Air Astana ұшақ бортында
Бізбен саяхатқа шыққанда бортта ұсынылатын түрлі марапаттарға ие болған қызметтермен танысыңыз
Air Astana қызмет көрсететін кластар
Эконом-класс, бизнес-класс, не жатын эконом-класпен ұшсаңыз да, біз әр санаттағы саяхатқа жоғары деңгейлі қызмет көрсетеміз. Әр класс ұсынатын салон мен қызмет ерекшелігі туралы толығырақ төменде танысыңыз.
Бизнес-класс
Кең креслолармен, эксклюзивті ыңғайлылықтармен және жеке қызмет көрсетумен ерекшеленетін премиум саяхат.
Эконом-класс
Саяхатыңыз ыңғайлы болу үшін үнемді сапарды ұсынатын кластын қызметтерін пайдаланыңыз.
Жатын эконом-класс
Демалғанға арналған арнайы жатын орындарға жайғасып, қолжетімдіні қосымша ыңғайлылықпен үйлестіріңіз.
Халықаралық стандартқа сай тамақтану
Біздің әр рейсімізде балғын ингредиенттен әзірленген түрлі тағамдар тегін ұсынылады, сондай-ақ ұшу барысында сергітетін сусындардың алуан түрі қолжетімді. ТОЛЫҒЫРАҚ
Nomad Club артықшылықтары
Бағдарламаға қатысушылардың марапаттарыБіздің құрметті қатысушымыз атанып, қызмет көрсету класын жоғарылату сияқты борттағы және одан тыс тәжірибеңізді жақсартатын көптеген эксклюзивті артықшылықтарға ие болыңыз.Біздің Boeing 767-дің салонымен 3D форматында танысыңыз
Ең үлкен ұшағымыздың ішіне кіріп, жұмсақ жарық пен аспапты әуен бөлеген жағымды атмосфераны сезініңіз, сонымен бірге ойын-сауық жүйемізді және жолаушылардың жайлылығын ескере отырып ойластырған салондағы басқа да ерекшеліктерді көріңіз.
Ұшақтағы ойын-сауық
Біздің ойын-сауық жүйемізбен танысыңыз. Ең қызықты дегеннің барлығын – жаңа блокбастер мен баурап алар телехикая, музыкалық хит пен голливудтық классиканы KCTV-де таба аласыз.
Бәрі балаларға арналған
Жас жолаушыларымыздың ойын-сауығы біз үшін негізгі басымдықтың бірі. Біз таңдаған танымал мультфильмдер, ертегілер, деректі фильмдер, ойындар, жол жиынтықтары, бесік жырлары мен өлеңдер олардың саяхатын жағымды әрі ерекше етуге арналған. ТОЛЫҚ ТАНЫСУ