Арнайы тағамдар 

 

Арнайы тағамға «Эйр Астана» әуекомпаниясының көптеген халықаралық және кейбір ішкі рейстерінде тапсырыс беруге болады.

Билетті онлайндық брондау барысындағы 2-ші кезеңде біздің (www.airastana.com) веб-сайтымыз арқылы өзіңіз қалаған асқа тапсырыс бере аласыз. Өзіңізге тағам таңдау үшін, ұсынылған тізімнен «Қосымша мүмкіндіктер» өрісіндегі «Орын мен тағамға тапсырысты» таңдап, «Әрі қарай»пернесін басыңыз.

Билетті туристік агенттік немесе билеттік касса арқылы сатып алғанда да өзіңіз қалаған асқа тапсырыс бере аласыз.

Егер билетті брондау немесе сатып алу кезінде өзіңізге ерекше тағамға тапсырыс беруді ұмытып кетсеңіз, ұшардан кем дегенде 24 сағат бұрын, сіз біздің тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін байланыс орталығымызға +7 (727) 244 44 77 телефоны арқылы хабарласу арқылы немесе call.centre@airastana.com электрондық поштасына хабарласу арқылы тапсырыс бере аласыз.

Біз тағамның келесі түрлерін ұсынамыз:

  • Вегандық тағамҮнді тағамдары (вегетариандық емес)
  • Сәбилерге арналған ас
  • Балалар тағамдары 
  • Жеңіл тағам
  • Диабетпен ауыратын адамдарға арналған тағамдар 
  • Жеміс-жидек салаты
  • Желімтік ақуызы жоқ тағамдар 
  • Кошерлі тағам*
  • Құнарлылығы төмен ас
  • Майлылығы аз тағамдар 
  • Тұздылығы аз тағамдар
  • Сүт өнімдері жоқ тағамдар 
  • Шикі көкөністер 
  • Мұсылман тағамы
  • Лакто және көкөніс-вегетариандықтарға арналған тағамдар (сүті мен жұмыртқасы бар)
  • Вегетариандықтарға арналған Азия/Үнді аспаздықтарының тағамдары
  • Джайн вегетариандық тағамы
  • Шығыс вегетариандық тағамы

* Кошер тағамы Қазақстаннан ұшатын рейстерде ұсынылмайды.

Жаңғаққа аллергия. Біздің борттық тағамдар құрамында жержаңғақ, жаңғақ немесе олардың туынды өнімдері (майлар, тұздықтар және т.б ) болуы мүмкін. Сонымен қатар, тағамдар жержаңғақ, жаңғақ және олардың туындылары өңделетін кәсіпорындарда жасалуы мүмкін. Сондықтан, тағамдарымызда жаңғақ және оның туындыларының болмауына толық кепілдік бере алмаймыз. Әуежайлардағы біздің бизнес залдарымызда ұсынылатын тағамдардың құрамында жаңғақ болуы мүмкін. Сіз бортқа өзіңізбен бірге, авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес рұқсат берілген, тағамдар алып келе аласыз.


Сіздің рейсіңізде арнайы тағамға тапсырыс беру мүмкіндігі бар екендігі туралы біздің Брондау және ақпарат орталығымыздан +7 (727) 244 44 77 нөмірі бойынша анықтап білуіңізді сұраймыз.