Қызмет көрсету класын Nomad Club марапатымен онлайн жоғарылату ережелері мен шарттары


Қызмет көрсету класын Nomad Club марапатымен онлайн жоғарылату алдында осы ережелер мен шарттармен танысуыңызды өтінеміз.

1. Жалпы шарттар

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушыларға алдын ала хабарлаусыз қызмет көрсету класын Nomad Club марапатымен онлайн жоғарылату қызметінің ережелері мен шарттарын өзгерту құқығын сақтап қалады. Ережелер мен шарттарға енгізілген кез келген өзгертулер «Эйр Астана» әуекомпаниясының сайтында жарияланған кезден бастап күшіне енген болып саналады.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы www.airastana.com сайты билеттерді тәулік бойы қызмет көрсету класын Nomad Club марапатымен онлайн жоғарылату қызметін ұсынады. Қызмет көрсету класын жоғарылату бір транзакцияда бір билеттегі бір ғана сегментті өзгерту мүмкіндігін береді. Сәбилермен сапар шегетін жолаушыларға онлайн қызмет көрсету класын жоғарылату қолжетімді емес.  Балалардың жастары бойынша шегерімдер: Бала – ішкі рейстерде жасы 2 мен 14 (қоса есептегенде) аралығында, халықаралық рейстерде – жасы 2 мен 11 (қоса есептегенде) аралығында, сәбилер – жасы 0-2 жас аралығында деп белгіленген. Сәби жасы саяхат бойы 2 жастан аспауы тиіс. Балалар ересек адамдар қарауында ғана саяхаттау тиіс. Балалар мен сәбилерді брондау жасалып аяқталғаннан кейін билетке қосуға болмайды. Толығырақ мәлімет алу үшін Балалар, сәбилер және жетелеушісі жоқ балаларға қатысты әуекомпания саясаты бөлімін қараңыз.

2. Марапаттың болу мүмкіндігі

Қызмет көрсету класын марапат есебінен жоғарылату мүмкіндігі бар билеттер келесідей брондау кластарын қамтиды: Y, B, H, K, L, T, Q, S, V, E, P, M. Көрсетілген брондау кластарынан өзгелерінде марапат арқылы қызмет көрсету класын жоғарылату мүмкін емес.  Қызмет көрсету класын жоғарылату өтінішін жасамас бұрын мүшенің міндетті түрде расталған және билет жазылған броны болуы тиіс. Онлайн қызмет көрсету класын ұпай есебінен жоғарылату Лондон-Астана және Париж-Астана бағыты бойынша мүмкін емес.  Осы бағыттардағы  қызмет көрсету класын марапат есебінен жоғарылату үшін nomadclub@airastana.com хабарласыңыз. Жатын Эконом Клас Астана мен Лондон, Франкфурт, Париж бағыттары арасында мүмкін. Nomad Club марапаттарына мезгілдік шектеулі күндер жоқ.  Алайда, әуекомпания ұшу марапаты орындарын кез келген ұшу бағыты және қызмет көрсету кластары бойынша шектеуге құқылы. Сондықтан, сатылымда орындардың бар болғанымен, Nomad Club марапат орындарының болмауы ықтимал. Сұранысы  жоғары бағыттар бойынша ұшу марапатына тапсырысты алдын ала жасаған жөн. Эйр Астана кез-келген сәтте марапат ұшуларына қажет ұпайлар санын өзгертуіне, марапатты болдырмауына  немесе марапат ұшуларына мүмкіндік жоқ мезгілде шектеу қоюына болады.

 

2.1.Балалар мен сәбилер

Егер марапат балаға (2 жастан асқан) тағайындалса, қажет етілген ұпай саны ересек адамға сай талап етіледі. Егер бала 2 жастан кем болса, онда марапатқа ие болған жолаушымен бірге тегін сапар шегеді. Кәмелетке толған марапаты бар бір жолаушымен екі жасқа толмаған бір ғана бала тегін сапар шеге алады.

2.2. Марапатты өзге тұлғаға тапсыру мүмкіндігі

Nomad Club марапат билетін өзге тұлғаға жазып беру үшін, бағдарлама мүшесі өзінің бағдарлама қатысушы ақпаратын және таңдаған жолаушының жеке ақпаратын онлайн брондау кезінде қажетті бағандарға еңгізуі қажет. Марапатты басқа тұлғаға тапсырған мезетте, ұпайлар онлайн брондау жүйесіне кірген бағдарлама мүшесі – сыйлаушының шотынан автоматты түрде жаратылады.

2.3. Ұшып шығу күні ашық/Күту тізімі/Расталмаған билет

Ұшу марапаты тек расталған болуы қажет. Ұшу марапаты «ұшып шығу күні ашық», күту тізімі немесе расталмаған әуебилет мәртебесі бойынша жазылып берілмейді. 

2.4. Аялдама

Марапат ұшуларының аялдама ережелері  бастапқы билет ережелеріне сәйкес жүреді. 

 

2.5. Жер учаскесін қамтитын әуебилет

Егер екі қала бір ұшу зоналарында орналасқан болса, жер учаскесін қамтитын әуебилетін алуға рұқсат етіледі (жолаушы бір қаладан ұшып шығып, қайтар жолын басқа қаладан жасауы мүмкін).

2.6. Ұшу марапатының мерзімі

Ұшу марапаты әуебилеті, жазылып берген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Ұшу марапаты әуебилетінің мерзімі ұзартылмайды және мерзімі өткен күннен кейін ол үшін ұпайлар орнына келтірілмейді.

2.7. Ұшу күнін өзгерту

Қызмет көрсету класы жоғарылатылған марапат билетінің ұшу уақытын ақысыз түрде бір рет қана өзгертуге болады және белгіленген кластарда бос орындар болған жағдайда ғана. Барлық келесі өзгертулер жүлделі билеттің қайтарылуын және қатысушының жеке шотынан 3 000 ұпайдың алынуын немесе 5000 теңге айыппұл төлеуін талап етеді. Билетті өзгерту үшін, бағдарлама қатысушысы Nomad Club қолдау орталығына хабарласуы керек. 

3. Пайдаланбаған қызмет көрсету класы жоғарылатылған марапат билетін қайтару

Толығымен қолданылмаған қызмет көрсету класы жоғарылатылған марапат билеті 5 000 ұпай айыппұлымен қайтарылады. Ол үшін бағдарлама қатысушысы Nomad Club қолдау орталығына толығымен қолданылмаған, жарамды  билетін қайтару жөніндегі өтінішін жіберуі керек . Пайдаланылмаған билетке жұмсалған ұпайларды орнына келтіруге жеті (7) күнге дейін уақыт қажет етіледі. Ұпайлар бағдарлама қатысушысының шотына кері қайтарылғанға дейін, эконом кластағы коммерциялық билетке төленген қаражатты қайтарып алуына болады. Ол үшін call.centre@airastana.com хабарласыңыз. Қызмет көрсету класы жоғарылатылған марапат билетінің қызмет көрсету класын төмендетуіне рұқсат етілмейді.

4. Рейске келмеу

Егер бағдарлама мүшесі марапат билетін алған соң рейске келмесе, билеттегі ұшу күнін 3 000 ұпай немесе 5 000 теңге айыппұл төлеу арқылы өзгерте алады. Егер бағдарлама мүшесі, марапат билетті жартылай пайдаланса, яғни бір бағыт бойынша ұшып, қайтар бағытпен пайдаланбаса, ондай марапат билетінің ұшу күні өзгертілмейді.

5. Жоғалған/Ұрланған марапаттар

Жоғалған/ұрланған марапаттар үшін әуекомпанияның жоғалған/ұрланған әуебилеттері бойынша жазылған стандарт процедуралары іске қосылады. Қосымша ақпаратты кез келген «Эйр Астана» брондау және сату офисінен немесе Nomad Club қолдау орталығынан алуға болады.

6. Пароль

Пароль шот балансын және мүшенің жеке ақпаратын Интернет арқылы тексеру үшін қажет. Мұндай пароль, мүшенің бағдарламаға веб-сайт арқылы тіркелген уақытта немесе өз мүшелік нөмірін пайдаланып, бірінші рет жеке профайлына кірген кезде беріледі.

Бағдарлама мүшесі өзінің жеке паролінің сақталуына және оны басқа адамдардың пайдалануын болдырмауға жауапты.

Бағдарлама мүшесі, жасалған немесе жасалмағандығы туралы мәлім болса да, болмаса да, жеке есеп-шот бойынша транзакциялар әрекетіне жауапты. «Эйр Астана» дұрыс парольді пайдалану арқылы жүзеге асқан барлық әрекеттерді жасаған шынайы адамды анықтауды міндеттенбейді.

«Эйр Астана» парольді дұрыс пайдаланбау нәтижесінен туған кез келген зиян немесе жоғалтулар үшін жауап бермейді.

7. Nomad Club марапаттары

Nomad Club марапатын сатуға, ауыстыруға, сатып алуға немесе ақшаға айырбастауға болмайды. Егер жоғарыда айтылған себептер дәлелденген болса, «Эйр Астана» жолаушыны тасымалдаудан бас тартады, әуебилетін тәркілейді, және осы марапат үшін алынған мүшенің ұпай шотын жабады. Жабылған шоттағы барлық жарамды ұпайлар жарамсызданады.

8. Төлқұжат мәліметтері

Рейске тіркелу уақытында, брондау кезінде көрсетілген құжат (төлқұжат немесе жеке куәлік) талап етіледі. Халықаралық рейстер үшін халықаралық төлқұжат (cіз 3 қадам Жолаушылар туралы мәлімет бөлімінде көрсеткен) болуы керек. Қазақстан бойынша немесе Ресейге/Ресейден ұшқанда Қазақстан азаматтары онлайн брондау кезінде жеке куәліктерінің мәліметтерін көрсетулеріне болады; жолаушы Ресей азаматы болып, Қазақстаннан/Қазақстанға сапар шеккенде ішкі төлқұжат мәліметтерін көрсетуге рұқсат етіледі.

Ресей Федерациясының азаматтарына төлқұжаттарында аттары латын әріптерімен жазылмаған болса, брондау кезінде, аттарын латын әріптерімен жазуға рұқсат етіледі. Жолаушыны сәйкестендіру кезінде төлқұжат нөмірі негізге алынады. Егер төлқұжат нөмірінде кириллица әріптері болған жағдайда, тек сандарды жазып алғаныңыз жөн; толтыру орнында тек сандар жазылуы тиіс.

9. Тұтынушыларды онлайн қолдау қызметі

Кері байланыстың ең тиімді жолы болып электрондық поштаға жіберілетін хаттар табылады. Элетрондық поштаға жіберілген тапсырыстар бірінші кезекте қарастырылады. Дегенмен, «Эйр Астана» әуекомпаниясы электрондық пошта жүйелерінің дұрыс емес қызмет көрсету жағдайларына, сонымен қатар, вирустар мен спамдарға қарсы сүзгілер мен жүйелер бөгеттеген электрондық хаттар және т.б., «Эйр Астана» әуекомпаниясы бақылау жүргізбейтін жағдайларға, жауапты емес. Жауап немесе хатты алу туралы растау алмаған жағдайда, біздің Брондау және ақпарат орталығымызға +7 (727) 244 44 77 телефон нөмірі бойынша хабарласқаныңыз жөн, немесе жіберген хатыңыздың көшірмесін call.centre@airastana.com электрондық поштамызға жолдаңыз.

10. Nomad Club қатысушыларды қолдау орталығы

Бағдарлама жөнінде толық ақпарат алу үшін nomadclub@airastana.com электрондық поштасына хат жазып немесе +7 727 244 55 30 телефоны бойынша Nomad Club қолдау орталығына телефон соғыңыз. Nomad Club қолдау орталығы, демалыс күндері мен ресми мерекелерден басқа, барлық күндері, дүйсенбіден жұмаға дейін, Астана уақыты, сағат 08.00-17.00 уақыт аралығында қызмет көретеді. 

11. Ережелермен шарттардың қолданылуы

4 қадамда осы Ережелер мен шарттарды қабылдауыңыз туралы белгіні қою арқылы Клиент Nomad Club марапат билеттерін онлайн брондау қызметінің ережелері мен шарттарымен, Nomad Club ережелері мен шарттарымен, Тариф шарттарымен, Жолаушылар мен жолжукті әуемен тасымалдау ережелерімен, Тасымалдау келісімінің жалпы шарттарымен өзінің танысқандығын және оларды қабылдайтындығын растайды және де оларды болашақта таласқа түсірмеуге келісімін береді.