Біз туралы

«Эйр Астана» 4 жұлдызды рейтингтің иесі және Орталық Азия мен Үндістан әуекомпаниялары арасында үздік болып танылды

2014 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы Skytrax агенттігінің 4 жұлдызына үшінші рет ие болды, сондай-ақ «Орталық Азияда және Үндістанда үздік әуекомпаниясы» болып екінші рет атанды. Оған қоса, «Эйр Астана» «Орталық Азияда және Үндістанда үздік сервис» сыйлығымен марапатталды. Сөйтіп «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа әуекомпаниялары арасында Skytrax агенттіктің 4 жұлдызды рейтингісінің жалғыз иегері болып табылады.

Беделді марапаттардың алуы Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысын клиенттерге қызмет көрсету деңгейі бойынша әлемнің үздік әуекомпаниялардың қатарына қойды.

Skytrax рейтингтік агенттігінің World Airline Awards халықаралық тәуелсіз сыйлығы жолаушылардың әуекомпанияларға қанағаттанушылығын өлшеуге арналған әлемдегі негізгі құрал. Зерттеудің бірегей пішімі түрлі класпен саяхаттайтын жолаушылардың бағаларын талдауына негізделеді.

Жолаушыларға жерде және әуеде қызмет көрсету бойынша сауалнама телефон, онлайн және ауызша сұрау арқылы 10 ай бойы жүргізілген. Әуекомпаниялар қызметінің сапасы қызмет көсетудің және қызметтердің негізгі түрлерінің бірқатар көрсеткіші бойынша, соның ішінде тіркеу, бортқа отырғызу, жолаушы креслоларының жайлылығы, салон тазалығы, тағам және сусындар сапасы, ойын-сауық жүйесі мен бортта қызмет көрсетумен қоса бағаланады. Зерттеу ірі халықаралық әуетасымалдаушыдан шағын ішкі әуетасымалдаушыға дейін 200-ден астам әуекомпанияны қамтыған.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер: «Жолаушыларымызға біздің жұмысымызға жоғары баға бергендері үшін алғыс айтамыз. Біз қызмет көрсету сапасын жақсартуды жалғастырамыз және әр саяхатты ұнамды және жайлы жасауға барлық жағдай жасауға тырысамыз».