 12 немесе 16-дан төмен болған балаға қате есептелген салықты қайтаруға болады (ұшу күніне байланысты). 12 жасқа дейінгі балаларға салық 2015 жылдың 1 мамырынан, ал 16 жасқа дейінгі балаларға — 2016 жылдың 1 наурызынан (Ұлыбританиядан ұшатын рейстерге) бастап алынып тасталды.


Билет толық пайдаланылған болса да, салықты қайтаруға болады. Ол үшін билетті сатып алған жерге немесе Air Astana ресми сату кеңсесіне хабарласып, баланың жасын растайтын құжатты (төлқұжат немесе туу туралы куәлік) және билет мәліметтерін ұсыну қажет.


Егер билет онлайн немесе колл-центр арқылы сатып алынған болса, Көмек Орталығына брондау кезінде көрсетілген e-mail арқылы өтініш жіберіңіз. Хатта билет нөмірін көрсетіп, айырманы қайтаруды сұрау қажет. 

Баланың жасын растайтын құжаттың көшірмесін қоса тіркеу керек.

Көмек орталығы

Сіз біздің қызметтеріміз туралы пайдалы ақпарат ала отырып, түрлі мәселелер бойынша сұраныстарыңызды Air Astana-ға тікелей жібере аласыз.