Арнайы жабдықтарды тасымалдау

 

Егер сіз спорттық немесе музыкалық ұйымның мүшесі ретінде турға шықсаңыз немесе өзіңіз белсенді демалғыңыз келсе, саяхатыңыздың толықтай сәтті өтуі сіздің арнайы аспаптарыңызды тасымалдауға тәуелді екендігін біз түсінеміз. Саяхаттау үшін «Эйр Астана» әуекомпаниясын таңдап, жүгіңіздің қауіпсіздігі мен уақытылы жеткізілуі туралы уайымдамауыңызға болады. «Эйр Астана» сіздің саяхатыңыздың сәтті өтуі үшін арнайы жабдықтарды тасымалдауға байланысты қызметтің барлық түрлерін ұсынады.

 

Спорттық инвентарь

Шаңғы және сноубордтар

Егер өзіңізбен шаңғы алып жүрсеңіз, мұндай жүкті алдын-ала тіркеудің қажеті жоқ.

Шаңғыны жақсылап орап, ұшақ фюзеляжының жүк бөліміне тапсыру қажет.

Егер шаңғы жабдығының салмағы жүкті тегін тасымалдау лимитінен асатын болса (20 кг эконом-класс үшін және 30 кг бизнес-класс үшін), онда сіз таңдаған бағытқа байланысты, жүкті тасымалдаудың бекітілген нормаларынан асатын жүк үшін тариф төлемін төлеуіңізді сұраймыз.

Бір жүк орнына келесідей заттар жатады:

  • 1 жұп шаңғы
  • 1 жұп шаңғы таяқтары
  • 1 жұп шаңғы бәтеңкелері
  • сноуборд 

Бұл саясат (билетіңізге сай, тасымалданатын жабдықтарды алдын-ала тіркеудің болмауы және спорттық жабдықтардың салмағын жүкті тегін алып жүру нормасына қосу), сонымен қатар, келесідей спорт түрлерінің жабдықтарына да қолданылады: теннис, сквош, бадминтон, балық аулау, су шаңғысы, салт жүріс, ролик конькилері және садақ ату, сонымен қатар, қайықтың ескектері (байдарка) және кәдімгі ескектер. 

Шаңғы жабдықтары сияқты, спорттық тақталардың барлық түрлерін жақсылап орап, ұшақ фюзеляжының жүк бөліміне тапсыру қажет. Ұзындығы 140 см-ден, ал салмағы 5 кг-нан аспайтын тақталар тегін тасымалданады және жүкті тегін тасымалдау нормасына кіргізілмейді. Бекітілген мөлшерден ұзын және ауыр тақталарды тасымалдау үшін, бір реттік тариф құны төленуі тиіс:

  • Iшкi рейстермен ұшу 5000 теңге
  • Халықаралық рейстермен Қазақстаннан ұшу 9000 теңге
  • Халықаралық рейстермен басқа мемлекеттерден ұшу 25 евро

Бір жолаушы тасымалдайтын тақталар саны 1-ге дейін шектеулі. Тасымалданатын спорттық тақталардың максималды ұзындығы ұшақ үлгісіне байланысты, сондықтан тасымалдау алдында оларды саяхаттар бюросы арқылы немесе special.services@airastana.com электронды мекен-жайына хабарласып, тіркеуге болады. 

Каноэ 

Каноэ қайықтарын тасымалдау үшін, оларды ұқыптап орау қажет. Мұндай спорт жабдығына арналған арнайы тарифтік мөлшерлеме төленеді:

  • Iшкi рейстермен ұшу 7000 теңге
  • Халықаралық рейстермен Қазақстаннан ұшу 15 000 теңге
  • Халықаралық рейстермен басқа мемлекеттерден ұшу 50 евро

Сіздің рейсіңізге ұсынылатын ұшақ үлгісінде оларды қауіпсіз тасымалдау мүмкіндігіне көз жеткізу үшін, каноэ мөлшерін мұқият өлшеген жөн, сондықтан тасымалдау алдында қайықтарды саяхаттар бюросы арқылы немесе special.services@airastana.com электронды мекен-жайына хабарласып, тіркеу қажет. Тасымалдау саласының орныққан тәжірибесіне сәйкес, каноэны тасымалдауға тапсыратын жолаушы мұндай жабдықтың ықтимал бүлінуіне байланысты жауапкершіліктен бас тартатыны туралы өтініш жазуы тиіс.

Велосипедтер

«Эйр Астана» дұрыс оралған велосипедтерді тасымалдауға қабылдайды, ол үшін педальдарын шешіп, шиналарындағы ауаны шығару қажет. Үлкен болсын, кіші болсын велосипедтерді тасымалдаған кезде арнайы тарифтік мөлшерлемені пайдаланады

  • Iшкi рейстермен ұшу 7000 теңге
  • Халықаралық рейстермен Қазақстаннан ұшу 15 000 теңге
  • Халықаралық рейстермен басқа мемлекеттерден ұшу 50 евро

Бір жолаушыға тек қана бір велосипед тасымалдауға рұқсат берілген, тасымалдау алдында велосипедті саяхаттар бюросы арқылы немесе special.services@airastana.com электронды мекен-жайына хабарласып, тіркеу қажет. 

Гольф ойынына арналған жабдық заттары

Гольф жабдықтарын тасымалдаған кезде, алдын-ала тіркеудің қажеті жоқ. Жүк бөлімінде тасымалдау үшін, жабдықты тиісті түрде орау қажет. Гольф жабдықтар үшін әдеттегі тариф төленеді

  • Iшкi рейстермен ұшу 5000 теңге
  • Халықаралық рейстермен Қазақстаннан ұшу 9000 теңге
  • Халықаралық рейстермен басқа мемлекеттерден ұшу 25 евро

2017 жылдың мамыр айынан бастап «Эйр Астананың» Дели – Алматы – Дели, Куала-Лумпур – Алматы – Куала-Лумпур, Дубай – Алматы – Дубай, Бангкок – Алматы – Бангкок рейстерінде гольф жабдықтарын кәдімгі тегін тасымалданатын жолжүк ретінде тасымалдауға болады. Жолжүктің салмағы тегін мөлшерден асып кетсе, осы бағыт бойынша тағайындалған мөлшерден тыс жолжүкті тасымалдау бағасы төленеді.

Сүңгуір құрал-жабдықтар

Сүңгуір жабдықтарын алдын-ала тіркеудің қажеті жоқ. Оны тасымалдау кезде, әдеттегі тариф төленеді: 

  • Iшкi рейстермен ұшу 5000 теңге
  • Халықаралық рейстермен Қазақстаннан ұшу 9000 теңге
  • Халықаралық рейстермен басқа мемлекеттерден ұшу 25 евро

Сүңгуір жабдығының бір жинағына келесідей заттар кіреді: 

  • Жүзу компенсаторы
  • Регулятор
  • Маска және дем алатын түтікше
  • Жүзуге арналған арнайы аяқ-киім (ласты)
  • Жүктері бар ауырлататын белдемше

Тасымалдау кезінде акваланг баллондары бос, клапандары – ашық болуы тиіс. Сүңгуір фонарін ток көзінен ажыратып, лампа немесе аккумуляторды алып тастаған жөн, фонарін тек қана қол жүгі ретінде тасымалдауға болады. Сүңгуір жабдығын тасымалдау жайнда толық ақпарат алу үшін special.services@airastana.com электронды мекен-жайына хабарласыңыз. 


Қару және оның оқ-дәрiлері

Қару жарақты (жауынгерлік, спорттық, сувенирлік, модельді және т.б.) әуекеменің бортында тасымалдау үшін, ұшуға дейін 72 сағат бұрын special.services@airastana.com электронды поштасына немесе әуе билеттерді сату агенттігіне арнайы сұрау салуы арқылы рұқсат алуыңыз керек.

Қаруды тасымалдау туралы өтініште келесі нәрселер көрсетілуі тиісті:

  • қарудың сипаттамасы мен саны;
  • қарудың үлгісі, сериялық және табельдік нөмірі;
  • пайдалану мақсаты;
  • оқ-дәрілердің сипаттамасы мен саны (бір адамға жалпы салмағы 5 кг аспауы тиіс, бірнеше адамға арналған оқ-дәрілерді тасымалдау нормаларын бір немесе бірнеше жүк орындарына біріктіруге болмайды).

Оған қоса, Тайландқа қаруды тасымалдау үшін өтінімге лицензияны, жолаушының төлқұжат көшірмесін және Таиландтың Ұлттық Ату Спорт Қауымдастығының рұқсатын (National Shooting Sport Association of Thailand) қосуыңыз қажет.
Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) қаруды тасымалдау туралы өтінімі ұшуға дейін екі апта бұрын жіберілу керек. Сұрауды қарастыру қызметі ақылы болып табылады, қызметтің құны 170 араб дирхам. Төлеу тасымалдауға рұқсат етілетініне кепілдік бермейді. Рұқсат берілмеген жағдайда төленген сома қайтарылмайды.

* Оңтүстік Кореяға немесе БАӘ-ға қаруды тасымалдау туралы өтінішті тек «Эйр Астана»- ның арнайы қызметтер бөліміне special.services@airastana.com поштасына жіберуді сұраймыз.

 

Музыкалық аспаптар мен осал заттар

Егер виолончель немесе контрабас сияқты музыкалық аспабыңызды алып жүруді жоспарлап отырсаңыз, салонда қосымша орын ақысын төлеуіңіз қажет. Агентіңіз немесе «Эйр Астана» әуекомпаниясының жергілікті кеңсесі аспабыңызға билет алуға көмектеседі. Аспап салмағы 75 кг-нан, ал мөлшері 120 х 50 х 30 см-ден аспауы тиіс.

Гитаралар, саксафондар, тағы да басқа шағын музыкалық аспаптарды қол жүгі ретінде тіркеуге болады.

Салмағы 75 кг-нан аспайтын және мөлшері120 х 50 х 30 см-жен аспайтын осал заттарды тасымалдаған кезде де қосымша билет сатып алу қажет.

Жолаушылар салонында музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы қосымша ақпаратты алу үшін және сұранымдарыңызды жіберу үшін, special.services@airastana.com бөліміне хабарласыңыз.

Жолаушылар салонында телевизорларды, тағы да басқа тұрмыстық техника жабдықтарын тасымалдауға тыйым салынады. «Эйр Астана» әуекомпаниясының жүкті тасымалдаумен айналысатын коммерциялық бөліміне cargo@airastana.com электронды мекен-жайы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.