Біз туралы

Жергiлiктi қызмет көрсету жөніндегі департамент

 

Әуекомпанияның барлық базалары бойынша жердегі қызметтің орындалуына Жерде қызмет көрсету департаменті жауапты, яғни жердегі қызметтің қауіпсіздігіне, өнімділігіне, экономикалық тиімділігіне және компаниядағы расталған стандарттарға сәйкес келуін бақылайды.

Департаменттің күнделікті әрекеті негізгі екі бағыттан тұрады: а) жолаушылар мен жол жүк қызметі және б) әуекемелерге қызмет көрсету. Жолаушылар мен жол жүк қызметі - тіркеу кезіндегі шаралар, бортқа отырғызу, келу және трансферден; сонымен қатар жол жүк қызметі жол жүкті маңыздылығына байланысты бөлу мен бөлектеуден, жол жүкті тасымалдаудан және келуші әужайда қайта қалпына келтіруден тұрады.

Департаменттің бірінші бағытына қарағанда екіншісі - әуекемелерге қызмет көрсету бағыты көзге аз түскенімен күрделірек және техникалық жұмыстары көбірек болып келеді. Әуекеме қызметі жолаушыларды әуекемеге отырғызу және түсіру, жүкті тиеу немесе түсіру, әуекеме тепе-теңдігін сақтау бойынша ақпарат құру, бортқа уақытылы тағам тиеу және уақытылы жанармай құю, сонымен қатар ұшақты қар мен мұздан тазалау жұмыстарын жүргізу сияқты шаралардан тұрады. 

Жерде қызмет көрсету Департаментінің қорытынды функциясы жүк қызметімен байланысты: жүк қабылдау, жүктің көлемі мен салмағын бақылау, сонымен қатар қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес келуін, жүкті тасымалдауға алдын-ала дайындықты қадағалау.

Стандарттар жөніндегі Бөлім, Оқыту жөніндегі Департамент және Арнайы Жобалық Топ осы депратаментттің ажырамас бөлігі болып табылады және де қазіргі уақытта осы топ ALTEA жөнелту бойынша жаңа бақылау жүйесін енгізу жұмыстарымен айналысып жатыр.

 

Егер сіз осы топтың мүшесі болғыңыз келсе, сіз төмендегі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  1. Вакансиялар веб-жүйесіндегі тіркеуден өту;
  2. Сізге сәйкес келетін позицияға өтініш жіберу