Нұр-Сұлтанадағы «Шаңырақ» күту залымыз қонақтарын күтуге әзір


Ішкі әуе рейстерінің бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club «алтын» және «гауһар» карта иегерлерін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы» біздің «Шаңырақ» атты арнайы күту залымызға шақырамыз.

Егер сіз соңғы жаңалықтармен таныс болып, әуежайдан көрінетін керемет шолуды тамашалап немесе ұшар алдында жұмысыңызбен айналысқыңыз келсе – мұның барлығын сіз осы керемет жерде іске асыра аласыз.

Бұл бизнес-класс күту залы авиациялық тексеру орындарынан кейін орналасқан – бұл сізге ұшып шығу қақпасына бірнеше минут ішінде жетуге мүмкіндік береді. Осы жанға жайлы жерде нағыз Қазақстанның қонақжайлылығын сезініп, демалып, рахаттаныңыз.

Күту залында төмендегі қызметтер көрсетіледі:

  • Жоғарғы стандаттарға сәйкес алуан түрлі дәмтатымдар мен жеңіл тамақтар;
  • Түрлі сусындар;
  • Тегін Wi-Fi аймағы;
  • Жаңалықтар телеканалдары;
  • Үш тілде ұсынылған жергілікті және халықаралық газеттер мен журналдар;
  • Жайлы атмофера сыйлайтын арнайы жарық пен жағымды музыка.

Әуежайдың шуы мен қарбаласынан алыстататын біздің шағын оазисіміз сізге қызмет етуге дайын.

Бизнес-класс күту залына келген кезде небары өз шақыру картаңыз бен отырғызу талоныңызды немесе Nomad Club «алтын» немесе «гауһар» картаңызды көрсетуіңіз қажет.

Сізді «Шаңырақ» күту залында асыға күтеміз.

Edit Album Re-Order the Album Images

«Шаңырақ» күту залы

Бұл бизнес-класс күту залы кеден және миграциялық рәсімдеу орындарынан кейін орналасқан – бұл жолаушыларға ұшып шығу қақпасына бірнеше минутта жетуге мүмкіндік береді. Осы ғажайып жерде нағыз қазақтың қонақжайлылығын сезініп, демалып, рахаттаныңыз.

  • Shanyrak_10.jpg
  • Shanyrak_11.jpg
  • Shanyrak_12.jpg
  • Shanyrak_2.jpg
  • Shanyrak_3.jpg
  • Shanyrak_8.jpg

*Күту залы 2-ші қабатта, T2 терминалында, D04 отырғызу қақпасына қарама-қарсы орналысқан.

**Халықаралық рейстердің жолаушылары мен Nomad Club «алтын» және «гауһар» карта иегерлері үшін Астана әуежайының жаңа T1 терминалында, 2-ші қабатта, паспорт және кеден рәсімдеу орындарынан кейін сол жақта орналасқан VIP күту залы қызмет көрсетеді.