Астанадағы «Шаңырақ» күту залымыз қонақтарын күтуге әзір


Халықаралық бизнес-класс жолаушыларымыз бен Nomad Club «алтын» және «күміс» карта иегерлерін біздің «Шаңырақ» атты Астана халықаралық әуежайындағы арнайы күту залымызға шақырамыз.

Бұл бизнес-класс күту залы кеден және миграциялық рәсімдеу орындарынан кейін орналасқан – бұл жолаушыларға ұшып шығу қақпасына бірнеше минутта жетуге мүмкіндік береді. Осы ғажайып жерде нағыз қазақтың қонақжайлылығын сезініп, демалып, рахаттаныңыз.

Егер сіз соңғы жаңалықтармен таныс болып, әуежайдан көрінетін керемет шолуды тамашалап немесе ұшар алдында жұмысыңызбен айналысқыңыз келсе – мұның барлығын сіз осы керемет жерде іске асыра аласыз.

Күту залында төмендегі қызметтер көрсетіледі:

  • Жоғарғы стандаттарға сәйкес алуан түрлі дәмтатымдар мен жеңіл тамақтар;
  • Көптеген түрлі алькогольді және алкогольсіз сусындар;
  • Тегін wi-fi аймағы;
  • Жаңалықтар телеканалдары;
  • Үш тілде ұсынылған жергілікті және халықаралық газеттер мен журналдар;
  • Жайлы атмофера сыйлайтын арнайы жарық.

Әуежайдың шуы мен қарбаласынан алыстататын біздің шағын оазисіміз сізге қызмет етуге дайын.

Бизнес-класс күту залына келген кезде небары өз шақыру картаңыз бен отырғызу талоныңызды немесе Nomad Club «алтын» немесе «күміс» картаңызды көрсетуіңіз қажет.

Сізді «Шаңырақ» күту залына асыға күтеміз.

Edit Album Re-Order the Album Images

«Шаңырақ» бизнес-класс күту залы

Біздің Астанадағы жаңа бизнес-класс күту залымыздың суреттерін көріңіз

The folder path in the module settings does not exist.