Көру және есту қабілеті нашар адамдарға көмек көрсету


«Эйр Астана» әуекомпаниясы барлық жолаушылардың өздерін барынша жайлы әрі емін-еркін сезінуін қамтамасыз етуге ұмтылады. Көру қабілеті төмен жолаушылар «Эйр Астана» компаниясының рейстерінде өз қызметтік иттерімен қосымша төлемсіз сапар шеге алады. Мұндай иттер жолаушылардың рұқсат етілген жүк бөлігі болып есептелмейді. Арнайы үйретілген қызметтік иттің жолаушылар салонына кіріп, иесінің қасында отыруына рұқсат берілген, итке тұмсық тор кигізу міндетті. Жолаушы өзімен бірге қажетті ветеринарлық құжаттар мен иттің сертификаттарын алып жүруі қажет. Бұл туралы саяхаттар бюросының агентіне алдын-ала немесе тиісті ақпаратты біздің арнайы қызмет көрсету бөліміне (special.services@airastana.com) сапардың басталуына дейін хабарлауыңызды сұраймыз.

Рейске тіркеуді өткен кезде, біздің персонал есту қабілеттері төмен жолаушыларға қамқорлықпен көмек қамтамасыз етеді. Бұл туралы саяхаттар бюросының агентіне алдын-ала немесе мұндай көмек қажеттігі туралы біздің арнайы қызмет көрсету бөліміне (special.services@airastana.com) сапардың басталуына дейін хабарлауыңызды сұраймыз.