Біз туралы

«Эйр Астана» АҚ сыртқы аудиторлары жөніндегі мәлімет

 

2014-2016 жылдары «Эйр Астана» АҚ  сыртқы аудиторы «КПМГ Аудит» ЖШС тәуелсіз аудиторлық мекемесі болып табылады.

2013 жылдың 03 желтоқсанында өткізілген 2014-2016 жылдарына арналған жылдық қаржылық есептілігіне аудит және аралық қаржылық есептілігіне шолу жасау қызметтерін сатып алу ашық тендері нәтижесінде «Эйр Астана» АҚ және «КПМГ Аудит» ЖШС, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2014, 2015 және 2016 жылдарының 31 желтоқсанында аяқталған жылдарына арналған қаржылық есептіліктер аудитін, 34 ХҚЕС сәйкес дайындалған, 2014, 2015 және 2016 жылдарының 30 маусымында аяқталған жарты жылдығына арналған аралық қаржылық есептілік аудитін жүргізу қызметтерін сатып алу келісім-шартын жасады.  

«Эйр Астана» АҚ  қаржылық есептілік аудитін келесі аудиторлық мекемелер жүзеге асырды:

2007 - 2010 жылдары – «Делойт» ЖШС
2004 - 2006 жылдары – «KPMG Janat» ЖШС
2002 - 2003 жылдары – «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС

Сыртқы аудиторлардың көрсеткен қызметтер бағасы  www.procurement.airastana.com сайтында жарияланады.