Nomad Club «Гауһар» дәрежесі

Nomad Club  бағдарламасындағы ең жоғарғы қатысу дәрежесі Nomad Club  Гауһар дәрежесін қуана таныстырамыз. 

 

Гауhар дәрежесінің артықшылықтары

  • Әрдайым расталған эконом-класс орны

Біз ең жиі ұшатын жолаушыларымыздың уақытын жоғары бағалаймыз, сол себептен «Эйр Астананың» кез-келген рейсінде «гауһар» дәрежелі қатысушыларымызға арналған орын әрқашан сақтаулы.  Бұл артықшылықты пайдалану үшін Сіздің броныңыз ұшу уақытынан 72 сағат бұрын жасалуы тиіс, броныңызға мүшелік нөмерін енгізуді ұмытпаңыз. Осы артықшылық  Сіздің сапарыңызды тиімді жоспарлап, жанұяңызбен көбірек уақыт өткізуіне көмегін тигізеді деп үміттенеміз. 
  • Қызмет көрсету класын жыл сайын екі тегін жоғарылату

«Гауһар» дәрежеңіздің мерзімі ішінде Сіз қызмет класын бизнес класқа немесе жатын эконом-класына жоғарылатуды 4 рет пайдалана аласыз.

Қызмет класын жоғарылатуды пайдалану үшін ұшу уақытынан 42 сағат бұрын бізбен nomadclub@airastana.com электронді адресі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

  • Nomad Club элит дәрежесін сыйға беру мүмкіндігі

Тек «гауһар» дәрежелі қатысушыларымызға ғана берілген «алтын» немесе «күміс» элит дәрежелерін сыйға тарту мүмкіндігі жақындарыңызды таңқалдырып, қуантатын бірден–бір қызмет.

Бонустық ұпайларыңызды пайдаланып  «күміс» дәрежесін 50 мың, ал «алтын» дәрежесін 75 мың ұпайға айырбастап, бағдарламаға қатысатын достарыңыз бен жақындарыңызға тамаша сый тартыңыз.

Сыйға тартылыған «күміс» және «алтын» дәрежелерінің жарамдылық мерзімі дәреже берілген күннен жыл аяғына дейін созылады. Бұл мүмкіншілікті қолдану үшін nomadclub@airastana.com электронді адресі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

  • Әр рейс үшін екі есе көбірек бонустық ұпайлар

Сіздің «гауһар» дәрежеңіздің тағы бір ерекше артықшылығы «Эйр Астана» әуекомпаниясының кез-келген рейсіндегі ұшуларыңыз үшін екі есе көп бонустық ұпайлар жинау. 

  • Бизнес-класс күту залдары

«Эйр Астананың» ішкі және халықаралық рейстері алдында Сізді әуежайдағы бизнес-класс күту залдарында қарсы алуға қуаныштымыз. 

Бұған қоса, қызмет көрсету класына қарамастан қалауыңыз бойынша  Сізбен бірге «Эйр Астана» рейсінде сапар шегетін бір жолаушыны бизнес класс күту залына шақыру құқығыңыз бар. 

  • Тегін жүк алып жүру нормасының ұлғайтылуы

Тек Сіздерге ғана барлық ішкі және халықаралық ұшуларда  арнайы рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша 25 кг тегін жолжүгін өткізу мумкіндігін ұсынамыз. 

Сонымен қатар, Сіздің жолжүгіңіз басымды деп танылып,  ең қысқа уақыт ішінде Сізге жеткізілетін болады.

  • Жылына 100 000 бонустық ұпайлар сатып алу

«Гауһар» дәрежелі қатысушымыз ретінде, Сіз бір күнтізбелік жыл ішінде 100 000 Nomad Club бонус ұпайларын сатып алу мүмкіндігіне иесіз.

  • Күту тізіміндегі басымдық

«Гауһар» дәрежелі қатысушыларымыздың броны басқа жолаушыларымызға қарағанда басымды, сондықтан Сізге күту тізімінде ең алғаш болып орын беріледі.  Бұл опцияны пайдалану үшін қатысушы нөмірін әуебилетті  брондау мезетінде енгізіңіз. 

  • Бонустық  ұпайларды аудару мүмкіндігі

Сіз өз шотыңыздан қалауыңыз бойынша бағдарлама қатысушысы болып табылатын достарыңыз бен жақындарыңыздың шотына шектеусіз мөлшерде бонустық ұпайларды аудара аласыз. 

  • Бизнес-класс орнында тіркелу

Эконом-класс бойынша сапар шексеңіз де, бизнес-класс  тіркеу орнында Сіздерді қарсы алуға қуаныштымыз.  Бұл қызметті пайдалану үшін тіркеу кезінде жерде қызмет көрсету агенттеріне «гауһар» картаңызды көрсетсеңіз жеткілікті.

  • Тегін Wi-Fi

Тегін интернет қосылымы «Гауһар» дәрежелі қатысушыларымызға арналған артықшылықтардың бірі ғана. Сіз тегін Wi-Fi-ға «Гаухар» дәрежелі қатысушы нөмеріңізбен орныңызды енгізу арқылы оңай қосыла аласыз. Тегін Wi-Fi 50 МБ пакетін пайдаланып, аспанда байланыста болыңыз.

  • Тегін MySeat қызметі

Сіздің «Гауһар» дәрежеңіздің тағы бір ерекше артықшылығы «Эйр Астана» әуекомпаниясының барлық бағыттарында және кез-келген бортында өз орныңызды тегін таңдау. Енді аяқтарыңызды созып немесе шығар есікке жақын ыңғайлы орында отыруға мүмкіндігіңіз бар. Ыңғайлы орынды таңдап, жайлылықпен саяхаттаңыз.

  • «Гауһар» дәрежесін жаңарту

«Гауһар» дәрежеңіз екі жылға жарамды. Дәрежеңізді ары қарай созу үшін «гауһар» дәрежедегі бірінші немесе екінші жылыңыз-дың ішінде 100 мың ұшу ұпайын  немесе 125 ұшу сегментін жинауыңыз қажет.

Nomad Club «гауһар» картасы бірегей дизайнмен, таза гауһар тас, алтыны бар асыл металдар қоспасын пайдалану арқылы жасалған.