Қозғалуы қиын жолаушыларға арналған жабдықтар

 

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушыларының ұшу кезінде өздерін жайлы сезінуін қолдауға ұмтылады. Кей жолаушыларға тіркеу орындарынан ұшаққа жету қиындық тудырады. Қозғалысы шектеулі жолаушыларға біз түрлі көмек ұсына аламыз. Егер қозғалысыңыз шектеулі болса, бізге қоятын талаптарыңызды ескере отырып, төменде келтірілген тізімнен ерекше қызмет көрсетуге дайындалуымыз үшін, «Эйр Астана» әуекомпаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз (special.services@airastana.com).

Сапалы көмек көрсетуге дайындалып үлгеруіміз үшін, ұшарға дейінгі кемінде 24 сағат бұрын (зембіл қажет болса, 72 сағат) бізге барлық қажетті ақпаратты беруіңізді сұраймыз. Арнайы көмек көрсетуге сұранымды special.services@airastana.com сайтына жіберіңіздер.

Ұшуға дейін және ұшудан кейін біздің ықыласты және қамқор бортсеріктеріміз сізге келесі көмек түрлерін көрсете алады:

Келесі кресло-арбалар түрлері:

  1. баспалдаққа өзі мініп, өзі түсе алатын, жолаушылар креслосына өзі жете алатын, отырып-тұра алатын, бірақ алыс қашықтықтарға кресло-арбасыз жүре алмайтын жолаушыларға арналған;
  2. баспалдаққа міне алатын (сүйемелдеу қажет), жолаушылар креслосына өз бетімен жете алатын (мұндай жолаушыларға да ұзақ қашықтыққа жүру үшін, кресло-арба қажет) жолаушыларға арналған;
  3. мүлдем қозғалыс қабілетінен айырылған немесе кресло-арбасыз жүре алмайтын жолаушыларға (оларды баспалдақтан, жолаушылар креслосына дейін көтеріп апару қажет) арналған.

 

Егер сіздің өзіңіздің жылжымалы креслоңыз болса

Жылжымалы креслолар тек тіркелген багаж ретінде тасымалданады. 

Жылжымалы креслолар тегін тасымалданылады, орнатылған жүк нормасынан тыс.

Біз алдын-ала қажетті өкім беру үшін және болжамалы қолайсыздықтардың алдын-алу үшін жеке жылжымалы креслоларымен сапар шегетін жолаушылар бізге алдын-ала хабарласулары керек, ол үшін сәйкесінше өтінішті special.services@airastana.com мекен-жайы бойынша кемінде ұшуға 24 сағат бұрын жіберу керек. Біз өтінішіті қарастырып, әуекемде жеткілікті орын болса және төмендегі ережелер сақталатын болса міндетті түрде оң жауабын береміз.

1) Жиналатын қолмен басқарылатын жылжымалы кресло

Мұндай түрдегі креслолар шектеусіз тасымалданылады.

2) Электр басқармасы бар креслолар (яғни батареямен іске қосылатын), сонымен қатар өзгеде электрмен басқарылатын денсаулығына немесе жасына байланысты немесе уақытша қозғалысы шектеулі (мысалы аяғы сынған), мүгедек немесе мүмкіндігі шектулі жолаушыларға арналған қозғалыс құралдары

a) Ақпайтын және литийлі батареяның көмегімен іске қосылатын жылжымалы креслоллар (литийлі батраеяларда тиісті тәжірибелер мен тесттерден өтіп, тиісті түрде сертификатталған екені көрсетілуі керек).

Егер креслоның құрылымы бойынша пайдаланушы креслоның батареясын бөлек ала алса, төмендегі шараларды орындауы қажет:

  • Жылжымалы креслодан батареяны ажырату; осыдан кейін кресло шектеусіз тасымалданылады, ал ажыратылған батарея берік, қатты жиынтық орамада тасымалдануы керек.
  • Қысқаша кездейсоқ тұйықталу болмас үшін аккумулятордың қысқышын ажырату.

Егер креслоның құрылымы бойынша пайдаланушы креслоның батареясын бөлек ала алмаса, төмендегі шараларды орындау қажет:

  • Кездейсоқ қысқа тұйықталудан сақтану үшін батареяның клеммаларын ажырат
  • Жылжымалы креслоға батареяны мықтап бекіту
  • Электр тізбектері бекітулі болуы керек

b) Электролитті батареямен іске қосылатын жылжымалы кресло.

Егер тік қалпында тиеу/түсіру мүмкін болса, батареяны жылжымалы креслодан ажыртпауға болады. Соған қарамастан төмендегі шараларды орындау қажет:

  • Кездейсоқ қысқа тұйықталудан сақтану үшін батареяның клеммаларын ажырату
  • Жылжымалы креслоға батареяны мықтап бекіту
  • Электр тізбектері бекітулі болуы керек

Егер тік қалпында тасымалдау мүмкін ЕМЕС болса, батареяны ажырату қажет. Осыдан кейін жылжымалы кресло шектеусіз тасымалданады, ал ажыратылған батарея герметикалық және электролитке төзімді, қатты жиынтық орамада тасымалдануы керек.

Сонымен қатар:

  • Кездейсоқ қысқа тұйықталудан сақтану үшін батареяның клеммаларын ажырату.
  • Батареяны контейнердің ішіне көлденең қалыпта орналастыру және батареяның ішіндегісі төгіліп кететін болса, барлық электролитті сіңіріп алатындай жеткілікті мөлшердегі сорғыш материалмен орау.

 

Зембіл

«Эйр Астана» әуекомпаниясының тек зембілдермен ғана жүретін жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндігі бар. Тиісті сұранымды ұшарға дейін 72 сағат бұрын special.services@airastana.com сайтына жіберу қажет. Жолаушы өз бетімен әуежайға жетіп, әуежайдан өзі қайтуы керек. Зембілдегі әр жолаушыға кемінде бір адам еріп жүруі қажет.