Біз туралы

AB-initio ұшқыштарды дайындау бағдарламасы

abinitio

«Эйр Астана» ұшқышқа оқыту бағдарламасы

«Эйр Астана» ұлттық тасымалдау әуекомпаниясының ұшқышы болғыңыз келеді ме?

Заманауи ұшақтарын меңгергіңіз келеді ме?

Ұшқыш мамандығының қиындықтары жасқандырмайды ма?

Онда ұшқыштарды бастапқы дайындау Ab-Initio бағдарламасы сізге арналған!

«Эйр Астана» әуекомпаниясы өз қызметін жоғарғы стандарттарға сай атқарады және де лайықты үміткерлерді әуекомпаниядағы кез келген бос орынға шақырады. Сонымен қатар ерекше қабілетті, білімді және жігерлі адамдарға «Эйр Астана» әуекомпаниясы Ab-Initio атты ұшқыштарды бастапқы дайындау бағдарламасы бойынша кәсіби оқытуды ұсынады. Осы бағдарламаға қатысуға математика, физика және ағылшын тілінен білімі жоғары деңгейдегі 18 бен 34 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады. Үміткерлерді іріктеу тұрақты түрде жүргізіледі және бірнеше кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен үміткерлер дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ұшқыштар мектебінде білім алуға мүмкіндік алады.
Қажетті құжаттарды төмендегі мекен-жайға жіберіңіз:

Қызметкерлерді басқару департаменті
«Эйр Астана»
050039 Алматы қ-сы, Закарпатcкая к-сі, 4А
«Эйр Астана» Орталық 1
Тел.: +7 (727) 258 41 35/36 (ішкі н-р 1428)
Факс: +7 (727) 259 87 04
E-mail: ab-initio@airastana.com

Іріктеу барысы

Талаптар
Ab-Initio бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2. Жасы 18 бен 34 жас аралығында;
3. Жоғары немесе арнаулы орта білімі болуы керек;
4. Ағылшын тілін жетік білуі керек;
5. Денсаулығы медициналық комиссияның талаптарына сай болуы керек;
6. Сотталмаған және полициялық мәліметтерде тіркелмеген;
7. Халықаралық паспорты болу керек;
8. Шенген визасын алу талаптарына сәйкес болуы керек;
9. «Эйр Астана»-мен еңбек шартқа кем дегенде 7 жылға қол қоюға және оқу құнының 50% қайтаруға келіскен болуы керек.

Іріктеу турларына келесі үміткерлер категориялары қабылданады:

1. Жоғары оқу орындарының түлектері (диплом бойынша мамандығы маңызды емес);
2. ҰБТ немесе ТКT тестілерінде 60 немесе одан жоғары балл нәтижесі бар мектеп және колледж түлектері, ЖОО студенттері (тест тапсыру куні маңызды емес);
3. ҰБТ немесе ТКT сертификаты жоқ, бірақ «Алтын белгі» медалінің иегерлері немесе физика және математика республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын мектептер мен колледждер түлектері және жоғары оқу орындарының студенттері.

2. Үміткерлердің құжаттарын қарастыру

Конкурсқа қатысу үшін үміткер мына құжаттарды ұсынуы қажет:

1. Толтырылған Ab-Initio анкетасы;
2. Жеке куәлік жөне паспорт көшірмесі;
3. Орта білім жайлы аттестат пен оның қосымшасының көшірмесі;
4. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) сертификатының көшірмесі (1.2. тарам 2 тарамшада көрсетілген үміткерлер үшін);
5. Диплом мен оның қосымшасының көшірмесі (бакалавр, маман немесе магистр дәрежелері) (1.2. тарам 1 тарамшада көрсетілген үміткерлер үшін);
6. Резюме;
7. Ерлер үшін әскери билет немесе әскери коммисариатта тіркелу туралы құжаты болуы қажет;
8. Соңғы жұмыс орнынан немесе оқу орнынан екі кепілдеме хаты/мінездеме;
9. Оқу орнынан анықтама;
10. IELTS ортақ балл 6.0-дан кем емес немесе TOEFL IBT ортақ балл 78-ден кем емес сертификатының көшірмесі;
11. Сотталмағаны туралы куәлік;
12. Психоневрологиялық орталықтан куәлік;
13. Наркологиялық диспасерден куәлік;
14. Мекен-жай куәлігі.

Барлық құжаттар талаптарға сай болған жағдайда, үміткер бастапқы іріктеуге шақырылады.

Үміткерлерді іріктеу
Үміткерлерді іріктеу келесі кезеңдерден тұрады (төмендегі тармақтардың кез-келгенінен өтпеген ретте үміткер іріктеуден шығады):

Бастапқы іріктеу
1. SHL қабілеттер тесті (VMG ауызша ақпаратты талдау және NMG сандық ақпаратты талдау ).
2. Қазақстандық медициналық комиссияның үміткердің «ұшқыш» мамандығына оқу үшін денсаулық және психофизиологиялық жайы туралы куәландыруы (ВЛЭК сертификаты).
3.2 Бағалау
1. Үміткердің ұшқыш болуға үйрену қабылетін COMPASS жүйесі арқылы тексеру;
2. Эйр Астана әуекомпаниясының өкілдерімен сұхбат;
3. Ұшқыштарды дайындайтын оқу орнының іріктеу комиссиясы «Эйр Астана» әуекомпаниясы өкілдерімен (Ұшуды ұйымдастыру және Қызметкерлерді басқару жөніндегі департаменттер) бірлесе отырып өткізетін үміткерлерді сұхбаттау.

Ескертулер:
1. Егер үміткер SHL тесттері бойынша қанағаттанарлықсыз нәтижеге жеткен болса (3.1. тарам 1 тарамша), үміткер келесі іріктеу кезеңдеріне өте алмайды және бірінші талпыныстан кейін 12 ай өткен соң қайтадан бағдарламаға қатысу мүмкіндігін алады (үміткердің SHL тестін қайта тапсыруға 1 мүмкіндігі бар).
2. Егер медициналық комиссия үміткер денсаулығының жарамсыздығын айқындаған жағдайда (3.1. тарам 2 тарамша), оның қайта қатысуы тек медициналық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін мүмкін болады.
3. Егер үміткер COMPASS тесті (3.2. тарам 1 тарамша), «Эйр Астана» әуекомпаниясының өкілдерімен сұхбаты (3.2. тарам 2 тарамша), ұшқыштарды дайындайтын оқу орнының іріктеу комиссиясымен сұхбаты (3.2. тарам 3 тарамша) бойынша қанағаттанарлық нәтижеге жетпеген жағдайда, үміткердің бағдарламаға қайта катысуы туралы шешімді «Эйр Астана» Ab-Initio бағдарламасының іріктеу комиссиясы қабылдайды.
4. Оқуды бастамас бұрын үміткерлер EASA (European Aviation Safety Agency) бірінші класс медициналық сертификатын алу үшін медициналық тексеруге жіберіледі.