Біз туралы

«Эйр Астана» әуекомпаниясының басшылығы

 

Питер Фостер – «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті

Питер Фостер мырза авиация саласындағы мансабын Кэмбридж Университетін 1982 жылы бітіргеннен кейін Cathay Pacific Airways Ltd әукомпаниясының құрылтайшысы болып табылатын John Swire and Sons (HK) Ltd әуекомпаниясында машықтанушы-менеджер қызметінен бастады. 1982-1999 жылдары Cathay Pacific Airways әуекомпаниясында Гонгконг, Азия, Австралия және Еуропада менеджер, содан кейін бас менеджер қызметінде жұмыс істеп, Францияда (INSEAD) іскерлікті басқару тәлімін алды. Питер Фостер мырза Cathay Pacific Airways әуекомпаниясында жұмысын 1999 жылы аяқтап, Philippine Airlines әуекомпаниясының реанимациялық тобын басқарды. Бері келе 2002-2005 жылдар аралығында Royal Brunei Airlines әуекомпаниясында бас атқарушы директор лауазымында жұмыс атқарып, 2005 жылы "Эйр Астана" әуекомпаниясының Президенті лауазымына тағайындалды.

Алма Алигужинова – Стратегиялық және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президент

Алма – «Эйр Астана» әуекомпаниясында 2001 жылдан бастап, құрылу кезінен бері, ұшулар орыдалмастан бұрын жұмыс істеп келе жатқан, алғашқы қызметкерлердің бірі. Алма еңбек жолын компанияда корпоративті қатынастарды дамыту мәселесімен айналысатын менеджер қызметінен бастады. Кейінірек корпоративті қатынастарды дамыту мәселесімен айналысатын директор қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта Алма стратегиялық және коммерциялық жоспарлау аға вице-президентінің қызметін атқарады. Алма «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Шығыс Каролина Университетін бітіріп, МВА – Іскерлік ұйымдастыру магистірі дәрежесін алған.


Ербол Оспанов – Үкіметтік, заңнамалық мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі аға вице-президент

Ербол – авиация саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Ол Қазақстанда көптеген әуекомпанияларда жұмыс атқарған. Еңбек саласының басында ол Екінші ұшқыш қызметін атқарған, содан кейін «ТУ-154», «Боинг 747», «Боинг 757», «Боинг 767» сияқты көптеген ұшақтарда жаттықтырушы ұшқыш болып жұмыс істеген. «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы вице-президент қызметімен қатар, Ербол бірнеше жыл бойы Қазақстан Президенті әуе кемесінің командирі болған.


Ибрахим Жанлыел – Маркетинг және сату жөніндегі аға вице-президент

Ибрахим «Эйр Астана» әуекомпаниясында 2003 жылдан бастап жұмыс істеуде, бұл күнге дейін ол 9 жыл туризм саласында Түркияның басты тур операторларымен бірге жұмыс жасады. Әуе саласындағы мансабының бірінші қадамы KLM әуекомпаниясының Алматы қаласындағы өкілдігінен басталды. Менеджер лауазымында Орта Азия мен Қазақстандағы коммерция саласы үшін жауапты болды. Ибрахим Ыстамбұлдағы Bosphorus University Университетінің МВА дәрежесіне ие болды және Marmara University оқу орнынан экономикалық білім алды. Сонымен қатар Ибрахим 2005 жылдың қарашасынан 2008 жылдың қарашасына дейінгі мезгілде Қазақстан Еуропалық Іскерлік Қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Герхардус Коетци – Корпоративтік қауіпсіздік және сапа кепілдігі жөніндегі аға вице-президент

Герхардус өз еңбек жолын әуе күштері штурманы ретінде бастады, Оңтүстік Калифорния Университетінің қауіпсіздікті басқару бойынша біліктілігі бар, ерекше оқиғаларды зерттеуші маманы. Ол коммерция саласындағы бакалавр дәрежесіне ие, Оңтүстік Африка Университетінің көлік экономикасы факультетін үздік аяқтаған. Соңғы 15 жыл ішінде, ұшулардың қауіпсіздігін сақтау саласында, соның ішінде Оңтүстік Африканың Әуе Қорғау күштерінің ұшу қауіпсіздігін сақтау штаб офицері болып және BAE Systems компаниясының басқарушы кеңесшісі ретінде ұшу қауіпсіздігін арттыруда белсенді жұмыс атқарған.

Энтони Реган – Өндірістік мәселелер жөніндегі аға вице-президент

Энтони авиаиндустрия саласында 36 жыл еңбек істеп келеді. Ол 2001-2012 жылдары Air France-KLM еуропалық холдингтік әуекомпанияның Cityjet еншілес кәсіпорында ұшу өндірісінің жетекшісі болды. Онда ол CAE Parc Aviation (әуекомпанияларға жердегі жұмыскерлерді және ұшу құрамын дайындау бойынша ұйымы) директоры болған. Еңбек жолының басында Энтони ұшқыш ретінде Ирландияның әуе корпусында (Ирландия қорғаныс күштері) істеген, оның құзырына ұшу өндірісінің міндеттері кірген. Ол операциялық қызмет бойынша бірқатар лауазымда істеген, соның ішінде ұшу бойынша бас нұсқаушы. Зейнетке комендант атағында шыққан. Ол көлік авиация ұшқышының JAA/FAA ATPL әрекеттегі лицензиясының иегері. Энтони Дублин университеттік колледжінің математика және математикалық физика саласындағы түлегі.

Джон Уэйнрайт – Инженерлік топтың аға вице-президенті

Джон 34 жылдан астам әуе көліктерге техникалық қызмет көрсету тәжірибесіне ие. Ол негізгі және желілік, техникалық қызмет көрсетумен айналысқан. Ұлыбританияда жоғарғы білім алған және Бедфорд қаласында Британдық корольдік институттың жеке құрамында дайындықтан өткен. Британ әуежолдарында 20 жылға жуық уақыт жұмыс істегеннен кейін, ол Оңтүстік-Шығыс Азияға көшіп, Бруней әуе жолдарында, Вьетнам мен Непалда жұмыс істеді. Ал Брунейден Австралияға көшкен кезде, техникалық қызмет көрсету департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды. Джон «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы жұмысын 2006 жылы техникалық қызмет көрсету менеджері ретінде бастады. Ол Еуропалық авиациялық қауіпсіздігі агенттігінің лицензиясының, сондай-ақ инжениринг және техникалық қызмет көрсету лицензиясының С категориясының иегері. Үйленген, үш баласы бар.

Алима Заманбекова – Бас есепші

Alima Zamanbekova – Chief Accountant

Алима «Эйр Астана» әуекомпаниясына 2003 жылдың ортасында бас есепші қызметіне орналасты. Әуекомпанияда жұмысқа орналасқанға дейін мұнай-газ компанияларында бас есепші қызметін атқарған. Алима Шет Тілдер Институтының ағылшын тілі факультетін бітірген, кейін Басқару Қазақ Мемлекеттік Академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдады. Кәсіби лицензиясы бар есепші және Қазақстан Республикасы Кәсіби есепшілер палатасының мүшесі.

Майкл МакДонах – қаржы жөніндегі бас кеңесші

Michael Mc Donagh – Senior Financial Adviser

Майклдың авиацияда 40 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол өз мансап жолын Aer Lingus компаниясында бастады: Майкл мұнда қаражаттарды меңгеру, соның ішінде шетелдік меңгерушілік келісім-шарттарға негізделген, көбіне Африка елдеріне бағытталған іссапарларды қоса, түрлі қызметтерді атқарған. Майкл Aer Lingus компаниясынан 1994 жылы кетті, және «Эйр Астана» әуекомпаниясына келер алдында ол авиация саласындағы қаржыны меңгеру жөніндегі және Африка, Канада, Кариб аралдарындағы, Оңтүстік Америка және Шығыс Европадағы консалтингілік жобаларға қатысты. Майкл – сату саласындағы бакалавр деңгейімен Дублиндік университетті бітірген және де ол Жоғары дәрежелі логистика және көлік университетінің мүшесі болып табылады.

Евгения Ни – Қызметкерлерді басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президент

Yevgeniya Nee – Vice President HR and Administration

Евгения Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі және ағылшын/француз тілдері мен заң саласы бойынша диплом иегері. Ол «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы жұмысын 2002 жылдың қараша айында, Президенттің атқарушы көмекшісі ретінде бастады. Евгения «Эйр Астана» әуекомпаниясында жұмыс істеместен бұрын, «Интерконтиненталь» қонақ үйінде 4 жыл бойы әкімшілік бөлімінің атқарушы хатшысы болып істеген.

 

Валентина Хегай – Ішкі аудит жөніндегі вице-президент

Valentina_Khegay

Валентина қаржы саласында 23 жылдан астам жұмыс істеген маман, «Эйр Астана» әуекомпаниясына келместен бұрын, жергілікті және халықаралық компанияларда бас есепші, қаржы директоры және сыртқы аудитор сияқты қызметтерді атқарған. Ол лицензиясы бар аудитор және Аудиторлар Палатасының мүшесі. Ол Ұлттық Экономика Институтын және аспирантурасын тамамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.

 

Галина Умарова – Отын және жанармай ресурстарын басқару жөніндегі вице-президент

«Эйр Астана» әуекомпаниясына дейін «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның қаржы директоры болып қызмет атқарды. Галина Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетін тамамдаған, сондай-ақ Қазақстан Менеджемент Экономика және Бизнес Институтының (ҚМЭБИ) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие.

 

 

Айдар Қашқарбаев – Заң мәселелері жөніндегі вице-президент

Aidar Kashkarbayev – Vice President Legal Affairs

Заң саласындағы еңбек тәжірибесі 15 жылдан асады. Осы тәжірибесін ол 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінде бастаған. «Эйр Астана» АҚ компаниясына келгенге дейін Denton Wilde Sapte заң компаниясында және KPMG консалтинг компаниясында, сонымен қатар Батыс Қазақстанда орналасқан Қарашығанақтағы Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясы заң департаментінің менеджері ретінде қызмет атқарған. Айдар Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетін бітірген. Visiting scholar бағдарламасы бойынша Оңтүстік Иллинойс Университетінде (АҚШ) тәлім алған.

Чаминдра Ленава – Ақпараттық технологиялар және электрондық бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент

Chamindra Lenawa – Vice President IT and e-Business

Чаминдра ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіпкер және үш ұлттық әуекомпаниясында басқарушы тәжірибені жинаған. «Эйр Астана» әуекомпаниясында жұмысын бизнес жүйелерінің менеджері ретінде бастады, содан соң ақпараттық технологиялар және электрондық коммерция директорының қызметiн атқарады. Оның бизнесті басқару магистрі және электроника және телекоммуникацияларды әзірлеу саласында бакалавр ғылыми дәрежелері бар. Ақпараттық технологиялардың түрлі салаларындағы сертификаттардың иегері және авиабилеттердi брондау мен рәсiмдеу, брондау кластарын есептеу мен жөнелтімдерді басқару жүйелерi және бизнес-операциялардың маманы болып табылады. Чаминдра PMP (Project Management Professional – АҚШ) дәрежелі жобаларды басқару саласында және Британ компьютерлік қоғамының ақпараттық технологиялар саласында сертификатталған маман болып табылады.

Белла Тормышева – Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі Вице-президент

Bella

Бұқарамен байланыс және мәдени-ақпараттық қызмет салаларында 15 жылдан астам жұмыс атқарған. «Эйр Астана» әуекомпаниясына келместен бұрын Еуропалық Комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Өкілдігінде жұмыс істеді. Халықаралық қатынастар магистрі. Сонымен бірге Белла шет елдерде түрлі тренингтерден өткен.

 

 

Диляра Кунхожаева – Сатып алу жөніндегі вице-президент

Dilyara Kunkhozhayeva

Диляра әуекомпанияда еңбек қызметін 2006 жылы қаржы талдаушы ретінде бастады. ҚМЭБИ іскерлік басқару және бухгалтерлік есеп факультетін тәмамдап, іскерлік басқару бакалавры және магистры дәрежесін алды. Университеттен кейін Ernst & Young компаниясында және ҚМЭБИ қызмет атқарған. 2008 жылдан басқарушы есеп бөлімінің бастығы болған. 2012 жылдан сатып алу департаментінің директоры жұмысын атқарған.

 

Мерғали Әлжанов – Ұшу өндірісі жөніндегі вице-президент

Mergali_Alzhanov

Мерғалидің авиацияда саласындағы тәжірибесі мол. 1980 жылы Ақтөбе жоғарғы ұшу азаматтық авиация училищесін аяқтап, Мерғали өзінің мансабын Як-40 ұшағының екінші ұшқышы ретінде Көкшетау біріккен авиаотрядында бастаған, ал 1991 жылы Алматы біріккен отрядына ауысады. Бірнеше әуекомпанияда қызмет атқарғаннан кейін, Мерғали 2004 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясына «Боинг 757» ұшағының командирі қызметіне келеді. Мерғали үйленген, екі қызы мен бір ұлы бар.

Aйман Тілеубаева – Кірісті басқару және желілік жоспарлау жөніндегі вице-президент

 Aiman Tileubayeva – Vice President Network and Revenue Management

Айман «Эйр Астана» әуекомпаниясында өзінің еңбек жолын 2003 жылдың қараша айынан бастап коммерциялық жоспарлау менеджері қызметінен бастады. Ол ұшу кестесі мен желіні жоспарлауға жауапты ретінде жұмыс атқарды. «Эйр Астана» әуекомпаниясына дейін Айман «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында бес жылға жуық еңбек етті. Айман Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды. 2009 жылдың ақпан айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясында коммерциялық жоспарлау және кіріс басқару директоры қызметіне тағайындалған. 2013 жылдың басынан кірісті басқару және желілік жоспарлау жөніндегі вице-президент.

 

Айжан Омар – Басқарушылық есеп және тәуекелді басқару бойынша вице-президент

Aizhan Omar – VP Management Accounts and Risk Management

Айжан М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің түлегі және халықаралық экономикалық қатынастар саласы бойынша диплом иегері. ҚМЭБИ іскерлік басқару және бухгалтерлік есеп факультетін бітіріп, іскерлік басқару магистры дәрежесін алды. Ол "Эйр Астана" әуекомпасияндағы жұмысын 2006 жылдың тамыз айында қаржы талдампазы ретінде бастады. 2012 жылдың маусым айынан бастап есеп бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2014 жылдың қаңтар айында Басқарушылық есеп және тәуекелді басқару бойынша вице-президент болып тағайындалды.

Рассел Эллис – Ұшу өндірісін жедел басқару жөніндегі вице-президент

 Russel Ellis – Director Operations ControlРасселдың 26 жылдан астам авиацияда жұмыс істеу тәжірибесі бар және ол 2007 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясына келмес бұрын, Оңтүстік Африка Республикасы мен Таяу Шығыстағы түрлі әуекомпанияларда бірқатар басқарушы қызметтерін атқарған. Расселдың еңбек жолы әскери салада басталып, ол навигация маманы және нұсқаушы ретінде тәжірибе жинаған. Рассел «Эйр Астанада» күнделікті ұшулардың орындалуын бақылау және төтенше жағдайларда әрекет ету дайындығы үшін жауапты.

Ричард Леджер – Қазақстан және шетел бойынша сату жөніндегі вице-президент

Richard Ledger – Vice President Worldwide Sales

Ол Ланкастер университетін саяхат және туризм саласы бойынша магистрі және Лондон Университетінің география саласын бакалавр дәрежесімен бітіргеннен кейін өзінің авиация саласындағы мансабын 1993 жылы бастады. Оның туризм индустриясында бірінші қызметі Тайланд және Үндістанда туристік қызметтерді ұсынатын компанияда туристік операциялар бойынша менеджер лауазымы болған, содан кейін Ричард Wexas International компаниясында Round the World маманы болған. Содан кейін Ричард 5 жылдай Лондондағы Сингапур әуежолдарында корпоративті саудада жұмыс істеді. «Эйр Астана» әуекомпаниясына дейін 2005 жылдың қаңтар айында Royal Brunei Airlines компаниясында сатулар және маркетинг жөнінде менеджер қызметінде істеген. Ричард «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы қызметін 2006 жылдың маусым айынан бастап Лондонда орналасқан Еуроодақ және АҚШ және Канададағы аймақтық бас менеджер лауазымынан бастады. Ол негізінен сол аймақтағы сауда желісіне жауапты ретінде жұмыс атқарды. Ричард үйленген, 3 баласы бар. 2009 жылдың ақпан айында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Қазақстанда және шетелде сатылым жөніндегі директоры болып тағайындалды.

Григорий Зырянов – Инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің коммерциялық мәселелері жөніндегі директор

Grigoriy Zyryanov – Director Commercial Engineering

2001 жылы ҚР Азаматтық авиация академиясын тәмамдаған. Содан бері авиация саласында еңбек етіп келеді. №405 авиажөндеу зауытында аға инженер-технолог ретінде бастаған. Одан кейін «Эйр Казахстан» компаниясында өндірістік жоспарлау және бакылау департаментінің басшы орынбасары болған. Сосын 2004 жылы «Эйр Астана» компаниясының техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау департаментінің техникалық қызмет көрсету бағдарламасының инженері болып тағайындалған. Кейін техникалық қызмет көрсетуді жосапарлау бойынша менеджері болды. 2010 жылы Григорий базалық техникалық қызмет көрсету командасын құру және ЕАСА талаптары бойынша қосымша цехтарды сертификаттау үшін жауапты болды. 2012 жылдың сәуір айында инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің коммерциялық мәселелері жөніндегі директоры болып тағайындалған және ИТҚ коммерциялық мәселелер бойынша департаментіне флотты басқару техникалық мәселелерін шешу үшін ауыстырылған.

Азамат Оспанов – Инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің қаржы мәселелері жөніндегі директор

 Azamat Ospanov – Director Engineering Finance

Азамат Оспанов Сулейман Демирел атындағы университеттің экономика, есеп және аудит бөлімін бітірген. Ол өз мансабын Ernst and Young компаниясында бастап, KPMG компаниясында аудит бойынша тәжірибелі менеджер болды. Азамат «Эйр Астана» әуекомпаниясында 2009 жылдың сәуір айында қаржы жөніндегі менеджер ретінде жұмысын бастаған. 2013 жылдың қаңтар айында Азамат ИТҚ қаржы мәселелері жөніндегі директоры болып тағайындалды.

Тимур Якупов – Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі директор

Timur Yakupov – Director National Development

Тимур 20 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар авиация инженері болып табылады. Бұрынғы КCРО-да нақтылы авиациялық білім алып, өз мансабын пилотаж ұшақтарында механик ретінде қызмет етуден бастайды. Тимур әскерде әскери-көліктік авиация ұшақтарын атқыштар құралдандыру бойынша маман болып қызмет етеді. Кейін еңбек жолын Қазақстанда Ту-154 ұшағының механигі қызметінде жалғастырады, әрі қарай бұрынғы КСРО-ның жолаушы және жүк ұшақтарын пайдалануды меңгерді. «Эйр Астанада» бірінші күннен бастап еңбек етеді және әуекомпаниядағы мансабын ауысым басшысы қызметінен бастаған. Тимур инженерлік лицензия иегері болып табылады және 11-ден аса ұшақ түрлері мен олардың нұсқаларына қызмету көрсетуге рұқсаты бар.

Паоло Ричиотти – Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі директор

Paolo Ricciotti – Director Ground Services

Паолоның авиация саласындағы еңбек тәжірибесі 35 жылдан асады, соның ішінде әуекомпаниялар мен әуежайларда. Ол 2000 жылдың тамызына дейін Cathay Pacific әуекомпаниясында әуежай жөніндегі Бас менеджер қызметін атқарған. Содан кейін Паоло алдымен SEA Milan Airports тобына жататын Милан «Линате» және «Мальпенса» әуежайларын, кейінірек SEA тобындағы Handling компаниясының коммерциялық қызметін басқарады. Cathay Pacific әуекомпаниясының Еуропа және Азия мен Гонконг аймақтарында ол бірнеше басшылық лауазымды атқарады, олар брондау жүйесінің менеджері, ұқыптылық көрсеткіші жөніндегі менеджер және «Кай Так» Гонконг әуежайының меңгерушісі қызметтері. Сондай-ақ жылдар өте келе ол жүк тасымалдау саласында да тәжірибе жинап үлгереді. Паоло телекоммуникация саласындағы инженерлік дипломына ие. Ол INSEAD-те және Англиядағы Ashridge бизнес-мектебінде бизнесті басқару бойынша тренингтерден өткен.

Маргарет Фелан – Бортта қызмет көрсету жөніндегі директор

Margaret Phelan – Director In-Flight Service Delivery

Маргареттің авиация саласындағы еңбек тәжірибесі 17 жылдан асады. Ол Ирландияның сауда колледжінде білім алған. Маргарет 1995-2012 жылдар аралығында CityJet (Air France/KLM) компаниясында бортсеріктерді дайындау мен стандарттау және бортта қызмет көрсету жөніндегі басшы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Маргарет EU OPS басқару және нұсқаушыларды дайындау жөніндегі бірқатар курстарын тәмамдаған. Ол отбасы құрған, 2 баласы бар.

Марат Секербеков – Ұшу басқаруын қолдау жөніндегі директор

 Marat Sekerbekov – Director Flight Operations Support

Мараттың авиация саласындағы еңбек тәжірибесі 30 жылдан асады. Ол қазақстандық және шетелдік әуекомпанияларда еңбек еткен. Ол өзінің авиация саласындағы мансабын Украинаның Ұлттық авиация университетiнің Кировоград ұшқыштар академиясын бітіргеннен кейін бастады. Оның бұл саладағы бірінші қызметі ССРО-ның «Аэрофлот» әуекомпаниясында басталды. 1994 жылы Марат қазақстандық авиация саласына келедi. Ол 2005 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясындағы өз еңбек жолын «Фоккер 50» ұшағының екінші ұшқышы ретінде бастап, ұшу өндірісін басқарудың барлық сатысынан өтіп, бас-ұшқыш қызметіне дейін көтеріледі. 2013 жылдың басынан бастап Марат ұшу басқаруын қолдау жөніндегі директор лауазымына тағайындалды.

Адриан Мейер – Cтандарттар жөніндегі директор

Adriaan Jan Meijer – Director of Standards

Адриан өз мансабын 1978 жылы KLM Cityhopper-де ұшқыш ретінде бастады. Алдымен ол DC-9 ұшағында екінші ұшқыш, содан кейін Fokker 50 ұшағының командирі болды. Сосын ол ұшқыш-нұсқаушы және стандарттау бойынша ұшқыш қызметін атқарып, соңында бас ұшқышқа дейін көтеріледі. Адриан KLM әуекомпаниясының Boeing әуе кемелеріне көшкен, соның ішінде Boeing 767 ұшағында оқытушы командир болып ұшады. KLM компаниясында зейнетке шыққан соң ол «Боинг 757» және «Эрбас 320» әуе кемелерін иеленген Dutchbird әуекомпаниясына ұшу өндірісін басқару жөніндегі директоры болып орналасады. Ұшу өндірісін басқару кезінде Адриан ETOPS пен CATIIIB жобаларын іске асырған және қосымша JAR EU бойынша ұшу өндірісі үшін жауапты болған. Адриан өзінің оқыту, ұшу өндірісін басқару мен стандарттау саласында мол тәжірибе жинап, IATA-мен де ұшу өндірісін басқару жөніндегі директордың орынбасары және қауіпсіздіктің басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. Сонымен қатар, ол ICAO SARP отын стандарттарын енгізген ICAO Комиссиясының мүшесі және дәрігер болып табылады.

Филиппос Сиаккас – Ұшуды қамтамасыз етуді оқыту жөніндегі директор

Filippos Siakkas

«Эйр Астана» әуекомпаниясына келер алдында Филиппос Olympic Air әуекомпаниясында оқыту жөніндегі қызметті атқарды: бұл жерде Филиппос ұшқыштарды алғаш және кезекті оқытуға қатысты барлық жұмыстарға және компанияға кадеттерді алуға байланысты әрекеттерге толықтай жауапты болды. Мұның алдында Филиппос ұшуды қамтамасыз етуді қолдауға байланысты бірнеше басқарушылық лауазымдарды, соның арасында Ұшу стандарттары жөніндегі директор қызметін атқарды.
Филиппос өз мансабын 1989 жылы Olympic Airways әуекомпаниясында Екінші ұшқыш ретінде бастайды.
Содан соң ол Нұсқаушы және Емтихан қабылдаушы қызметін тағайындалғанға дейін Филиппос Ұшқыш ретінде қызмет етті – ол «Боинг 737», «Эрбас A320» ұшақтарында Екінші Ұшқыш және де «Боинг 737», «Эрбас A300 B4», «Эрбас A300-600» әуекемелерінде Ұшақ командирі болып жұмыс атқарды.
Филиппос үйленген және екі баласы бар.

Айгүл Омурзакова – Бизнес-жоспарлау және ұшақ портфелі жөніндегі директор

Aigul Omurzakova - Director Business Planning and Fleet Portfolio

Айгүл «Эйр Астана» әуекомпаниясына 2004 жылы кірісті есептеу жөніндегі кіші бухгалтер. 2005 жылы Айгүл Кірісті есептеу жөніндегі бөлімнің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарады. Айгүл Алматы қаласындағы КИМЭП Университетiнің іскерлік басқарма және кірісті есептеу саласындағы «Бухгалтерлік есеп және меңгеру» мамандығының бакалавры деңгейімен тәмамдады. Айгүл 2014 жылдың қаңтар айында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Бизнес-жоспарлау және ұшақ портфелі жөніндегі директор қызметіне тағайындалды.

Рафаэль Тайжанов – Коммерциялық жоспарлау жөніндегі директор

Rafael Taizhanov – Director Commercial Planning

Рафаэль «Эйр Астана» әуекомпаниясының бастапқы құрылым кезіндегі ең алғаш қызметкерлерінің бірі болып табылады. Авиациядағы мансап жолын 1998 жылы «Эйр Қазақстан» компаниясындағы кесте құру жөніндегі бөлімнен бастаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика факультетін үздік белгімен тәмамдады. «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің SMART MBA және Халықаралық Әуе Транспорты Ассоциациясының (IATA) сату және маркетинг жөніндегі дипломының иегері. 2014 жылдан бастап коммерциялық жоспарлау жөніндегі Директор қызметіне тағайындалды.

Серік Рыс-ұлы – ТМД бойынша Сатулар жөніндегі директор

Serik Rys-uly – Director Sales CIS

5 жылдан астам уақыт жұмыс істейді: 2009 жылы ол Қазақстандағы сауда бөлімінің тобына қосылды. 2010 жылы Алматы-Ташкент бағытының ашылуымен ол Өзбекстандағы компания өкілдігін басқарды. 2013 жылдан 2014 жылға дейін Серік «Эйр Астана» компаниясында Серік Ресей Федерациясындағы сату бөлімін басқарды.
«Эйр Астана» әуекомпаниясына келмей тұрып, Серік “Talgo Kazakhstan” теміржол компаниясында және “Prime Aviation” әуекомпаниясында стратегиялық қызметтерде жұмыс атқарды.
Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясында халықаралық экономикалық қарым-қатынастар бөлімінде білім алған.

Игорь Сегедин – Бас ұшқыш

Igor Segedin - Chief-pilot

Игорьдің авиация саласында жұмыс тәжірибесі зор. Ол Ақтөбе Жоғары Әскери Авиация Училищесін 1991 жылы үздік дипломмен аяқтады. Пилоттық мансап жолын Игорь Алматы біріккен авиаотрядында Ту – 134 ұшағында екінші пилот ретінде бастады. Ол «Эйр Астана» әуекомпаниясына 2002 жылы «Боинг 737 NG» ұшағының екінші пилоты ретінде келіп, кейінірек әуекеме командирі және нұсқаушы-пилот ретінде ұшқан. 2006 жылы Airbus 320 ұшағына қайта дайындалу курсын сәтті аяқтап, Игорь Airbus флотының бас нұсқаушысы қызметіне тағайындалды. Airbus флотының бас нұсқаушысы ретінде Игорь компанияның жаңа флотын меңгеру мен оның орнығуына тікелей қатысты. «Эйр Астана» әуекомпаниясында жұмыс істеген 11 жыл ішінде Игорьдің лауазымы екінші пилоттан Ұшу құрамын дайындау бойынша бас менеджер қызметіне дейін көтерілді. 2013 жылдың қыркүйегінде Игорь Бас ұшқыш қызметіне тағайындалды.