Балалар, сәбилер және жетелеушісі жоқ балаларға қатысты әуекомпания саясаты

 

«Эйр Астана» әуекомпаниясы қызметтерімізді пайдаланатын барлық жолаушыларды, әсіресе, ең жас жолаушыларды әрқашан қуана қарсы алады. Біз балалар мен сәбилерге бірқатар жеңілдіктер, сонымен қатар, жетелеушілері жоқ балалар мен кәмелетке толмағандарға арнайы қызмет көрсетуді ұсынамыз. Келесі тарауларда балаларға пайдаланылатын тарифтік саясат қысқаша берілген, сонымен қатар, жетелеушілері жоқ сапар шегуші сәбилер мен жас жолаушыларға көрсетілетін ерекше қызмет түрлері сипатталған. 


Балалар мен сәбилер

Қазақстан көлеміндегі ішкі рейстерде: ересек коммерциялық жолаушылармен бірге саяхаттайтын балаларға (2 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда) билет бағасы ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Мұндай балаларды (2 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда) барлық рейстерде жасы кемінде 18-де болатын ересек туыстары, қамқоршылары немесе достарының қасына отырғызып, бір салоннан орын берілуі қажет. 

Халықаралық рейстерде: ересек коммерциялық жолаушылармен бірге саяхаттайтын балаларға (2 жастан 11 жасқа дейін, қоса алғанда) билет бағасы ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Мұндай балаларды (2 жастан 11 жасқа дейін қоса алғанда) барлық рейстерде жасы кемінде 18-де болатын ересек туыстары немесе достарының қасына отырғызып, бір салоннан орын берілуі қажет. 

Жеке орын берілмейтін 2 жасқа дейінгі балалар тегін ұшады. Барлық рейстерде жасы кемінде 18-де болатын ересектерге және олардың сәбилеріне бір салоннан орын беріледі. 

Егер 2 жасқа дейінгі балалар жеке орынға отырып ұшатын болса, ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 50%-ы төленеді.


Серіктес әуекомпаниялармен бірлескен халықаралық арнайы келісім-шарт рейстерінде:

Ересек коммерциялық жолаушылармен бірге саяхаттайтын балаларға (2 жастан 11 жасқа дейін қоса алғанда) тариф бағасы ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 75%-ын құрайды. Мұндай балалар (2 жастан 11 жасқа дейін қоса алғанда) барлық рейстерде жасы кемінде 18-де болатын ересек туыстары немесе достарының қасына отырғызылып, оларга бір салоннан орын берілуі қажет.

Жеке орын берілмейтін 2 жасқа дейінгі балалар ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 10%-ын төлейді. Барлық рейстерде жасы кемінде 18-де болатын ересектерге және олардың сәбилеріне бір салоннан орын беріледі. 

Егер 2 жасқа дейінгі балалар жеке орынға отырғызылып ұшатын болса, төлем ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 75%-ын құрайды.

 

Сәбиге арналған автоорындық

Сәбиге арналған авторындықты тасымалдау үшін жеке орынмен авиабилет беріледі және оған алдын ала қарастырылған тариф бойынша ақы талап етіледі.

Орындықтың ені 41 см-ден аспауы тиіс. Жолаушы орындығына бекітілу үшін сәбиге арналған орындық бекіткіштері болуы тиіс. Сонымен бірге, орындықтың арнайы таңба әлде белгімен расталатын куәлігі болуы тиіс. Әуе компания жолаушыларға авторындықтарды ұсынбайды.

Самолетқа отырар кезде, жолаушы өздігімен авторындықты салондағы орнына жеткізуі тиісті. Ұшақтың жолсеріктері авторындықты белбеумен дұрыс бекітуге көмектеседі. Сәбиді авторындықпен салонда орналастыру тек қана терезенің тұсында рұқсат етіледі.

Авторындықты тасымалдауға ниеттенген жолаушылар үшін онлайн тіркелу және киоск арқылы тіркелу мүмкін емес.

Тасымалдау үшін ұшарға дейін 24 саған бұрын алдын ала ұсыныс жіберілуі тиіс. Бұл мәселе бойынша, special.services@airastana.com поштасы арқылы немесе тәулік бойы қызмет көрсететін Брондау және ақпарат орталығына хабарласа аласыз.

 

Сәбилерге арналған төсектер

Емшектегі балалармен (1 жастан төмен) сапар шегетін жолаушылар балаларға арналған төсектерді пайдалана алады, бұл олардың сапарларын жайлы әрі қолайлы етеді. Бұл қызметке келесі ұшақ түрлерінде қосымша төлем жасау арқылы тапсырыс бере аласыз: «Airbus A321» (эконом-класс және бизнес-класс), «Boeing B767» (эконом-класс және бизнес-класс), «Embraer E190» (эконом-класс және бизнес-класс) сондай-ақ, «Airbus A319/A320» (тек қана бизнес-класс). Балаларға арналған төсекке алдын-ала тапсырыс беру үшін бұл туралы өзіңіздің саяхат бюросына хабарлаңыз немесе бізге тікелей special.services@airastana.com электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз. Кейбір ұшақтардың конфигурациясы балаларға арналған төсектерді пайдалануды мүмкін етпейтінін білу қажет, мұндай қызмет «Boeing  B757» және кейбір Airbus ұшақтарында ұсынылмайды. Рейсте балаларға арналған төсектің бар-жоғы туралы сапарды жоспарлау барысында алдын ала тексеру қажет.

 

Жетелеушісі жоқ балалар

«Эйр Астана» әуекомпаниясы кей жағдайларда ата-аналар мен қамқоршылар балаларымен ұша алмайтынын және оларға балаларын әуекомпаниясы қызметкерлеріне сеніп тапсыруға тура келетінін жете түсінеді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы өз ұшақтарының бортында ішкі және халықаралық рейстерде өз бетімен ұшатын кәмелетке толмаған балаларды - 6 жастан 15 жасқа дейін - қуана қарсы алады және біз қолданысқа ұсынған ережелер мен процедуралар осындай шешім қабылдауды жеңілдетеді деп үміттенеміз.

«Эйр Астана» ересек жетелеушісіз кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау үшін қосымша төлем алмайды. 

Қазақстан аумағындағы ішкі рейстерде жетелеушісіз сапар шегетін, жасы 6-дан 14-ке дейінгі кәмелетке толмаған балалар билетінің құны ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын құрайды. 15 жасқа толған жетелеушісі жоқ кәмелетке толмаған балалар толық ересектік тарифтік мөлшерлемені төлейді. 

Халықаралық рейстерде жетелеушісіз сапар шегетін, жасы 6-дан 11-ге дейінгі кәмелетке толмаған балалар билетінің құны ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 75%-ын құрайды. Жасы 12 ден 15 жасқа дейінгі жетелеушілері жоқ саяхаттаушы балалалар қолданыстағы ересектерге арналған тарифті толығымен төлейді.

Францияның шекаралық бақылауынан өткен кезде, жетелеушісіз сапар шегетін бала (18 жастан төмен) «Елден шығуға рұқсат беретін» пішінді ұсыну қажет. Рұқсаттың түпнұсқасы кәмелетке толмаған баланың жеке басын куәландыратын құжатпен, сондай-ақ пішінге қол қойған ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге ұсынылады. Нысаны мына жерден жүктеп алуға болады.

Жолда аялдаманы қажет ететін тікелей емес рейстерде жетелеушісі жоқ балаларды тасымалдауға болмайды.

Ерекшелік: жетелеушісі жоқ балалар Лондонға, Франкфуртқа, Парижға ұшатын транзиттік рейстерге қабылданады (Астана/Алматы қалалары арқылы). Алматы-Лондон және Париж-Алматы рейстерінде Астана қаласындағы транзиттік тоқтау 2,5 сағаттан аспауы тиіс, ал Алматы-Париж, Алматы-Франкфурт-Алматы, Лондон-Алматы рейстерінде транзиттік тоқтау 2 сағаттан аспауы тиіс. Транзиттік тоқтау уақытында жетелеушісі жоқ балаларға керекті қызметтер көрсетілетін болады, сондықтан Астана қаласында қарсы алатын және шығарып салатын адамның қажеті жоқ.

Билетті брондаған кезде, жетелеушісі жоқ кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы кәмелетке толмаған баланы жетелеушісіз тасымалдау туралы өтініш бланкісін толтырып, қол қоюы қажет. Өтінішке ұшар алдында баланы ертіп жүруге жауапты ересек адам туралы ақпарат, және балаға жауапты болып, оны әуежайдан алып кететін ересек адам туралы ақпарат жазылады.

  • Жетелеушісі жоқ балалар кәмелетке толмаған баланың аты
  • Жетелеушісі жоқ балалар кәмелетке толмаған баланың туған күні
  • Рейс нөмірі мен ұшу күні
  • Толық аты
  • Жолаушымен туысқандығы
  • Шығу және келу пунктілеріндегі мекенжай (Address in departure/arrival location)
  • Телефон
  • Ұялы телефон
  • Электрондық пошта адресі

6 жастан кіші балаларды жетелеушісіз тасымалдауға қабылданбайды.

Егер баланы шығу пунктіне жеткізуге жауапты немесе келу пунктінде баланы тапсыратын ересек адам осы баланың анасы, әкесі, немесе заңды қамқоршысы емес, басқа біреу болса, көрсетілген жауапты адамға баланы тапсыруға оның құқығын растайтын нотариалды түрде расталған сенімхаты болуы керек.

Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, егер ұшу уақыты (ұшып шығу қаланың уақыты бойынша) сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00 уақыт аралығында болса, онда ересектердің қарауынсыз өз бетімен ұшатын балалар «Эйр Астана» әуе компаниясының рейстеріне, басқа рейс болмаған жағдайда да, қабылданбайды. Ұшып келу уақытына қарамастан.

Кейбір елдердің көші-қон билік орындары туристтерден шекарадан өтер кезде қайту билетінің бар екендігінің айғағын талап етеді. Жолаушылардың бұл талапты тексеру үшін саяхаттап баратын елдің консулдық бөлімімен байланысқандары абзал. Мұндай жағдайда «Эйр Астана» халықаралық рейстерімен ұшатын жетелеушісі жоқ балалар қайту документінің физикалық айғағын, электрондық билеттің бастырмасын өзімен бірге алып жүруі керек.

Жетелеушісі жоқ кәмелетке толмаған баланың билетін брондауды кесте бойынша ұшақтың ұшып шығуына кем дегенде 24 сағат қалғанда қамтамасыз ету қажет. Ол үшін бізбен special.services@airastana.com электрондық поштасы арқылы байланысу қажет немесе қажетті ақпаратты саяхат бюросының агентіне хабарлаңыз.

Жетелеушісі жоқ бала рейске тіркелу үшін ұшуға дейін 1.5 сағат бұрын әуежайға келуі тиіс, себебі тасымалдау туралы құжаттарды тексеру және толтыру процедурасы көбірек уақыт талап етеді.

Жоғарыда келтірілген ережелер «Эйр Астана» әуекомпаниясының қызметін пайдаланған жағдайда ғана жарамды болады. Егер бір жерге жетуге екі немесе одан көп әуе компаниясының қызметін пайдалану қажет болса, қосымша ақпарат алу үшін, қалаңыздағы «Эйр Астана» кеңсесіне немесе әуежайдың билеттік кассасына барыңыз.

Серіктес әуекомпаниялармен бірлескен халықаралық арнайы келісім-шарт рейстерінде кәмелетке толмаған жасы 6-дан 11 жасқа дейінгі жетелеушілері жоқ саяхаттаушы балалалар үшін тариф бағасы ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 75%-ын құрайды. Жасы 12 ден 15 жасқа дейінгі жетелеушілері жоқ саяхаттаушы балалалар қолданыстағы ересектерге арналған тарифті толығымен төлейді.

Қауіпсіздік мақсатында «Эйр Астана» рейстерінде жетелеушісі жоқ балаларды тасымалдағанда ересек пен бала арасалмағы әр 15 балаға 1 ересектен кем болмауы керек.