Өскеменге саяхатым
Ертісте ағаш үймен саяхаттау. Шығыс Қазақстан Майкл МакНиколасты таң қалдырғаны туралы.
ММ
Майкл МакНиколас
Wed, 08 Jun 2022
Маған Қазақстанда өмір сүрген жеті жыл ішінде көптеген таңғажайып жерлерді көру бақыты бұйырды. Әлі де тілектер тізімімде көргім келетін жер көп. Қызығы Шығыс Қазақстан сол тізімнің алғашқы қатарларында емес еді, шындығында, ол мүлде болмаған. Сондықтан осы шілде айында Шығыс Қазақстанға шақырту алған кезде біраз толқыдым.
Осы сапарға дейін Шығыс Қазақстан туралы бар білерім – оның Сібір мен Моңғолиядан сәл төменірек батыс Қытаймен шектесетін, Алтай тауларымен бөлінген үлкен аумақ екені ғана. Дәл ұшар алдында Википедияны ашып, жәй ғана үлкен емес, аймақ – 283 230 шаршы шақырымға созылатынын білдік.
Шығыс Қазақстанның басты байлығы – Ертіс өзені. Ұзындығы 4200 км-ден асатын бұл өзен Моңғолия жерінен бастау алып, Қытайдың Шыңжаң аймағы арқылы өткен соң, Шығыс Қазақстанға келіп, содан кейін солтүстікке қарай Ресейдің Сібіріне бұрылады
Өскеменнің оңтүстік-батысында орналасқан тұзды Алакөл көлі ЮНЕСКО-ның шешімімен «Алакөл биосфералық резерваты» болып жарияланған. Себебі әр түрлі қоныс аударатын құстар, соның ішінде Далматия пеликаны, Еуразиялық қасық, үлкен қоқиқаз және темір үйрек үшін бұл көл Орталық Азия маршрутының маңызды бөлігі.
Сапарымыз облыс орталығы – бұрындары «Усть-Каменогорск» аталған, кеңестік дәуірде аса маңызды құпия өнеркәсіп орталығы болған Өскемен қаласынан басталды. Қала 1720 жылы сол аймаққа майор Иван Васильевич Лихаревті Ярқанды алтынын іздеуге жіберген Ресей императоры Ұлы Петрдің жарлығымен құрылды. Майор Лихарев жаңа қамал негізін қазіргі қаланың орталығы Ертіс пен Үлбі өзендерінің түйіскен жеріне қалады.
Уақыт бұрынғы қамалдың ізін де қалдырған жоқ. Қала қазір кең, ағаштармен көмкерілген даңғылдары мен саябақтары бар гүлденген посткеңестік полиске ұқсайды. Алғашқы кеште-ақ бізді Мұхтар Тойбазаров иелік ететін «Остров» резиденциясына қонаққа шақырды. Бұл нағыз өнер туындысы. Мейрамхана Ертіс өзенінің жағасындағы эксцентрик мүсіндер, интерактивті қондырғылар мен көптеген түрлі-түсті антикварлық ресейлік көліктері бар үлкен бақта орналасқан.
Біз кешкі асты далада батып бара жатқан күннің әсемдігін тамашалап отырып ішіп, қазақ, орыс және батыс тағамдарынан тұратын таңғажайып бес тағамнан ләззат алдық – бұл нағыз гастрономиялық тур болды. Біз бәріміз аспаздың Еуропадағы кез келген Мишелин жұлдызды мейрамханасынан асып түсетінін және қызмет көрсету де мінсіз екенін байқадық.
Сол күні кешке қарай Өскемен қаласының орталығынан небәрі 20 минуттық жерде орналасқан Ертіс өзенінің бойындағы «Sunshine Bay» демалыс орнына келдік.
Бір күндік жол мен берекелі астан кейін біраз шаршап қалған біз Ертіс бойымен жүзіп келе жатқан үлкен баржада салынған сәнді ағаш үйден берілген қонақ бөлмемізді көріп, таң қалдық.
Келесі күні таңертең 1950 жылдардың басында салынып, кейіндері кешен иесі сүйіспеншілікпен қалпына келтірген «Фурманов» өзен пароходына міндік. Күндіз 1940, 1950 жылдары Кеңес өкіметі салған құлыптар мен бөгеттер жүйесінен өтіп, Ертіс өзенімен жайбарақат жүздік. Түске таман үлкен жасанды көл – Бұқтырма су қоймасына жеттік. Сол жерде «Фурманов» өз моншасы бар басқа қалқымалы баржаға тіркесті.
Тағы бірнеше сағат жүзген соң, Көк лагунаға жақындап, әңкерлік тастадық. Алыстағы Алтай тауларындағы қардың фонында Ертістің мұздай суына гүмп етіп, аз жүзген соң, жылыну үшін моншада сеанс жасадық.
Сол күні кешке Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан тағы бір демалыс орны Санрайз Роккиге жеттік. Ол жердің көріністері тіпті ерекше боп шықты. Оның үстіне бәрін ұмытып, демалуға мүмкіндік беретін тыныштық бар.
Ертесі 4х4 адамнан тұратын тобымыз Қытай мен Ресей шекарасынан алыс емес Алтай тауларының бөктерінен көкжиекке дейін созылған шексіз күнбағыс алқаптарына өттік. Содан кейін Алтай тауларының басты шыңы – Белуха тауының тамаша көрінісін тамашалау үшін Радужный асуына бет алдық.
Сол жерден қайта «Санрайз Роккиге» оралып, үш күндік музыка, өнер және тағам фестивалі «Buqtarma Discovery Camp»-ке қосылдық. Лагерьде күн батысымен оркестр сахнаға шығып, түннің бір уағына дейін өнер көрсетті.
Оны да аз көргендер үшін мереке алау басында жалғасып, ән мен би күн шыққанша дамылдамады. Биыл фестивальдің «бета» нұсқасы болғанымен, үйлер, шатырлар, асүйлер мен барлар 2022-ші жылдың фестиваліне келетін қонақтарды күтіп алуға дайын.