Жануарларды тасымалдау


Жалпы ақпарат 

Бұл сіздің кішкентай досыңызбен бірге өткізетін отбасылық демалысыңыз болсын немесе жануарды жаңа мекен-жайына тасымалдау болсын, «Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушылардың үй жануарларын ұшақ бортында тасымалдау мүмкіндігінің болуының қаншалықты маңызды екендігін жете түсінеді. Біздің негізгі мақсатымыз сіздің сапарыңызды қауіпсіз және жануарыңыз үшін ыңғайлы қылу болып табылады.

Мұндағы біздің ең алғаш міндетіміз – жануарларға барынша жайлылықпен қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.

«Эйр Астана» жолаушыларына ұшақ салонына шағын мысықтарды, иттерді, балықтарды және тасбақаларды (8 кг-ға дейін) (PETC) алып жүруге рұқсат етіледі. Балықтарды тасымалдау кезінде, жолаушылар олардың санын, оларды тасымалдайтын контейнер көлемі мен салмағын, және жалпы салмақты көрсетулері қажет.

8 кг-нан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөлімдерінде тасымалдауға болады (AVIH).

Құстар мен кеміргіштерді ұшақ салонында да, тіркелген жүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Құстар мен кеміргіштерді әуе көлігінің жүк бөлімдерінде тасымалдауға рұқсат беріледі.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жануарларды тасымалдау түріне рұқсат беруі үшін жолаушы жануарларды тасымалдау жөніндегі ақпаратты ұсынуы қажет .

Егер сіз «Эйр Астана» бортына жануарлар мен балықтарды алып жүргіңіз келсе, бұл туралы рейсіңізге 24 сағат қалғанда, саяхат бюросында сізге қызмет көрсететін агентке хабарлауыңыз қажет немесе «Эйр Астана» компаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тиісті ақпаратты жіберуіңіз қажет (special.services@airastana.com).

«Эйр Астана» компаниясы үй жануарларын тасымалдау кезінде жануарлардың жайлылығын барынша қамтамасыз етуге бар күшін салады. Алайда, «Эйр Астана» жоспарланып отырған тасымалды алдын-ала тіркемей, үй жануарын жолаушыларды тіркеу орнының дәл өзіне алып келудің жөнсіз екендігін ескертеді, себебі, біздің компания жануарыңызды тасымалдауға дайын болмай қалуы мүмкін.

Сапар кезінде жануарыңыз шығып кетуі мүмкін емес болатын тасымалдауға арналған берік контейнерде болуы қажет. Сонымен қатар, контейнер табаны сұйықтық өткізбеу керек, әрі ауа өткізетін және жануарды тамақтандыруға арналған тесіктері болуы қажет. Егер контейнердің дөңгелектері бар болса, ұшу кезінде оларды алып тастау, немесе блоктап тастау керек. Сонымен қатар, жануарыңыз контейнердің ішінде еркін жатып-тұра алатындай, іші кең болуы тиіс.

Жануарларды тасымалдауға қажетті құжаттар:

  • Жануардың ветеринарлық паспорты
  • Ветеринарлық куәлік
  • Жануарды идентификациялауға арналған микрочип немесе татуировка (Еуропа елдері үшін*)

*3-тармақ Қазақстан немесе Ресей көлеміндегі сапарларға міндетті емес.

Жануарыңызды тасымалдауға өтінішіңізді тіркеу кезінде жоғарыда аталған барлық құжаттарды көрсету қажет.

Шағын балықтарды тасымалдауға қажетті заттар:

  • 1 аквариум немесе қақпағы бар шыны ыдыс (оның ауа өткізетін тесігі болуы тиіс) және тасымалдау кезінде балықтардың аман-есен тіршілігіне жеткілікті су мөлшері болуы тиіс. Балықтарды полиэтиленді пакеттерде тасымалдауға тыйым салынады, мұндай тасымалдан бас тартуымызға тура келеді. 

 

Халықаралық рейстерге арналған маңызды қосымша ақпарат

«Эйр Астана» үй жануарларыңызды тасымалдау үшін бар жағдайды жасауға тырысады. Дегенмен жануар тасымалына қатысты заңнама әр елде әрқалай екенін естен шығармау керек. Үндістан, Ұлыбритания, Ирландия, Оңтүстік Африка, Австралия сияқты кейбір елдерде үй жануарларын жүк ретінде алып кіруге толықтай тыйым салынған. Бұл елдерге үй жануарларын қол жүк ретінде немесе тіркелген жүк қылып кіргізгені үшін әуе компаниясына айыппұл салынады. Бұл елдерге жануарларды әуе жүкқұжаты бойынша ғана тасымалдауға рұқсат етілген.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Гонконгтан жануарларды алып шығуға ғана рұқсат. Малайзия мен Қытайға (Үрімші, Бейжің) мысықтар мен иттерді ғана алып кіруге/шығуға болады. Үрімшіде жануарларды тек тіркелген жүк ретінде тасымалдауға рұқсат етілген.

Еуро Одақ елдеріне ұшып баратын Қазақстан азаматтарына арналған маңызды ақпарат:
Еуро Одақ елдеріне жануарларын алып ұшатын жолаушыларда салынған екпелер көрсетілген Ветеринарлық паспортпен бірге микрочип және құтыруға қарсы антиденелерді титрлеуге арналған тест (ұшатын күні тест мерзімі 3 айдан аспаған болуы керек) болуы тиіс. Жолаушылар тест пен елден шығуға қажетті басқа да құжаттарды кез келген ветеринарлық емханаға барып алуына болады.
МАҢЫЗДЫ: Тесттен өтуге кемінде 30 күн кетеді, сондықтан елден шығу рұқсатын алдын ала алып қойған жөн.

Сонымен қатар, Тайланд Корольдігінен әкелудің/апарудың белгілі бір ережелері бар: 

Aлматы - Бангкок

  1. Үй жануарының мал дәрігерлік төлқұжаты 
  2. Мал дәрігерлік куәлік 
  3. Егер жануарда микрочип болса, құжаттарды микрочипте беру қажет. 
  4. Бангкок әуежайына келген соң (төлқұжатты тексергеннен кейін), жолаушы B шығысының алдындағы #8 жолжүк лентасы тіреуінің жанында орналасқан Animal Quarantine Office кеңсесіне барып, жануарды Тайланд Корольдігіне әкелу туралы мәліметтерді береді. 

Бангкок - Алматы

Бангкок әуежайынан жануарды шығару үшін, ұшудан кем дегенде 3 күн бұрын жолаушы (Суварнабхуми әуежайындағы) CE building Free Zone ішінде орналасқан Animal Quarantine Office кеңсесіне барып, жануарды шығаруға арналған лицензияны алады. Жолаушы берілген лицензияны көрсетпеген жағдайда, жануарды шығаруға тыйым салынады.

 

Ұшақ үлгісіне байланысты тасымалданатын жануарлар санына салынатын шектеулер  

Төменде «Эйр Астана» рейстік ұшақтарында үй жануарларын тасымалдау талаптары келтірілген. Ұшақ үлгісіне байланысты, тасымалданатын үй жануарларының санына салынатын шектеулер: 

Әуе көлігінің түрі Жолаушылар салонында Жүк ретінде жүк бөлмесінде
A319, A320, A321, B757, B767 1 бизнес/ 2 эконом
0 бизнес/ 3 эконом
2
E190 1 бизнес/1 эконом
0 бизнес/2 эконом
2

Жолаушылар салонында тасымалданатын жануарлар (PETC)

РЕТС үшін максималды салмақ – контейнер салмағын қосқанда, 8 кг-ды (17 фунт) құрайды. Бір жолаушыға тек бір ғана контейнерді тасымалдауға рұқсат беріледі.

Ұшақ бортындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, A320/A321/B757/B767 үлгісіндегі ұшақтар үшін контейнердің ең үлкен көлемі 30 x 47 x 27 см, ал E190 үшін 29 x 43 x 26 см болуы тиіс. 

Кішкентай иттер мен мысықтарды тасымалдауға жануарларды тасымалдауға арналған арнайы жұмсақ контейнерді пайдалану ұсынылады. Жануарларға арналған мұндай арнайы жол сөмкелерін зоодүкендерден сатып алуға болады. Жануарларды жолаушылар салонында тасымалдауға арналған жұмсақ сөмкелердің басқа түрлерін пайдалануға болмайды (PETC). 


Жүк бөлімдерінде тасымалданатын жануарлар (AVIH)

AVIH арқылы жануарларды тасымалдаған кездегі максималды салмақ – контейнер салмағын қосқанда, 50 кг-ды құрайды. Салмағы бұл шектеуден асатын жануарлар жүк ретінде, авиациялық жүк қағазын рәсімдей отырып, қабылданады. Салмағы 40 кг-нан асатын жануарларды берік ағаш контейнерлерде тасымалдау қажет.

AVIH арқылы тасымалдау кезінде, бір контейнерде бірге тіршілік етуге үйренген, мөлшерлері бірдей болатын екі жануарды алып жүруге болады, әр жануардың салмағы 14 кг-нан артық болмауы тиіс. 14 кг-нан асатын жануарлар жеке контейнерлерге орналастырылады. Бір контейнерде жасы алты айдан аспайтын ұялас үш жануардан артық тасымалдауға болмайды.

Тасымалданатын жануарлардың жасы кемінде 3 ай болуы керек. 01 қазаннан 30 сәуірге дейінгі күз-қыс маусымында Е190 ұшағында жануарларды тасымалдауға шектеу қойылады. Жүк бөлімінде тасымалданатын жануарлар 2 сағаттан асатын ұшу сапарлары үшін E190 ұшағына қабылданбайды. 

Дубайдан AVIH-ті тасымалдау кезінде 308 AED мөлшерінде қосымша әуежай алымы алынады.

Жануарларды әуе кемесінің ішінде немесе жүк тасымалдау бөлімінде тасымалдау құны (контейнердің салмағын қоса есептегенде) ұшу бағытына байланысты 1 кг мөлшерден артық жолжүкті тасымалдау құнының еке есе көлемде тіркеуден өту кезінде төленеді. Тарифтер жөнінде толық ақпаратты біздің сайттың «Мөлшерден артық жолжүкті тасымалдау құны» бөлімнен оқи аласыздар. 


Сұрақтарыңыз болса, бізге төмендегі мекенжай бойынша хабарласыңыз: special.services@airastana.com.